О создании областного департамента малого предпринимательства в составе областного управления экономики и торговли Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық экономика және сауда басқармасы құрамында кіші кәсіпкерлердің облыстық департаментін құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысына сәйкес, облыстық кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау басқармасының органдарының құрылымын тәртіпке келтіру мақсатында облыс Әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма таратылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика және сауда-басқармасы құрамында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық департаменті құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық департаментін қолдау жөніндегі кіші кәсіпкерлік туралы Ереже, оның 1997 жылғы құрылымы, штат кестесі және шығыс сметасы бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 4
4. Облыстық кіші кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік басқармасының көлік қызметі лимитін облыстық экономика және сауда басқармасына берілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық экономика және сауда басқармасының бастығы М. Райымқұлов облыстық экономика басқармасы және сауда жөніндегі басқармасы туралы Ережеге тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық және қатжы басқармасына /Б. Жантеміров/ облыстық бюджетке тиісті өзгерістер енгізу тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің жетекшісі А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 8
Облыс Әкімінің 1997 жылғы 28 қазандағы № 204 шешімімен Бекітілген Облыстық экономика және сауда басқармасының құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау облыстық департамент туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1.1
1.1. Облыстық экономика және сауда басқармасының құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті /бұдан былай департамент/ облыс Әкіміне тікелей бағынышты мекеме, ол өзінің қызметін Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің шағын кәсіпкерлікті дамыту Департаментімен келісе отырып жүргізеді, шағын кәсіпкерлікті қолдау, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқару органдарының іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді, атқару және басқару қызметін іске асырады.
Тармақ 1.2
1.2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі актілеріне, басқа да заң және нормативтік-құқық актілеріне, халықаралық келісім шарттарға, Министрліктің және облыстық экономика және сауда басқармасының бұйрықтарына, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Өзінің жұмысын жергілікті атқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да құрылымдармен, олардың құзырына сәйкес мәселелер бойынша, өзара іс-қимылда жүргізіледі.
Тармақ 1.3
1.3. Департаменттің құрылымы: - басқарушы органы; - талдау және мониторингтік жинақ бөлімі; - мемлекеттік саясат және бағдарламалар, кәсіпкерлікті және рыноктік инфрақұрылымдар бөлімі ; - шағын кәсіпкерліктің басыңқы жобаларын іріктеу бөлімі.
Тармақ 1.4
1.4. Департаментті директор басқарады, ол сонымен бірге облыстық экономика және сауда басқармасы бастығының орынбасары болып есептеледі, қызметіне облыстық экономика және сауда басқармасы бастығының ұсынысы бойынша облыс Әкімі тағайындайды және қызметінен босатады. Департаменттің штат кестесін, құрылымын және қызметкерлерінің шектелген санын облыстық экономика және сауда басқармасы бастығының ұсынысы бойынша облыс Әкімі бекітеді.
Бөлім 2. ІІ. Департаменттің міндеттері, функциялары және құқықтары.
ІІ. Департаменттің міндеттері, функциялары және құқықтары.
Тармақ 2.1
2.1. Департаменттің қызметінің саласындағы негізгі міндеттері: - шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жергілікті атқару органдарының іс-қимылын үйлестіру; - шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, ең алдымен материалдық өндіріс саласындағы, аумақтық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға араласу; - шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ұсыныстар әзірлеуге қатысу; - шағын кәсіпкерлікке қаражаттық, техникалық және кеңестік көрсету мәселелері бойынша халықаралық, отандық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; - шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға инвестицияларды тартуға, оның ішінде шетелдік, қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу; - заңдарды қолдану практикасына талдау және жинақтап қорыту, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру; - шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерін ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқару органдарына басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға ғылыми-әдістемелік жәрдем көрсету; - өзінің-қызметін жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіп бойынша ұсыныстар енгізу, болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге, берілген өкілеттілігіне сәйкес; - шағын кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды, осы салада жергілікті атқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіруді; - шағын кәсіпкерлік саласындағы жағдайларды зерделеуді, талдауды және болжамдауды, осының негізінде шағын кәсіпкерлікті және дамыту жөнінде аумақтық бағдарламаларды әзірлеуді, жүзеге асырудағы ұйымдық-әдістемелікті қамтамасыз етуді, шағын кәсіпкерлік көрсеткіштері бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын дайындауға қатысуды; - бағдарламалық құжаттарда айқындалған басыңқы бағыттарға шағын кәсіпкерлік жобаларын іріктеуге және бағалауға қатысуды; - шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша департаменттің жергілікті атқару органдарымен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен қызметінің бірлестігін жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белсенді түрлерін енгізуге жәрдемдесуді, кәсіпкерлердің жекеленген категориялары үшін арнаулы бағдарламалармен жобаларды әзірлеуді; - шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту проблемалары жөнінде заң және нормативтік актілерінің жобаларына ұсыныс әзірлеуді; - шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық құрылымдардың қатыстырылуымен шағын кәсіпкерлікті дамытуға ақылы немесе жеңілдік негізде білімдік, консультациялық, ақпараттық, технологиялық, техникалық, қаражаттық және басқа да салаларда жәрдем көрсететін құрылымдардың облыстық жүйесін қалыптастыруға қолдау және жәрдем көрсетуді; - кәсіпкерліктің басыңқы жобаларын қаржыландыру және несиелендіру мәселелері бойынша республика және басқа да елдердің банктерінің, қаржы ұйымдарының өзара іс-қимылын, шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қаражаттық, техникалық, инвестициялық қызметтерді үйлестіруді, оның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруды, шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем ете алатын шетелдік серіктестермен ғылыми-техникалық, өндірістік-коммерциялық байланыстарды орнықтыруды; - көпшілік ақпарат құралдарында кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін жариялап отыру туралы жергілікті атқару органдары, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен бірлескен бағдарламаны әзірлеп, жүзеге асыруды, ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базасын құрып, дамытуды, ұйымдық-өкімділік, нормативтік, статистикалық ғылыми-әдістемелік, коньюктурлік және басқа да құжаттар енгізілген кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету және қызмет көрсету жүйесін құруды; - шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі заңдар бойынша халықтың; шағын кәсіпкерлік субьектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, азаматтардың жеке өтініштерін, ұсыныстарын, арыздарын, қаттарын, белгіленген тәртіппен карауды, жазбаша және ауызша түрде өкімдердің, қаулыларды және басқа да заң актілерінің қолданылу тәртібі туралы түсіндіруді; - шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық және аумақтық бағдарламаларды және осы саланың басқа да шараларын асыруға қаражат шығынын нақты анықтау жөнінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік қорының байқаушы кеңесімен және төралқасымен орнатылған тәртіпте өзара іс-қимыл жасауды; - аумақтарда шағын кәсіпкерлікті құру, дамытуға ықпал ететін шағын кәсіпкерлік-орталықтарын, бизнес-инкубаторларды бас-қа да құрылымдар құру жөніндегі жұмысқа араласуды; - шағын кәсіпкерліктің мәселелері бойынша кеңестер, конференциялар, семинарларды ұйымдастыруды және өткізуді, қамтамасызетеді.
Тармақ 2.3
2.3. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда өзінің функциясын орындауда құқықты: - өзінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарында әкімшіліктің өкілдігі бар және тиісті хат жазыса алады; - Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін орнатылған тәртіп бойынша орталық және жергілікті атқару органдары кәсіпорындарға және мекемелерге басқа да мемлекеттік және мемлкеттік емес құрылымдарға бара алады, олардан қажетті анықтамалар мен материалдарды сұратып ала алады; - өзінің өкілеттілігі шеңберінде әкімшіліктің атынан міндетті түрде орындау үшін нұсқаулар бере алады; - шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жағдайына әсер ететін қаржы-несиелік, инвестициялық, жекешелендіру, салықтық саясат және басқа да мәселелер бойынша аумақта жүргізіліп жатқан шараларды әзірлеп, шешуге араласа алады. Ол мәселелерді талқылау үшін комиссиялардың кеңесіне, жұмысшы тобының отырысына қатынаса алады; - шетелдердің тиісті құрылымдарымен іскерлік байланысты қалыптастыру, ақпараттық пікір алысу және жұмыс тәжрибесі туралы өзара іс-қимыл жасай алады; - шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша қазақстандық шетелдік кеңесшілерді келісім-шарт негізінде қатыстыра алады; - Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар және басқа да шараларды шақырып, өткізе алады; - Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми және басқа да ұйымдардың қатыстырылуымен талдаулық шолуларды, болжамдарды, басқа да қажетті материалдарды дайындау жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Тармақ 2.4
2.4. Департамент директоры департаменттің қызметін ұйымдастырады және оның жұмысына басшылық жасайды, департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді, бөлімдер туралы ережелерді, қызметкерлердің қызметтік нұсқауларын бекітеді, міндеттерін бөледі, орынбасарларының және бөлім басшыларының міндеттері мен жауаптылық дәрежелерін анықтайды. Департаменттің басқа қызметкерлерінің жауаптылық дәрежелері қызметтік нұсқауларына сәйкес орнатылады.
Басқа 19
Облыс Әкімінің 1997 жылғы 28 қазандағы № 204 шешімімен Бекітілген Облыстық экономика және сауда басқармасының құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау облыстық департаментінің құрылымы
Тармақ 1
1. Департамент басшылығы
Тармақ 2
2. Талдау және мониторингтік жинақ бөлімі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік саясат және бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдау және рыноктік инфрақұрылымдар бөлімі
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерліктің басыңқы жобаларын іріктеу бөлімі
Басқа 24
Облыс Әкімінің 1997 жылғы 28 қазандағы № 204 шешімімен Бекітілген Облыстық экономика және сауда басқармасы құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау облыстық департаментінің штат кестесі Шта­тар­дың ат­та­ры са­ны ке­лі­сім қыз­мет ақы са­ты­лық қо­сым­ша тө­лем қыз­мет өт­керг. жыл­дар аудан­дық ко­эфф. бар­лы­ғы % cомасы Басшылық Департамент директоры, экономика және сауда басқармасы бастығының орынбасары 1 9600 38 3648 5299 2782 21329 Директорының орынбасары 1 8160 28 2285 - 1566 12011 Барлығы: 2 17760 - 5933 5299 4348 33340 Талдау және мониторинг жинақ бөлімі бөлім бастығы 1 5600 28 1568 - 1075 8243 бас маман 1 3900 28 1092 - 748 5740 жетекші маман 2 3600 28 1008 1843 968 12995 Барлығы: 4 16700 - 3668 1843 2791 26978 Мемлекеттік саясат және бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдау және рыноктік инфрақұрылымдар бөлімі бөлім бастығы 1 5600 28 1568 - 1075 8243 бас маман 2 3900 28 1092 998 898 13776 жетекші маман 1 3600 28 1008 - 691 6299 Барлығы: 4 17000 - 3668 998 2664 28318 Шағын кәсіпкерліктің басыңқы жобаларын іріктеу бөлімі бөлім бастығы 1 5600 28 1568 1075 1236 9479 бас маман 1 3900 28 1092 749 861 6602 бас маман 1 3900 28 1092 2496 1123 8611 жетекші маман 1 3600 28 1008 - 691 5299 маман 1 2900 18 522 - 5132 3935 Барлығы: 5 19900 - 5282 4320 4424 33926 Қорытындысы: 15 71360 - 13783 12460 14227 122562
Басқа 25
Облыс Әкімінің 1997 жылғы 28 қазандағы № 204 шешімімен Бекітілген Бюджеттен қаржыландыратын ұйымдардың шығыстарының СМЕТАСЫ Функ. топ 13 Мекеме 228 (облыстық шағын кәсіпкерлік департаменті) Бағдарлама 01 Кіші бағдарлама 02 өлшем мөлшері мың теңге подкласс специфика Аттары жоспар 1997 жылғы айсайынғы жоспар қыркүйек қазан қараша желтоқсан 110 110 Еңбекақы 676,7 200,9 166,7 166,7 142,4 111 Негізгі еңбекақы 476,1 125,0 125,0 125,0 101,1 112 Қосымша ақшалай төлем 167,2 42,5 41,7 41,7 41,3 113 Өтемақы 33,4 33,4 - - - 120 120 Жұмыс берушінің аударымы 211,5 59,3 52,7 52,6 46,9 121 Жұмыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымы 13,8 3,5 3,5 3,4 3,4 122 Зейнетақы қорына аударымы 164,3 42,5 42,5 42,5 36,8 123 Міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымы 20,0 5,0 5,0 5,0 5,0 124 Жқмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударымы 13,4 8,3 1,7 1,7 1,7 130 133 Ағымдағы шаруашылық мақсатында заттар мен материалдар сатып алу 15,0 - 5,0 5,0 5,0 136 Іссапар, ел ішінде қызмет бабында жүру 10,0 10,0 - - - 150 159 Басқа да ағымдағы шығыстар 21,6 6,6 5,0 5,0 5,0 999 999 Барлығы /жоспарлы/ 934,8 276,8 229,4 229,3 199,3