О снятии ограничительных мероприятий или ветеринарного режима карантинной зоны в Теректинского сельском округе Қолданыста
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын немесе
карантин аймағының ветеринарлық режимін Теректі ауылдық округінде тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2011 жылы 07 қыркүйектегі № 810 Теректі ауылдық округіне сарып ауруына қойылған шектеуді тоқтату туралы ұсынысының негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауылдық округі тұрғындарының меншігіндегі ұсақ мүйізді малдары арасынан, бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Теректі ауылдық округі әкімінің 2011 жылдың 15 тамызда № 11 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теректі ауылдық округі әкімшілігінің мал дәрігері Абдихалик Рахимжанович Жакебаевқа жүктелсін.