Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Докучаевского сельского округа Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Докучаевского сельского округа Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 20.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2014 AI83998_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SL002971
- ЭКБ идентификаторы
- 83998
- Редакция идентификаторы
- AI83998_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:16
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда орналасқан стенд анықталсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім-шарт негізінде Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша орналасқан орталық аудандық кітапхана оқу залының үй-жайы берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.С. Жүсіповке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 4 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
Ж. Мәкенова
2014 жылғы 20 қазандағы