Некоторые вопросы создания Центра депонирования и генерации шифрключей Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрудың кейбір мәселелері Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын әзірлеуге, шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сондай-ақ әкелінетін өнімдердің сапасына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. күші жойылды 📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.23. N 528 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ҰҚК "Қазарнаулыкәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Кәсіпорында Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрсын;
Тармақша 2
2) депозитке салу тәртібін әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.