Об утверждении Правил предоставления специальных социальных услуг несовершеннолетним, находящимся в организации образования с особым режимом содержания Күшін жойған
Басқа 0
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 1142 қаулысымен
бекітілген
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ерекше тәрбиелеу, оқыту жағдайларын және арнаулы педагогикалық тәсілді қажет ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты шығындар облыстық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
Тармақ 2. 2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымға қабылдау және одан шығу тәртібі
2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымға қабылдау және одан шығу тәртібі
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушыларды ұйымға қабылдау бүкіл күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сот органдарының арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы шешімі кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін негіз болып табылады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық нысандағы баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
Тармақша 2
2) ата-анасы туралы мәліметтер қамтылған құжаттар (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жеке куәліктері, ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе хабарламалардың, соттың шешімдерінің (ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектелуі деп тану туралы), ата-анасына іздеу салу туралы анықтаманың көшірмелері). Егер кәмелетке толмаған бала жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болса, оның мәртебесін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) денсаулығының жай-күйі мен екпелері туралы медициналық құжаттар;
Тармақша 4
4) үлгерім табельдерінің, негізгі мектепті бітіргені туралы куәліктің көшірмелерімен қоса (бала (балалар) оқыған жағдайда) оқу орнынан анықтама;
Тармақша 5
5) осы ұйымға жіберілгенге дейін оқыған және (немесе) тәрбиеленген білім беру ұйымынан мінездеме;
Тармақша 6
6) жылжымайтын мүлiктiң бар (жоқ) екенін растайтын құжат, әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алимент өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі және жеке ісінде бар болса, басқа да құжаттар.
«Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергі болатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26931 болып тіркелді) сәйкес ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар көрсетілген білім беру ұйымына орналастырылмайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы кәмелетке толмағанды қабылдауды қамтамасыз етеді және кәмелетке толмаған баланың жеке ісін қалыптастыру үшін құзыретті органдар мен ұйымдарға тиісті сауал жолдайды.
Тармақ 6
6. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шыққан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мынадай құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайы мен екпелері туралы медициналық құжаттар;
Тармақша 4
4) үлгерім табелімен қоса оқу орнынан анықтама, негізгі мектепті аяқтағаны туралы куәлік;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмаған балаға мінездеме.
Тармақ 3. 3-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың көлемі мен шарттары
3-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың көлемі мен шарттары
Тармақ 7
7. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарына мемлекет кепілдігін қамтамасыз ететін ұйымда көрсетілетін қызметті алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
Тармақша 1
1) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес тұрғын алаңын ұсынуды;
Тармақша 2
2) оңалту және емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту үшін жиһазбен және (немесе) арнайы жабдықтармен жабдықталған үй-жайларды ұсынуды;
Тармақша 3
3) жұмсақ керек-жарақты (киім, аяқ киім, іш киім және төсек-орын жабдықтары) ұсынуды;
Тармақша 4
4) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес құнарлы және емдәмдік тамақтануды ұсынуды;
Тармақша 5
5) тұрмыстық қызмет көрсетумен (іш киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, залалсыздандыру) қамтамасыз етуді;
Тармақша 6
6) кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі тану және шығармашылық еңбек үшін қажетті жабдықтармен бірге жағдайлар жасауды;
Тармақша 7
7) емделу, оқу, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушыларды тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсынуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мекемеде болу мерзімі аяқталған соң тұратын жеріне дейін ілесіп баруды;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті алушылардың ақыл-ой, эмоциялық, рухани және физикалық дамуына ықпал ететін отбасылық ортаға ұқсас қолайлы жағдай жасауды қамтиды.
Тармақ 8
8. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымда көрсетілетін қызметті алушылардың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер:
Тармақша 1
1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыруды және өткізуді (қажет болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
Тармақша 2
2) медициналық алғашқы тексеруді және алғашқы санитариялық өңдеу жүргізуді;
Тармақша 3
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді;
Тармақша 4
4) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін керсетуге ықпал етуді;
Тармақша 5
5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыруды;
Тармақша 6
6) жедел ауруханаға жатқызуды және денсаулық сақтау ұйымдарында еріп жүруді;
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды күтуді қамтамасыз етуді;
Тармақша 8
8) консультациялық көмек көрсетуді (білікті маман болмаған жағдайда - денсаулық сақтау ұйымдарынан маманды міндетті түрде тарту);
Тармақша 9
9) шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек керсетуді;
Тармақша 10
10) профилактикалық іс-шараларды өткізуді;
Тармақша 11
11) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізуді қамтиды.
Тармақ 9
9. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымда көрсетілетін қызметті алушылардың әлеуметтік бейімделуі, әлеуметтенуі мен әлеуметтік ортаға ықпалдасуына бағытталған олардың психологиялық жай-күйін түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
Тармақша 1
1) тұлғаны психологиялық диагностикалауды және тексеруді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-психологиялық патронажды (жүйелі қадағалау);
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушылармен психологиялық профилактикалық жұмыстарды;
Тармақша 4
4) психологиялық консультация беруді;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті алушыларға психологиялық көмек көрсетуді, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыруды;
Тармақша 6
6) психологиялық тренингтерді;
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті алушыларды психологиялық түзетуді;
Тармақша 8
8) өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуді қамтиды.
Тармақ 10
10. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйымда көрсетілетін қызметті алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды педагогикалық түзету мен оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беруді;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушыларды тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыруды, олардың әлеуметтенуін, бейімделуін және әлеуметтік ортаға ықпалдасуын;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушылардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, олардың білім алуына ықпал етуді қамтиды.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйым жағдайында тұлғалық даму деңгейін көтеруге, әлеуметтік бейімдеуге, кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі айқындауға және одан әрі жұмысқа орналастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтер:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөнінде іс-шаралар өткізуді;
Тармақша 2
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізуді;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ықпал етуді;
Тармақша 4
4) жеке физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алу үшін ықпал етуді қамтиды.
Тармақ 12
12. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ететін ұйым жағдайында көрсетілетін қызметті алушылардың бос уақытын ұйымдастыруға және оларды бос уақыт іс-шаралары мен салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер:
Тармақша 1
1) мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) клубтық және үйірмелік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуді;
Тармақша 3
3) бос уақыт іс-шараларына тартуды, мәдени іс-шараларға қатыстыруды (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) қамтиды.
Тармақ 13
13. Тұратын орын бере отырып, балалардың білім алу, тәрбиелену құқықтарына мемлекет кепілдігін қамтамасыз ететін ұйымда көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтық мәртебесін қолдау немесе өзгерту, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында әлеуметтік қамсыздандыру құқығына байланысты мәселелер бойынша заң консультациясын беруді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және көрсетілетін қызметті алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсетуді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсетуді және жәрдемдесуді;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне физикалық және психикалық зорлық-зомбылық жасаған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға жәрдемдесуді;
Тармақша 6
6) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды отбасына орналастыруға, оның ішінде асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа беруге жәрдемдесуді;
Тармақша 7
7) жұмысқа орналасу үшін, жеке басын куәландыратын құжат және заңдық мәні бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуге заң көмегін көрсетуге жәрдемдесуді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек алуға жәрдемдесуді қамтиды.