О погашении товарного кредита в республиканский бюджет за оборудование по производству детского питания Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы үшiн республикалық бюджетке тауар кредитiн өтеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXV сессиясының 08.07.2011 № 456 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғыларды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1190 Қаулысына, Алматы қаласы Әкiмiнiң "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыты" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын құру туралы" 2000 жылғы 16 қарашадағы № 1071 шешiмiне сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкiмiне 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) көлемiнде тауар кредитi нысанында (балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғы) Республикалық бюджеттен қаражат тартуға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. 2004-2010 жылдардағы Алматы қаласының бюджетiнде 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) сомасындағы займды қайтару және оған қызмет көрсету бойынша мiндеттеменi өтеу кестесiне, Алматы қаласының Әкiмi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi арасындағы қаражат тарту туралы кредиттiк келiсiмде қарастырылған шарттарға және тәртiптерге сәйкес қаражат қарастырсын, қоса беріліп отыр.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының Әкiмi қондырғыны және "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөніндегі зауыты" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы тауар кредитті үшін толық есеп айырысқанға дейін коммуналдық меншікте сақтау бойынша қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
Басқа 5
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VIII-шi сессиясының 2001 жылы 19 қаңтардағы қосымша Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы үшiн республикалық бюджетке 18640250 АҚШ доллары көлемiндегi тауар кредитiн өтеу кестесi жылдары Млн. АҚШ доллары көлемiндегi кредиттi өтеудiң жылдық сомасы өтеу көздері 2001- 2003 Пайдалануға беру, жобалық қуаттылыққа шығу "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыт", коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны 2004 1,6 2005 2,0 2006 2,7 2007 3,0 2008 3,0 2009 3,0 2010 3,340250 Жиыны: 18,640250