Об установлении зоны санитарной охраны Ащи-Тастинского хозяйственно–питьевого водозабора поверхностных вод города Аркалыка Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 476 қаулысына қосымша Қостанай облысы Арқалық қаласы жер үсті суларының Ащы-Тасты шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшері Орташа көп жылдық судың сабалық кемері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Ащы-Тасты су қоймасы Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 100 метр. Ені бойынша қашықтығы – оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 100 метр 23,2 гектар Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының жалпы қашықтығы - су тартудан ағыс бойынша жоғары 247000 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр. Ені бойынша қашықтығы – Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 500 метр 22000 гектар Ұзындығы бойынша барынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 36750 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр. Ені бойынша қашықтығы – Ащы-Тасты, Ақжар өзендері мен олардың салаларының оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері сызығынан 3000 метр 62560 гектар 285,5 метр Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары «Қостанай облысының Арқалық қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті суларының Ащы-Тасты су тартуының санитарлық қорғау аймағы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).