Об установлении зон санитарной охраны Карамырзинского хозяйственно-питьевого водозабора на Северном участке Тюнтюгурского месторождения подземных вод в Карасуском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 460 қаулысына қосымша Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1 э ұңғыма Радиусі –30 метр Ұңғыманың айналасында 0,3 гектар Радиусі – 123 метр 4,7 гектар Радиусі – 870 метр 238 гектар Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары «Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - «Рамазан-Қарасу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).