Об определении критериев по выбору видов отчуждения республиканского имущества Күшін жойған
Басқа 0
Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар айқындалсын.
Тармақ 2
2. Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 402 бұйрығына
қосымша
Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
р/р
№
Өлшемшарттардың атауы
Иеліктен айыру түрі
1.
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу
2.
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу
3.
Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату.
сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу
4.
Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
тікелей атаулы сатылым
5.
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты қор биржасында өткізу
6.
Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі.
Конкурсты жекешелендiру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзу қажеттілігі.
екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс
7.
Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату