Об утверждении Правил передачи результатов работ оборонного значения, которые могут быть использованы в конверсионной сфере Қолданыста
Басқа 0
Конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 370қ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру Ережесі бекітілсін және олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Бұйрық Қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департаменттері, бас басқармалары, басқармалары бастықтарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне жеткізілсін.
ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары
Басқа 0. Конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2001 жылғы 5 ақпан
N 323 және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының
2000 ж. 14 желтоқсандағы
2000 ж. 15 желтоқсандағы
N 11 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Энергетика және минералдық
ресурстар бірінші вице-министрі
2001 жылғы " " ақпан
Конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 370қ Жарлығымен бекітілген 2000-2003 жылдарға арналған Мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, әскери құралымдардың және өзге де ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйымдар) конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстарының нәтижелерін тапсыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кез келген есеп беру, ғылыми-техникалық және басқа да құжаттар, кез келген басқа да мәліметтер көзі, соның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ ҒЗТКЖ нәтижесінде алынған қару-жарақ, әскери техника, бұйым үлгілері, соның ішінде және құпиялық қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелері деп түсініледі.
Тарау 2. 2. Конверсия саласында қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыруға дайындық тәртібі
2. Конверсия саласында қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыруға дайындық тәртібі
Тармақ 3
3. Конверсия саласында қолдану үшін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру туралы шешімді осы жұмыстардың мемлекеттік тапсырушысы немесе оның құқықтық мирасқоры қабылдайды.
Тармақ 4
4. Егер қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болса, оларды тапсыру туралы шешім, басшысы осы мәліметтерге өкім жүргізуге өкілеттік берілген мемлекеттік органмен келісіледі. Қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін конверсиялық салаға тапсырудан бұрын, қажет жағдайда, оларды құпиясыздандыру мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестілігі туралы мәселе шешіледі. Қорғаныс маңызы бар құпия жұмыстардың нәтижелерін құпиясыздандыру тәртібі мен негіздері "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 наурыздағы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықпен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Егер қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін құпиясыздандырудың ерте немесе мақсатқа сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалса, олар Қазақстан Республикасында құпиялылық режимді қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықпен белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын немесе ашық жариялануына тыйым салынған мәліметтердің жариялануының, сондай-ақ өнер табысы немесе жаңалық болып табылуы мүмкін жұмыстардың уақытынан бұрын ашық жариялануының алдын алу мақсатында жұмыс нәтижелерін конверсиялық салаға тапсыру мүмкіндігі туралы осы жұмыстарға мемлекеттік тапсырыс берушінің (оның құқықтық мирасқорының) сараптау қорытындысы болуы қорғаныс маңызы бар жұмыс нәтижелерін конверсиялық салаға тапсыру үшін міндетті шарт болып табылады. Қорғаныс маңызы бар жұмыстарға мемлекеттік тапсырыс берушінің шешімі бойынша сараптама қорытындысы қосымша сараптама жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне жіберілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Қорғаныс маңызы бар жұмыс нәтижелерін қарау және оларды конверсиялық салаға тапсыру мүмкіндігі туралы қорытынды беру үшін ұйымдарда, олардың басшыларының бұйрықтарымен сараптама комиссиялары құрылады. Ұйым басшысының шешімі бойынша қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру туралы материалдарды қарау функциялары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Сараптама комиссиясының құрамына қаруландыру, әскери техника және әскери мүлік жөніндегі білікті мамандар, сондай-ақ тиісті ғылыми салалардағы мамандар кіргізіледі. Сараптама комиссиясы қарайтын материалдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болған жағдайда оның құрамына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерінің өкілдері кіргізілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Конверсиялық салаға тапсыру үшін тағайындалған қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелері туралы материалдарда ғылым мен техниканың барлық салаларында жаңалық немесе өнер табысы болып табылуы мүмкін, бірақ белгіленген тәртіп бойынша өнер табысына немесе жаңалыққа сұраным ретінде ресімделмеген ғылыми-техникалық шешімдер хатталмауы қажет.
Тармақ 10
10. Сараптама комиссиясының мәжілісі хаттамамен ресімделеді, онда материалдарды талдау процесі мен нәтижелері көрініс табады (сараптама комиссиясы мүшелерінің сұрақтары, ескертпелері, қарсылықтары және ұсыныстары көрсетіледі). Теріс шешім қабылданған жағдайда хаттамада конверсиялық салаға материалдың қандай бөлімдері немесе тараулары тапсырылуға жатпайтыны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Сараптама комиссиясының қорытындысы акт (қосымша) бойынша ресімделеді. Сараптау актісінде мыналар көрсетілуі тиіс:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар мәліметтердің болуы;
Тармақша 2
2) қаралатын материалдарда өнер табысы немесе жаңалық болып табылатын ғылыми-техникалық жетістіктер туралы мәліметтердің болуы, өнер табысы мен жаңалық мәнінің айқындалуы;
Тармақша 3
3) қаралатын материалдардағы барлық өткізілетін өнер табысы немесе жаңалық болып саналуы мүмкін шешімдердің авторлық куәліктермен қорғалғандығы немесе өтінімдермен ресімделгені;
Тармақша 4
4) өтінім жасалған немесе тіркелген өнер табыстарын немесе жаңалықтарды ашық жариялауға тиісті мемлекеттік органның тиым салмағандығы;
Тармақша 5
5) қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін конверсиялық салаға тапсыру туралы қорытынды.
Тармақ 12
12. Сараптау актісінің бір данасы, сараптама комиссиясы мәжілісінің хаттамасы және сараптама комиссиясының қорытындысы берілген материалдардың көшірмелері материалдарды дайындаған ұйымда сақтау мерзімі көрсетілген құжаттардың үлгілік немесе ведомстволық тізбелермен белгіленген мерзім бойы сақталуы тиіс.
Тарау 3. 3. Конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру тәртібі
3. Конверсиялық салада қолданылуы мүмкін қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін тапсыру тәртібі
Тармақ 13
13. Қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін конверсиялық салаға тапсыруға мүдделі ұйымдар осы жұмыстарға мемлекеттік тапсырыс берушіге немесе оның құқықтық мирасқорына мыналар баяндалып дәлелденген ұсыныс жолдайды:
Тармақша 1
1) тапсыру мақсаты;
Тармақша 2
2) тапсырылуы жоспарланып отырған құпия мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі;
Тармақша 3
3) мәліметтерді тапсыру қажеттілігі мен мақсатқа сәйкестігін негіздеу, осындай тапсырудың Қазақстан Республикасының мүдделерін қамтамасыз ету үшін салдарларын бағалау;
Тармақша 4
4) қорғаныс маңызы бар жұмыстардың нәтижелерін қолданудың болжамды экономикалық ұтымдылығы.
Тармақ 14
14. Қорғаныс жұмыстарына тапсырыс берушінің (оның құқықтық мирасқорының) жұмыстар нәтижелерін тапсыру мүмкіндігі туралы сараптау қорытындысы, сондай-ақ, қажеттілігіне қарай, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өз қарауынша пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органмен келісілгендігін растайтын құжаттар қоса берілген шешімі негізінде, қорғаныс маңызы бар жұмыстар нәтижелерінің конверсиялық салаға нақты тапсырылуы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуына, сондай-ақ тапсырылатын материалдардағы таратылуы шектелген мәліметтердің жарияланбауына жауапкершілік қабылдаушы ұйымның басшысына жүктеледі.
Бас штаб бастығының
Мемлекеттік құпияларды
қорғау жөніндегі орынбасары
- басқарма бастығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің мемлекеттік
құпиялардытехникалық қорғау жәнеқұқықтық қамтамасыз
ету полковник басқармасының бастығы
Қосымша
"Бекітемін"
_______________________
(ұйым басшысы)
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, тапсыру мақсаты)
дайындаған материалдардың сараптау
АКТІСІ
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
200___жылғы ______________________________________ бұйрығымен мына
құрамда құрылған сараптама комиссиясы:
төрағасы
___________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
және мүшелері
___________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(200___ жылғы __________ отырысының N ____хаттамасы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттардың тізбесі)
___________________________________________________________________
басшылыққа ала отырып,
___________________________________________________________________
(материалдардың тізімі, олардың қысқаша мазмұны, жаңа элементтері,
практикалық және теориялық маңызы, қандай - ашық, жабық жоспармен,
жеке бастамамен, өтінім бойынша және т.б. екені көрсетілсін).
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
қарап, сараптама комиссиясы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1. Қаралған материалдарда,
___________________________________________________________________
(тапсырылуы Қазақстан Республикасының мүдделеріне зиян келтіретін
мәліметтердің барлығы немесе жоқтығы көрсетілсін)
2.
___________________________________________________________________
(өнер табысы немесе жаңалық болып табылатын, бірақ тиісті түрде
ресімделмеген мәліметтердің барлығы немесе жоқтығы көрсетілсін)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3.
___________________________________________________________________
(авторлық куәліктермен, дипломдармен, патенттермен қорғалған
өнертабыстар, жаңалықтар туралы мәліметтер болған жағдайда, авторлық
куәліктердің, дипломдардың, патенттердің нөмірлері және олардың
жариялану мүмкіндігі көрсетілсін)
анықтады.
Қорытынды:
___________________________________________________________________
(материалдарды тапсыру мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігі, оларды
тапсыру және қолдану шарттары)
Комиссия төрағасы __________________
Комиссия мүшелері __________________