Об утверждении Положения о Фонде государственного социального страхования Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы Ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.02.2000 № 323 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 наурыздағы N 688 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы қоса берілiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi салық органдарымен өзара iс-қимыл жасап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру жарналарын төлеушiлердi тiркеудi екi ай мерзiмде қамтамасыз етсiн.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қыркүйектегi N 1080 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер мен мiндеттер
I. Жалпы ережелер мен мiндеттер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жүйесiне кiредi.
Тармақ 2
2. Қордың негiзгi мiндеттерi: мiндеттi сақтандыру жарналарын төлеушiлердi толық есепке алу мен тiркеудi қамтамасыз ету; жәрдемақы төлеуге арналған қаражатты шоғырландыру және оған жұмсалатын шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету; қор қаражатының түсуiнiң және жұмсалуының есебiн ұйымдастыру; сақтандыру жарналарының төленуiне және Қор қаражатының нысаналы мақсатта жұмсалуына бақылау жасау.
Тарау ii. II. Қор қаражаты
II. Қор қаражаты
Тармақ 3
3. Қор қаражаты: мiндеттi жарналарды төлеушiлердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударымдары; жарналар белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда есептелген өсiм сомасы; әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен берiлетiн санаторлық жолдамалардың iшiнара құнының түсiмдерi; басы бос қаражаттарды мемлекеттiк бағалы қағаздар немесе мемлекеттiк банктердiң депозиттерiне орналастырудан алынған табыстары; жұмыс берушiнiң еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi қолданылып жүрген ереженi бұзу салдарынан болған еңбек жарақаты мен кәсiби ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеуге арналған шығын сомасының орнын толтыру; әлеуметтiк сақтандыру бойынша белгiленген тәртiппен сақтандыру жарнасы есебiне есептеуге алынбаған шығыстар; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдер есебiнен құралады.
Тармақ 4
4. Қордың ақшалай қаражаты: еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жүктiлiгiне, босануына байланысты, бала туғанда, жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қаржыландыруға; сауықтыру сипатында көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалады.
Тармақ 5
5. Қордың ақшалай қаражаты мемлекеттiк бюджеттiң құрамына кiрмейдi, алып қоюға жатпайды. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарының тарифтерi және оларды Қорға аудару нормативi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 6
6. Қорға қаражат аудару үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдары белгiленген тәртiппен шоттар ашады.
Тармақ 7
7. Қаражаттың басы бос қалдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiк банкiндегi қордың тиiстi есебiне жинақталады және белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сақтандыру жөнiндегi шығыстарды өтеуге жұмсалады. Қызмет көрсетушi банктерiндегi төлеушiлердiң сақтандыру жарнасының шотына түсетiн әлеуметтiк сақтандыру шығыстарының орнын толтыруға арналған Қор қаражаты мақсатты түрде қатаң жұмсалады.
Тармақ 8
8. Сақтандыру жарналарын уақтылы және толық аудару және қаражаттың мақсатты жұмсалуы үшiн ұйымдардың басшылары мен бас бухгалтерлерi жауап бередi.
Тарау iii. III. Қорды басқару
III. Қорды басқару
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қордың басқару органы табылады.
Тармақ 10
10. Қордың оперативтiк және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының iстерi жөнiндегi Бас басқарма, жергiлiктi халықты әлеуметтiк қорғау органдарында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының iстерi жөнiндегi бас басқарма және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi: Қордың перспективалық және ағымдағы мiндеттерiн айқындайды; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарын төлеушiлердiң толық есебiнен және тiркеудi қамтамасыз етедi; Қорға мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған сақтандыру жарналарының уақтылы және толық түсуiн және оның қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын бақылайды; республикалық және аумақтық деңгейде алдағы жылға арналған Қор бюджетiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi және олардың орындалуы туралы есептер құрастырылады; Қорға сақтандыру жарналары аударымдарының нормативтерi жөнiнде ұсыныс әзiрлеуге қатысады; Қор қызметiнiң мәселелерi бойынша ұйымдық әдiстемелiк және түсiндiру жұмысын жүзеге асырады.
Тарау iv. IҮ. Қор бюджетiн бекiту
IҮ. Қор бюджетiн бекiту
Тармақ 12
12. Қор бюджетiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тарау v. Ү. Сақтандыру жарналарының төленуiн және Қордың қаражатының жұмсалуын бақылау
Ү. Сақтандыру жарналарының төленуiн және Қордың қаражатының жұмсалуын бақылау
Тармақ 13
13. Сақтандыру жарналарының толық әрi уақтылы төленуiн, Қор қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Тарау vi. ҮI. Дауларды шешу
ҮI. Дауларды шешу
Тармақ 14
14. Сақтандыру жарналарын төлеушiлер мен жергiлiктi халықты әлеуметтiк қорғау органдары арасындағы Қорға сақтандыру жарналарын есептеу мен төлеу және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуы мәселелерi жөнiндегi барлық дауларды халықты әлеуметтiк қорғаудың жоғары тұрған органы шешедi немесе Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен шешiледi.