Об утверждении перечня концессионных проектов особой значимости Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы № 1060 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері
Басқа 4. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы № 1060 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі Атауы 1 2 1. Жақсартылуы мен пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері 2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер 1. «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)» автокөлік жолын салу және оны пайдалануға беру 2. Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және оны пайдалануға беру 3. Алматы қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру 4. Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру