Об утверждении правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б..Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шорманов Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А. Балова Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы С. Күдебаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының басшысы Ж. Қаспанов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Е. Дүрімбетов Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы А. Қасымова
Басқа 5
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 263 шешімімен бекітілді Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Алматы қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Қағида қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, сондай-ақ олардың кімге тиесілі екені анықталғанға дейін уақытша ұстау оқшаулағышына тасымалдау бойынша жұмыстарының талаптарын (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар жоюға жатады.
Тармақ 4
4. Қағида «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі
Тармақ 5
5. Аулау азаматтардың денсаулығына, олардың мүлігіне, заңды тұлғалардың мүлігіне, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістермен қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын төмендету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды Кәсіпорын қызметкерлері жүзеге асырылады. Аулау жүргізу барысында Кәсіпорынның қызметкерлеріне ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге немесе оларды басқа тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
Тармақ 7
7. Аулауға иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда) иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.
Тармақ 8
8. Кәсіпорын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, оларды ұйықтату және ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау бойынша қызметін жүзеге асыру үшін жабдықтармен және құралдармен жасақталған болуы тиіс.
Тармақ 9
9. Кәсіпорын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.
Тармақ 10
10. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
Тармақ 11
11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізіледі.
Тармақ 12
12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар туралы ақпарат Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тарау 3. 3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау оқшаулағышында ұстау қағидасы
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау оқшаулағышында ұстау қағидасы
Тармақ 13
13. Уақытша ұстау оқшаулағышында клиникалық тексеру, ауланған иттер мен мысықтарды тіркеу жүргізіледі. Арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.
Тармақ 14
14. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.
Тармақ 15
15. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды оқшаулағышқа тасымалдау
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды оқшаулағышқа тасымалдау
Тармақ 16
16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау техникалық жөнделген, Кәсіпорынның арнайы символикасы және телефон нөмірі бар металл торлармен арнайы жабдықталған автокөлікте (бұдан әрі – Арнайы автокөлік) жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 17
17. Арнайы автокөлік қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және олардың өлекселерін жинауды жүргізуге арналған барлық қажетті құралдармен және құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс.
Тармақ 18
18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау олардың мертігуін болдырмайтын немесе денсаулығына басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
Тармақ 19
19. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен ұйықтатуға жатады.
Тармақ 20
20. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымында жүзеге асырылады (биотермиялық шұңқыр).
Тармақ 21
21. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды мал қорымынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлекселері (қалдықтары) оларды жою үшін аулау бойынша ұйымға берілуі тиіс. Өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін шығару тегін жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Осы қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
6. Осы қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 22
22. Осы қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықты болады