О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыста пешке жағылатын отыннан басқа дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) 2001 жылғы 1 маусымға дейін шығаруға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар
қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.