Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии Чернорецкого сельского округа Павлодарского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Чернорецкауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 39 кезекті сессиясының) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 39/282 шешімімен бекітілген Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Чернорецк ауылдық округі) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Чернорецк ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Чернорецк ауылдық округінің әкімі шақырады. Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Чернорецк ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Чернорецк ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Чернорецк ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Чернорецк ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чернорецк ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чернорецк ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.