Об установлении зоны санитарной охраны хозяйственно–питьевого водозабора на третьем участке Костанайского месторождения подземных вод в Костанайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысына қосымша Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу-ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы Ұңғымалар: № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 31, № 32, № 33, № 34, № 35, № 36 Ұзындығы – 6100 метр Ені – 110-1000 метр 176 гектар Ұзындығы – 8125 метр Ені – 3375 метр 2816 гектар Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы «Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.