Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 9 қа­зан­да­ғы № 1082 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы жоспарын (бұдан әрі – ағымдағы жоспар) және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың перспективалық жоспарларын (бұдан әрі – перспективалық жоспар) әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ағымдағы жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жасалады. Перспективалық жоспар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейінгі үш жыл мерзімге жасалады.
Тармақ 2. 2. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі
2. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Ағымдағы және перспективалық жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – жоспарлар жобалары) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталық мемлекеттік органдар ұсынған халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамасының (бұдан әрі - тұжырымдама) негізінде әзірлейді.
Тармақ 4
4. Орталық мемлекеттік органдар тиісінше ағымдағы немесе перспективалық жоспарлардың жобаларына қосу үшін келесі күнтізбелік жылы не одан кейінгі үш жылда жасасу көзделетін халықаралық шарттар бойынша тұжырымдамаларды жыл сайын 25 қыркүйектен кешіктірмей Министрлікке енгізеді.
Тармақ 5
5. Тұжырымдамалар Министрлікке қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Тармақ 6
6. Орталық мемлекеттік органдар жоспарлардың жобаларына қосу үшін тұжырымдамаларды уақтылы ұсынбаған жағдайда, Министрлік оларды қарамай кері қайтарады.
Тармақ 7
7. Жоспарлардың жобаларына қосу үшін халықаралық шарттарды жасасу бойынша ұсыныстар болмаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде Министрліктің атына аталған мерзімнен кешіктірмей ұсыныстардың жоқ екені туралы хат жібереді.
Тармақ 8
8. Министрлік ұсынылған тұжырымдамаларды 25 қазанға дейін қарап, халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.
Тармақ 9
9. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болмаған жағдайда, Министрлік бұл туралы тұжырымдаманы ұсынған орталық мемлекеттік органды хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны халықаралық шарт жасасудың ұсынылатын мерзіміне байланысты тиісті жоспар жобасына енгізеді.
Тармақ 11
11. Жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде Министрлік жоғары дәрежедегі халықаралық іс-шаралар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестелерін ескереді.
Тармақ 12
12. Жоспарлардың жобалары жыл сайын 10 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарылады.
Тармақ 13
13. Жоспарлардың жобалары Комиссия туралы ережеде көзделген тәртіппен Комиссия шешімімен мақұлданады.
Тармақ 14
14. Комиссия мақұлдаған ағымдағы және перспективалық жоспарлар 25 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге жіберіледі.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген ағымдағы және перспективалық жоспарлар (бұдан әрі – келісілген жоспарлар) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберіледі.
Тармақ 16
16. Келісілген жоспарларға өзгерістер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Комиссияның шешімі негізінде енгізіледі. Орталық мемлекеттік орган келісілген ағымдағы жоспарда көзделмеген халықаралық шартты жасасу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына бастамашылық жасағанға дейін, аталған орталық мемлекеттік орган Министрлікке келісілген ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу шұғылдығының негіздемесін және тиісті тұжырымдаманы алдын ала жібереді. Министрлік ұсынылған негіздеме мен тұжырымдаманы қарап, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді. Орталық мемлекеттік орган тиісті өтінішті Қазақстан Республикасының Президентіне жіберген кезде Министрліктің халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындысын қоса береді.
Тармақ 17
17. Орталық мемлекеттік органдардың ағымдағы және перспективалық жоспарларды орындауын жалпы бақылауды және ақпараттық қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.
Басқа 25. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2014 жылға арналған ағымдағы жоспары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­рын жа­са­су­дың ағым­да­ғы және пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­ла­рын әзір­леу қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2014 жылға арналған ағымдағы жоспары Р/с № Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­ды ұсы­на­тын ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы Жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ата­уы Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­дың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­удың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі Ес­керт­пе­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (мем­ле­ке­та­ра­лық) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (үкі­ме­та­ра­лық) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (ве­дом­ство­ара­лық)
Басқа 26. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2015 – 2017 жылдарға арналған перспективалық жоспары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­рын жа­са­су­дың ағым­да­ғы және пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­ла­рын әзір­леу қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2015 – 2017 жылдарға арналған перспективалық жоспары Р/с № Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­ды ұсы­на­тын ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы Жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ата­уы Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­дың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­удың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі Ес­керт­пе­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (мем­ле­ке­та­ра­лық) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (үкі­ме­та­ра­лық) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (ве­дом­ство­ара­лық)