О прекращении ветеринарного режима карантинной зоны или ограничительных мероприятий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін тоқтату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8- тармақшасы және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10-шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 5-қазандағы Ынталы ауылдық округіне қарасты Ынталы ауылына бруцеллез ауруына қойылған шектеуді тоқтату туралы №27 ұсынысы негізінде, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан шыққан бруцеллез аурулары ошақтарының жойылумен байланысты шектеу іс-шаралары немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Ынталы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 13-ші шілдедегі № 5 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.