Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Ереженің 14-тармағының 7) және 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка Ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы № 42 бұй­ры­ғы­на 1-қо­сым­ша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ережесіне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 3в т.е.б.
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; сотқа жүгіну; мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру; орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу; Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау; реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау; заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Мыналарға: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына; энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына; электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне; техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге; энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға: Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына; жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына; жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне; техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге; жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 16
16) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 17
17) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және жаңартады;
Тармақша 18
18) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
Тармақша 19
19) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуін біліктілік тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;
Тармақша 21
21) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
Тармақша 22
22) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
Тармақша 23
23) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдықтарының тозу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына өзгерістерді бекітеді және енгізеді;
Тармақша 26
26) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жібереді;
Тармақша 27
27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей белгіленген тәртіппен табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өзінің қорытындысын жібереді;
Тармақша 28
28) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 29
29) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 30
30) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
Тармақша 31
31) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 32
32) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, келіседі;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды әзірлейді;
Тармақша 35
35) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;
Тармақша 36
36) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 37
37) электр энергетикасы және Жылу энергетикасы салаларында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 38
38) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 39
39) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;
Тармақша 40
40) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 41
41) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 42
42) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 43
43) электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 44
44) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 45
45) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және тексерулер жүргізу кестелерін әзірлейді;
Тармақша 46
46) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 47
47) шаң тәрізді отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 48
48) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылысжайларының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 49
49) электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді;
Тармақша 50
50) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді;
Тармақша 51
51) қашықтықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын әзірлейді;
Тармақша 52
52) жылдық тексерулер тізімінің нысанын және тексерулер тізімінің нысанын әзірлейді;
Тармақша 53
53) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді;
Тармақша 54
54) жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын әзірлейді;
Тармақша 55
55) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын әзірлейді;
Тармақша 56
56) өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді;
Тармақша 57
57) технологиялық бұзушылықтардың жіктеуішін әзірлейді;
Тармақша 58
58) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 59
59) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 60
60) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 61
61) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 62
62) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
Тармақша 63
63) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 64
64) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге (оның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
Тармақша 66
66) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Операциялық жоспары мен даму жоспарына стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
Тармақша 67
67) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 68
68) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 69
69) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 70
70) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 72
72) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3. 3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Төрағанның өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 3
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін; Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарларын Министрліктің Аппарат басшысының келісуі бойынша лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды; еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) Комитет төрағасының орынбасарларын және аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін; Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды; Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 7-1
7-1) Комитет төрағасының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін; Комитеттің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды; Комитетте еңбек шартының негізінде қызметін жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 8
8) Комитеттің аумақтық органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық органының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға; еңбек шартының негізінде қызметін Комитеттің аумақтық органдарында жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді;
Тармақша 9
9) Комитеттің ведомствоға қарасты бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және олардың құрамын қалыптастырады;
Тармақша 11
11) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) бюджеттік процестің қажетті рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуында толығымен немесе бір бөлігінде тоқтатады немесе тоқтата тұрады
Тармақша 16
16) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
Тармақша 17
17) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 18
18) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 19
19) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 20
20) Комитет Төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 20-1
20-1. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитет Төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 3
3) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Комитеттің аумақтық органдарының тізбесі
Комитеттің аумақтық органдарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 164. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка Ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы № 42 бұй­ры­ғы­на 2-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
Тармақ 2
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: ______________________.
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Осы ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Департаментке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 13
Тармақ 2. 2-тарау. Департаменттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Мiндеттерi: 1) электр энергетикасын және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 2
2) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мыналарға: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына; энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына; электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне; техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге; энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
Тармақша 9
9) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 10
10) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
Тармақша 11
11) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;
Тармақша 12
12) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға: Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына; жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына; жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне; техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге; жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
Тармақша 15
15) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 16
16) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 19
19) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 20
20) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 21
21) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің басшыларын, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамды біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде тағайындауды және босатуды келіседі;
Тармақша 26
26) Комитетке табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді;
Тармақша 27
27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауды қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын Комитетке жібереді;
Тармақша 28
28) құжаттаманы басқаруды және архивтік құжаттарды ретке келтіруді жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері: 1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады; 3) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді.
Тармақ 3. 3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Департамент басшылығын Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Департамент басшысының штаттық кестеде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) өз орынбасарының өкілеттіктерін анықтайды, болуы кезінде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды; еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді, сондай-ақ еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Комитет төрағасына: Департамент қызметкерлеріне; техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға; еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 5
5) Комитет Төрағасына Департамент қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау туралы ұсынысты енгізеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 7
7) Комитет Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) ескертулер болмаған жағдайда, Департаменттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
Тармақша 9
9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-тарау. Департаменттің мүлкі
4-тарау. Департаменттің мүлкі
Тармақ 21
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5. 5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.