Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества поселка Горняцкий города Рудного Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 320 шешімімен
бекітілді
Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кенті мен Перцев ауылы (бұдан әрі – Горняцк кенті мен Перцев ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Горняцк кенті мен Перцев ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұда әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Горняцк кентінің әкімі шақырады.
Рудный қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиындарды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Горняцк кенті немесе Перцев ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Горняцк кентінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Горняцк кенті мен (немесе) Перцев ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Горняцк кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Горняцк кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Горняцк кенті мен Перцев ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Горняцк кенті әкімінің аппаратына береді.
Басқа 17. Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 320 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Тұрғындар өкілдерінің саны
1
Горняцк кенті
11
2
Перцев ауылы
4