О военной службе по контракту Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 74  (қолданысқа енгізілу тәртібін 46-баптан қараңыз) Заңымен. Осы Заң келісім-шарт бойынша әскери қызметті ұйымдастыру және атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тараптардың жасалған келiсiм-шарт талаптарын сақтау жөніндегі өзара міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері) республикалық бюджеттен төленетін лауазымдарға ерікті түрде қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) келісім-шарт бойынша әскери қызмет - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке ерікті түрде қабылданған әскери қызметшілердің қызметі;
Тармақша 3
3) қызметтің зиянды жағдайлары - белгілі бір факторлардың әскери қызметшінің жұмысқа қабілетін төмендетуге немесе науқасқа ұшырауына әкеп соғатын не оның ұрпағының денсаулығына терiс әсер ететiн қызмет жағдайлары;
Тармақша 4
4) кепiлдiктер - тараптардың (мемлекеттiң және әскери қызметке қабылданатын адамдардың) келiсiм-шартпен белгiленген жағдайларды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемесi;
Тармақша 5
5) лауазымды тұлға - уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң офицерлiк құрамы лауазымында болатын, келiсiм-шарт жасасу және ұйымдық-өкiмдiк, әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi жүзеге асыру жөнiнде өкiлеттiк берiлген өкiлi;
Тармақша 6
6) лауазымдық өкiлеттiктер - осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген құқықтарға ие болып, мiндеттер жүктелген әскери қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетiн әскери қызмет мiндеттерiн атқару жөнiнде нақты лауазыммен көзделген өкiлеттiктер;
Тармақша 7
7) өтемдер - әскери қызметшiге қызмет режимi мен жағдайларына байланысты мертiгуi немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрген зиянның және олардың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде шеккен шығынның орнын толтыратын ақшалай төлемдер;
Тармақша 8
8) келiсiм-шарт - келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi ұйымдастыру, қамтамасыз ету және атқару мүддесiне орай тараптардың (әскери қызметке қабылданған адамның және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының) өзара мiндеттемесi мен жауапкершiлiгiн белгiлейтiн шарт;
Тармақша 9
9) қызметтiң қауiптi жағдайлары - белгiлi бiр факторлар әсерiнiң әскери қызметші Денсаулығының тосыннан күрт нашарлауына немесе жарақаттануына не оның өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн қызмет жағдайлары;
Тармақша 10
10) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - штат құрылымында әскери құралымдар бар және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әскери қызметтен өту көзделген мемлекеттiк орган;
Тармақша 11
11) қызмет жағдайлары - әскери қызметшiнiң еңбегiне ақы төлеу, еңбегiн қорғау және нормалау, жұмыс режимi, техникалық, санитариялық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша өзге де келiсiм-шарт талаптары.
Бап 2. 2-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңдар
2-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңдар
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке келуге тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет принциптерi
4-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет принциптерi Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) қазақстандық патриотизм;
Тармақша 3
3) мемлекет мүддесi алдында азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң басымдығы;
Тармақша 4
4) әскери қызметке өз еркiмен қабылдану;
Тармақша 5
5) кәсiпқойлық пен құзыреттiлiк;
Тармақша 6
6) дара басшылық;
Тармақша 7
7) бақылауда болу мен есеп берушiлiк;
Тармақша 8
8) әскери қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк жағынан қорғалуы принциптерiне негiзделедi.
Бап 5. 5-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет түрлерi
5-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет түрлерi Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет:
Тармақша 1
1) офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызмет;
Тармақша 2
2) прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы әскери қызмет;
Тармақша 3
3) әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметi;
Тармақша 4
4) солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарындағы әскери қызмет болып бөлiнедi.
Бап 6. 6-бап. Кемсiтушiлiкке тыйым салу
6-бап. Кемсiтушiлiкке тыйым салу
Тармақ 1
1. Әрбiр адам осы Заңда көзделген шектеулердi ескере отырып, өздерiнiң құқықтарын iске асыруға тең мүмкiншiлiктерге ие. Ешкiмнiң де жынысына, жасына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiндерге, нанымдарға қатысына сондай-ақ әскери қызметшiнiң iскерлiк қасиетi мен еңбегiнiң нәтижелерiне қатысы жоқ басқа да жағдайларға байланысты құқықтары шектелмейдi немесе оларды iске асыруда қандай да болсын артықшылық алуына болмайды.
Тармақ 2
2. Өздерiн әскери қызмет саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептеген адамдар тиiстi арызбен сотқа не басқа құзыреттi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге құқылы.
Бап 7. 7-бап. Келiсiм-шартпен реттелетiн қатынастар
7-бап. Келiсiм-шартпен реттелетiн қатынастар
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiнiң (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы адамның) арасындағы қатынастар осы Заңмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен және соларға сәйкес жасалған келiсiм-шартпен реттеледi.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарттың талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге болмайды.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарттың жекелеген талаптарының жарамсыздығы, келiсiм-шартты бүтiндей жарамсыз деп тануға әкеп соқпайды.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарттың талаптары, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКIМЕТIНIҢ ӨКIЛЕТТIГI, УӘКIЛЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАННЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, КЕЛIСIМ-ШАРТ ЖАСАСАТЫН ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКIМЕТIНIҢ ӨКIЛЕТТIГI, УӘКIЛЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАННЫҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, КЕЛIСIМ-ШАРТ ЖАСАСАТЫН ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiгi
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру үшiн Мемлекеттiк ведомствоаралық комиссия құрады;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы бағдарламаны және ереженi бекiтедi;
Тармақша 3
3) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де қажеттi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi функциялары
9-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi функциялары Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысады;
Тармақша 2
2) Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы Бағдарлама мен Ереженi әзiрлейдi және оларды бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етедi;
Тармақша 3
3) азаматтарды келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдауға тiкелей басшылықты, әскери қызметтi ұйымдастыру және қамтамасыз ету процестерiн жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi өзге де қажеттi өкілеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның атынан келiсiм-шарт жасасқан лауазымды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi
10-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның атынан келiсiм-шарт жасасқан лауазымды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Лауазымды тұлғаның:
Тармақша 1
1) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген жағдайларда, әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адамдармен келiсiм-шарт жасасуға, оны ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданушы адамнан осы Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды табыс етуiн талап етуге;
Тармақша 3
3) өз өкiлеттiгi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 4
4) әскери қызметшiлердi көтермелеуге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгiленген тәртiппен оларға тәртiптiк жаза қолдануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Лауазымды тұлға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына және келiсiм-шартқа сәйкес әскери қызметшiлерге тиiстi әскери қызмет жағдайларын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен тиесілі үлестің барлық түрлерімен, сондай-ақ оларды әскери қызмет мiндеттерiн орындау үшiн қажет құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) келiсiм-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданушы адамды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалған лауазымдық мiндеттермен және әскери қызметтен өту шарттарымен таныстыруға;
Тармақша 4
4) әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшiлерге әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрiне, денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның орны толтырылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы адамға әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызметтегi мiндеттерiн атқаруға байланысты шектеулi құқығы туралы ескертуге мiндеттi.
Бап 11. 11-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiнiң құқықтары мен мiндеттерi
11-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiнiң:
Тармақша 1
1) осы Заңда көзделген шектеулердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) жеке ар-намысының қадiрленуiне, командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды адамдар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қаралуына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай тиесiлi үлес түрлерiмен қамтамасыз етiлуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық жағынан қорғалуға;
Тармақша 5
5) бiлiктiлiгi, қабiлетi, қызметтiк мiндеттерiн адал атқаруы ескерiле отырып, қызмет бабында өсiрiлуге;
Тармақша 6
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтiк тергеу жүргiзiлуiн талап етуге;
Тармақша 7
7) өмiрi мен денсаулығы қорғалуына;
Тармақша 8
8) осы Заңда белгiленген жағдайларда, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақша 9
9) қауiпсiздiк техникасы мен гигиена талаптарына сай келетiн қызмет жағдайына;
Тармақша 10
10) демалуға;
Тармақша 11
11) әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрiне және денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның орны толтырылуына;
Тармақша 12
12) тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты туындаған даулардың шешiлуiне;
Тармақша 13
13) келiсiм-шартта тараптың атынан әрекет ететiн лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның растауын талап етуге;
Тармақша 14
14) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендiру құқығымен тұрғын үй алуға;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да кепiлдiктер мен өтемақылар алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
Тармақша 3
3) келiсiм-шартпен келiсiлген әскери қызмет мiндеттерiн адал атқаруға;
Тармақша 4
4) әскери тәртiп пен қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
Тармақша 5
5) әскери қызмет процесiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
Тармақша 6
6) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) келiсiм-шартқа сәйкес өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк, әскери, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi, соның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;
Тармақша 8
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, мүлiктiң сақталуына қауіп төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
Тармақша 9
9) өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың бұйрықтары мен өкiмдерiн орындауға мiндеттi.
Бап 12. 12-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтуге байланысты шектеулер
12-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтуге байланысты шектеулер
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiнiң:
Тармақша 1
1) саяси партияларда, кәсiподақтарда болуға, жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға;
Тармақша 2
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кәсiпкерлiк не басқа да ақы төленетiн қызметпен айналысуға;
Тармақша 3
3) әскери мүлiктi, техниканы және қызметтiк ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн iс-қимылдарға, ереуiлдердi қоса, қатысуға құқы жоқ.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты болып сайланған әскери қызметшi әскери қызметтен босатылады. Депутаттық өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол заңдарда белгiленген тәртiппен жаңа келiсiм-шарт жасаса отырып, әскери қызметке қайта қабылдануға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. КЕЛIСIМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ, КЕЛIСIМ-ШАРТ ЖАСАСУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ
3-тарау. КЕЛIСIМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ, КЕЛIСIМ-ШАРТ ЖАСАСУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ
Бап 13. 13-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау
13-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау
Тармақ 1
1. Әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша қабылдау әскери қызметтен өту туралы жасасылған келiсiм-шарт негiзiнде ерiктiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша қабылданатын адамға қатысты арнайы тексеру жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке:
Тармақша 1
1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылғандарды;
Тармақша 2
2) медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес әскери қызмет мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар адамдарды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқандарды;
Тармақша 4
4) соттылығы бар не өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған адамдарды;
Тармақша 5
5) әскери қызметке қабылданардың алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған адамдарды қабылдауға болмайды.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын кандидаттан бас тартуға, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi бұрмалау немесе осы Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды табыс етпеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде кандидаттың дайындық саласына немесе әскери мамандығына сәйкес келетiн бос әскери қызметтiң болмауы;
Тармақша 3
3) әскери қызметке келiсiм-шарт бойынша қабылданушының осы Заңмен белгiленген талаптарға сай келмеуi негiз болып табылады.
Бап 14. 14-бап. Келiсiм-шарттың мазмұны
14-бап. Келiсiм-шарттың мазмұны
Тармақ 1
1. Келiсiм-шартта:
Тармақша 1
1) тараптардың реквизиттерi: уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi; уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының атағы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және қызметi; келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi және берiлген күнi, әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) нөмiрi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН);
Тармақша 2
2) әскери қызметтен өтуi туралы келiсiм-шарт жасасқан адамның қабылданатын лауазымының (мамандығының) атауы;
Тармақша 3
3) келiсiм-шарттың мерзiмi;
Тармақша 4
4) қызметтiк мiндетiн атқаруды бастаған күнi және қызметке тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi;
Тармақша 5
5) қызмет жағдайының сипаттамасы, әскери қызметшiге кепiлдiктер мен өтемақылар;
Тармақша 6
6) жұмыс және демалыс уақытының режимi;
Тармақша 7
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;
Тармақша 8
8) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 9
9) келiсiм-шартты өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;
Тармақша 10
10) осы Заңның 10-бабының 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген талаптармен танысқаны туралы белгi;
Тармақша 11
11) тараптардың жауапкершiлiгi;
Тармақша 12
12) тараптардың қолы, уәкiлеттi мемлекеттiк органның мөрi болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Тараптардың келiсiмi бойынша келiсiм-шартқа Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
Бап 15. 15-бап. Келiсiм-шарт мерзiмi және оның қолданылу тәртiбi, әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдарын анықтау
15-бап. Келiсiм-шарт мерзiмi және оның қолданылу тәртiбi, әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдарын анықтау
Тармақ 1
1. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарт әскери қызметте болудың шектi жасына жеткенге дейiнгi белгiленген келiсiм-шарт мерзiмiне ұзартылу құқығымен үш жылға, бес жылға, он жылға, әскери (арнаулы) оқу орнында оқу мерзiмiне жасалуы мүмкiн. Әскери қызметте болудың шекті жасы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарт оған екi тарап та қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және келiсiм-шарт жасалған мерзiм аяқталған соң немесе оның бұзылуына байланысты өз күшiн тоқтатады.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жатқан әскери қызметшiнiң жалпы еңбек сiңiрген жылдарына әскери қызмет уақыты, соның iшiнде мерзiмдi әскери қызмет те енгiзiледi.
Бап 16. 16-бап. Келiсiм-шарт жасасу
16-бап. Келiсiм-шарт жасасу
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт жазбаша түрде, екi дана етiп жасалады және оған тараптар қол қояды. Келiсiм-шарттың бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы адамға берiледi.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шартта және әскери қызметшiнi қызметке тағайындау туралы бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызмет мiндеттерiн орындауды бастаған күнi болып есептеледi.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт жасасқан кезде лауазымды тұлға әскери қызметшiнi келiсiм-шартта көзделген қызметке тағайындау туралы немесе адамды әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығаруға, келiсiм-шартта бұйрықтың шыққан күнi мен нөмiрiн жазуға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарт жасасу үшiн лауазымды тұлға еңбек жолын растайтын құжаттарды, жеке куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi, зейнетақы шартын, бiлiмi немесе кәсiби даярлығы туралы құжатты және Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Келiсiм-шарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережемен айқындалады.
Бап 17. 17-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамдарға қойылатын талаптар
17-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамдарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген разрядына және әскери атағына қарай он тоғыз жастан кiшi және әскери қызметте болатын шектi жастан үлкен болмауы;
Тармақша 2
2) қажеттi моральдық-психологиялық қасиеттердi, бiлiм, кәсiби және дене даярлығы деңгейiн игеру талаптарына, белгiленген бiлiктiлiк нормативтерiне сай болуы тиiс.
Тармақ 2
2. Курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметiне оқуға қабылданған күнi он жетi жасқа толған, бiрақ жасы жиырма бiрден аспаған еркек және әйел жынысты адамдар, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға тiлек бiлдiрген жиырма үш жасқа дейiнгi әскери қызметшiлер қабылданады.
Бап 18. 18-бап. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарт жасасу талаптары
18-бап. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарт жасасу талаптары
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшiн кандидаттар iрiктеудi:
Тармақша 1
1) әскери қызметшiлер арасынан - уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары;
Тармақша 2
2) азаматтар арасынан - азаматтардан арыз немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарынан өтiнiм (өтiнiш) түсуi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке:
Тармақша 1
1) офицерлiк құрам лауазымдарына: шақыру бойынша, белгiленген әскери қызмет мерзiмiнiң аяқталуы бойынша әскери қызметтен өткен офицерлер; әскери қызметте болудың шектi жасына жетпеген запастағы офицерлер; кiшi офицерлердi даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген әскери қызметшiлер, курстарды аяқтағаннан кейiн; әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары), оқу орындарын бiтiргеннен кейiн; жоғары бiлiмi бар прапорщиктер; тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас жоғары бiлiмi мен мамандығы бар еркек және әйел жынысты адамдар;
Тармақша 2
2) прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарына: жоғары, орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi бар, мерзiмдi әскери қызметтi аяқтаған солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар; жоғары, орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi бар солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери қызметте болудың шектi жасына жетпеген запастағы прапорщиктер мен мичмандар; жоғары, орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi бар запастағы солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар; тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас жоғары, орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi мен мамандығы бар еркек және әйел жынысты адамдар;
Тармақша 3
3) солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарына: орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi бар әскери мiндеттiлер; мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер, қызмет мерзiмi аяқталғаннан кейiн; запастағы солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар; тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас орта немесе кәсiптiк орта бiлiмi мен мамандығы бар еркек және әйел жынысты адамдар қабылданады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетiн адамдар, сол сияқты уәкiлеттi мемлекеттiк органның жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетiн адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарында бiлiм алу мерзiмiне және сонымен бiрге әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицер құрамының лауазымдарында күнтiзбелiк есеппен он жыл мерзiмге әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарт жасасады. Келiсiм-шарт қабылдау комиссиясының әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы шешiмiнен кейiн жасалады. Әскери қызметшi әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн әскери қызметтен өтуден бас тартқан немесе өз бастамасымен келiсiм-шартты бұзған жағдайда, ол өзiн оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұстап қалуға жататын сома келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiн толық қызмет өтемеген әрбiр айына бара-бар есептеледi. Әскери (арнаулы) оқу орындарының шақыру жасына жеткен және тәртiпсiздiгiне байланысты оқудан шығарылған курсанттары (тыңдаушылары), егер олар әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтемеген болса, мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн әскери бөлiмдерге жiберiледi. Бұл жағдайда әскери (арнаулы) оқу орнында оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң арнаулы оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) арнайы есепке алына отырып, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан босатылады.
Бап 19. 19-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өту
19-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өту Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтетiн әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда қызмет атқарады.
Бап 20. 20-бап. Әскери қызметшiнiң қызмет бойынша өсуi, әскери атақтың берiлуi (төмендетiлуi), ауысуы және ауыстырылуы
20-бап. Әскери қызметшiнiң қызмет бойынша өсуi, әскери атақтың берiлуi (төмендетiлуi), ауысуы және ауыстырылуы
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң қызмет бойынша өсуi, әскери атақтың берiлуi (төмендетiлуi), ауысуы және ауыстырылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, келiсiм-шартқа қажеттi өзгерiстер енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң бiр ведомстводан басқа ведомствоға ауысуы және ауыстырылуы келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Бап 21. 21-бап. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу негiздерi
21-бап. Әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу негiздерi
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) егер тараптардың келiсiмi бойынша келiсiм-шарт мерзiмi ұзартылмаса, келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, адам саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты, егер әскери қызметшi ұсынылған басқа лауазымға келiспесе;
Тармақша 3
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп тануына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
Тармақша 4
4) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) тараптардың келiсiм-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнiң дәлелсiз себептермен қызметке шықпай қалуына байланысты бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын:
Тармақша 1
1) өзiне қатысты келiсiм-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi түрде бұзылуына байланысты;
Тармақша 2
2) отбасы жағдайына байланысты босатылуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. КЕЛIСIМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIНIҢ ЖАУАПКЕРШIЛІГІ
4-тарау. КЕЛIСIМ-ШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIНIҢ ЖАУАПКЕРШIЛІГІ
Бап 22. 22-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң жауапкершiлiгi
22-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiнiң жауапкершiлiгi Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi жүктелген мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны, сондай-ақ қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздерде және тәртiппен тиiсiнше әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық немесе қылмыстық жауаптылықта болады.
Бап 23. 23-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi тәртiптiк жауапқа тартылған кездегi оның құқықтық кепiлдiктерi
23-бап. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi тәртiптiк жауапқа тартылған кездегi оның құқықтық кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшi өзiнiң тәртiптiк жауапқа тартылуына байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жауапқа тартылған әскери қызметшi лауазымды адамдардың әрекеттерi мен шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 24. 24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбi
24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заңның күшi, ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған әскери қызметтен өту туралы келiсiм-шарттар олар жасалған мерзiм бойы қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.