Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Май ауданы Майтүбек ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 % мөлшерде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Май аудандық мәслихатының (V сайланған XL (кезекті) сессиясы) 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/40 шешімімен Бекітілген Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Майтүбек ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Майтүбек ауылының әкімі шақырады. Май ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Майтүбек ауылының әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Май ауданы Майтүбек ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Май ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Майтүбек ауылының әкімінің аппаратына береді.