Облыстағы заңгерлік қызмет пен құқықтық оқудың жайы туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстағы заңгерлік қызмет пен құқықтық оқудың жайы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 «Қазақстан Республикасындағы жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы», Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 маусымдағы № 591 «Қазақстан Республикасындағы жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың шаралары туралы» қаулыларын және облыс әкімінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 802 «Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқуды жетілдіру жайлы» шешімін орындауда атқарылған бірқатар жұмыстарға қарамастан облыстағы жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жұмысы өз дәрежесінде емес. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері өздерінің 1998 жылғы қазан айындағы шешімдерін қабылдаумен және әдістемелік кеңестерін құрумен шектелу қалғаны былай тұрсын, ол шешімдер бақылаудың жоқтығынан орындалмаған. Әдістемелік кеңестер тарапынан жұмыс жүргізілмеген. Аудандар мен Қызылорда қаласындағы мекемелерде, ауылдық, поселкелік округтерде, ауданға бағынысты қалаларда тұрақты құқықтық мектеп құрылмаған. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру мәселесі, Қазалы ауданынан басқаларда алқа мәжілісінде қаралмаған. Құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі Республика Президенті мен Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімін орындауды қамтамасыз етпеген мекеме басшыларының, ауыл, поселке әкімдерінің жауапкершілігі қаралмаған.
Аудандарда, Қызылорда қаласында тұрғындарға құқықтық білім берудің жүргізілмеуінен олардың құқықтық сауаттылығы өте төмен. Облыста құқықтық оқуды ұйымдастыруға жауапты әділет басқармасының атқарып отырған жұмысы талапқа сай емес. Әдістемелік кеңес тек қағаз жүзінде ғана бар.
Облыстағы заңгерлік қызметтің жайы ешбір сын көтермейді. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында бар болғаны 2-3 заңгерден болса, Қызылорда қаласындағы мекемелердің 74,2 пайызында заңгер қызметкерлері жоқ. Заңгерлердің заңды білу біліктілігі төмен. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері аппараттарының заңгерлері көбіне өз міндеттерімен айналыспай, басқа жұмысқа пайдаланылады және олардың біліктілігін көтеруге жеткілікті мән берілмейді. Осы жөне басқа да кемшіліктердің нөтижесінде аудан, қала, поселке, ауыл әкімдерінің қабылдаған шешімдері мен әкімдерінің арасында заң талаптарына қайшы келетіндері көптеп кездеседі. Өткен жылмен биылғы жылдың 1-тоқсанында жергілікті әкімдердің 134 шешімдері мен әкімдеріне прокурорлық наразылық келтірілген. Заңсыз шешімдер мен әкімдер шығару Қызылорда қаласының (54), Шиелі ауданының (38) әкімдері тарапынан орын алуда. Шешімдері мен әкімдеріне прокурорлық наразылық келтірілмеген бірде - бір аудан әкімі жоқ. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің шығарған шешімдері мен әкімдері мерзімді уақытта әділет басқармасында тіркеуден өткізілмейді.
Облыстағы заңгерлік қызмет пен құқықтық оқуды жақсарту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда Заң жұмысының сапасын арттыру» жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық әділет басқармасы басшылығының, облыстық әдістемелік кеңестің облыстағы заңгерлік қызметгі жақсарту мен жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға байланысты Республика Президенті мен Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімін орындаудағы атқарған жұмыстары қанағаттанғысыз деп танылсып және оларға жағдайды тез арада түземесе тәртіптік шара көрілетіндігі ескертілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
- белгіленген тәртіппен заң қызметтеріндегі бос қызметтерді білікті мамандармен толықтыруды қамтамасыз етсін және мемлекеттік органдардағы заң қызметкерлерін, осы жылдың тамыз айының 1-не дейін аттестациялаудан өткізсін;
- осы жылдың шілде айында ауыл, поселке, ауданға бағынысты қала әкімдерінің қабылдаған шешімдері мен әкімдерінің заңдылығына тексеру жүргізсін және қорытындысын алқа мәжілісінде қарап, заңсыз шешімдер мен әкімдер қабылдаған әкімдердің жауапкершілігін қарасын:
- өздерінің 1998 жылғы қазандағы құқықтық оқуды ұйымдастыру жайлы қабылдаған шешімдерінің орындалуын тексерсін, әдістемелік кеңес жұмысын алқа мәжілісінде қарап, олардың жетекшілерінің жауапкершілігін қарасын:
- заңгер - кеңесшілерді өз міндеітерінен басқа жұмыстарға пайдалануға тиым салсын, олардың жұмысына тікелей өздері басшылық жасасын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысымен бекітілген «Заң қызметі туралы» ережесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің аппарат басшысы (Ғ.Жарқынбаев) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жүмысының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сай, облыстық қаржы басқармасымен (Қ.Әжібеков) бірлесіп, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімінде заң қызметтерінің тобын құрудың мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық әділет басқармасы (Б.Қалымбетов):
- облыс әкімі аппараты мемлекеттік - құқықтық бөлімімен бірлесіп тоқсан сайын заңгерлердің заңмен құқық саласындағы кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында тұрақты семинар - кеңесін өткізіп тұрсын;
- заңдарды насихаттау, заңдарға еніп жатқан өзгерістер мен толықтыруларға түсінік беру мақсатында облыстың кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары мен оқу орындарында, елді мекендерде «Құқықтық білім күнін» өткізіп тұруды ұйымдастырсын;
- заңнаманың жекелеген салалары бойынша тақырыптық лекциялар циклын әзірлесін, олардың тиісті облыстық департаменттерде, мекемелерде, ұйымдарда, ведомстволарда, аудандарда, қалаларда оқылуын қамтамасыз етсін;
- облыстық департамент, комитет, мекеме, ұйымдар мен ведомство басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданылып жүрген заңнама нормаларын білуін тексеру мақсатында жүйелі (жылына кем дегенде 1 рет) компьютерлік тестілеуді ұйымдастырсын және олардың нәтижесін тиісті мемлекеттік орган басшыларына хабарлап тұрсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімі (Ә.Бәкіров) тоқсан сайын аудан, қала әкімдерінің қабылдаған шешімдері мен әкімдерінің заңдылығына тексеру жүргізіп, нәтижесін нақты ұсыныстарымен облыс әкіміне баяндап тұрсын.
Тармақ 6
6. Облыстық әдістемелік кеңесі (Б.Қуандықов, Б.Қалымбетов):
- жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы облыстық департамент, мекеме, комитет. ұйым, ведомство басшыларының, аудан, қала әкімдерінің есептерін кеңес мәжілісінде қарап отырсын;
- үстіміздегі жылдың 28 - 29 шілдесінде облыстық тұрақты құқықтық мектеп тыңдаушыларының, өтілген материалдар негізінде Республика Заңдарын білуін анықтау мақсатында компьютерлік тестік сынақтан өткізуді ұйымдастырсын және нәтижесімен облыс әкімін хабардар етсін;
- жалпыға бірдей құқықтық оқудың 2000-2001 (қазан - маусым айлары аралығы) оқу жылына арналған оку бағдарламасын жоспарын сабақ өткізудің кестесін осы жылдың 10 кыркүйегіне дейін жасайтын болсын және облыс әкімі жанындағы тұрақты құқықтық мектептің бірінші сабағын қазан айының соңғы күндерінде өткізсін. Тұрақты құқықтық мектептің тыңдаушыларының тізімі 1 қыркүйекке дейін облыс әкімінің бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыстық әдістемелік кеңесі (Б.Қуандықов), облыстық әділет басқармасы (Б.Қалымбетов) осы шешімді орындауға байланысты атқарылған жұмыстар жайлы жылына екі рет (15 шілде, 15 қаңтар) облыс әкімін хабардар етіп тұрсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандыковқа жүктелсін.