Об установлении зоны санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора поверхностных вод на пруду в русле реки Кундузды для железнодорожной станции Койбагор в Карасуском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы
үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының
шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 437 қаулысына
қосымша
Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы
үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының
шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
Орташа көп жылдық судың сабалық кемері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
Құндызды өзеніндегі тоған
Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 100 метр.
Ені бойынша қашықтығы – оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 100 метр
16,147 гектар
Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 14400 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның саласынан оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 500 метр
2950 гектар
Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 16900 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен– 3000 метр
6565 гектар
205,6 метр
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасындағы жер үсті суларының (Құндызды өзеніндегі тоған) шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Теміржолсу - Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).