Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрліктің), реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Тармақ 5
5. Комитет өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Төрағаның бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
Тармақ 7
7. Мекеменің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.
Тармақ 2. 2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер
2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер
Тармақ 12
12. Миссия: инфокоммуникациялық кешенді дамыту үшін, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және тиімді өткізу
Тармақ 13
13. Міндеті: байланыс, пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс, пошта саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; Функциялары:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу және пайдалану;
Тармақша 2
2) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 4
4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
Тармақша 5
5) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу;
Тармақша 6
6) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 7
7) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерін байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;
Тармақша 8
8) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 9
9) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе байланыс желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
Тармақша 10
10) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізімдерінн жүргізу;
Тармақша 11
11) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кірістірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 12
12) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
Тармақша 14
14) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
Тармақша 15
15) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 17
17) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына байланыс саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 23
23) почта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Байланыс саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 26
26) почта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 27
27) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беруді жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу.
Тармақ 14
14. Міндеттері: ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; Функциялары:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 2
2) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдіруінің негізгі бағыттары мен басымдылықтарын жүзеге асыру, оның қолдану сапасын, қол жетімділігін және тұрақтылығын арттыру;
Тармақша 3
3) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
Тармақша 8
8) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
Тармақша 11
11) тіркеу орындарын айқындау, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 12
12) жылына кемінде бір рет депозитарий жүргізуді тексеру;
Тармақша 13
13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына ақпараттандыру саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 17
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 18
18) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19
19) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 20
20) ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша аудит жүргізу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 21
21) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеу;
Тармақша 22
22) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлеу.
Тармақ 15
15. Міндеттері: ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметті мемлекеттік реттеу. Функциялары:
Тармақша 1
1) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қою;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;
Тармақша 4
4) ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Міндеттері: табиғи монополиялар саласында және телекоммуникация мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы реттелетін нарықтарда мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекеттік реттеу және бақылау. Функциялары:
Тармақша 1
1) табиғи монополиялар және телекоммуникация саласында мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуге қатысу;
Тармақша 3
3) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабелдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеуге қатысу;
Тармақша 6
6) телекоммуникация және почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында тарифті (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
Тармақша 7
7) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласында реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша кірістерді және шығындарды, қолданыстағы активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 8
8) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 9
9) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
Тармақша 11
11) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін бақылау;
Тармақша 15
15) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің бағалау мониторингісін жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Міндеттері: телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; Функциялары:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына ережелер әзірлеу және ұсыныс енгізу;
Тармақша 6
6) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) телерадио хабарларын тарату және байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 11
11) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 16
16) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу.
Тармақ 18
18. Міндеттері: өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Функциялары:
Тармақша 1
1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 3
3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттын және регламентін әзірлеу;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 9
9) бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;
Тармақша 10
10) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
Тармақша 11
11) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 12
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 13
13) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 14
14) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлеу.
Тармақ 19
19. Міндеттері: байланыс, ақпараттандыру салаларындағы және «электрондық үкіметті», ақпаратты қалыптастыру кезінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру. Функциялары:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысу;
Тармақша 4
4) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруге қатысу (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);
Тармақша 7
7) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Міндеттері: заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Функциялары:
Тармақша 1
1) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
Тармақ 21
21. Комитет осы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Комитеттің құқықтары мен міндеттері: Комитет:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығару;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізу;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Комитеттің міндеттемелеріне:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мен құқықтарын сақтау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
Тармақша 4
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
Тармақша 7
7) белгіленген мерзімде бухгалтерлік және қаржы есептерін жасау және Министрлікке ұсыну;
Тармақша 8
8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақытылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.
Тармақ 3. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 23
23. Комитетті Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртібінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.
Тармақ 24
24. Комитет төрағасының белгіленген заңнамалық тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 25
25. Комитеттің төрағасы Министрліктің басшыларына Комитеттің құрылымы және штат кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
Тармақ 26
26. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Комитеттің Төрағасы мынадай мақсаттарды өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын Комитеттің қызметкерлерінен сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
Тармақша 10
10) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 11
11) Комитеттің Құқықтық басқармасына жетекшілік етеді.
Тармақ 28
28. Комитет төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4. Комитеттің мүлкі
4. Комитеттің мүлкі
Тармақ 29
29. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
Тармақ 30
30. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 31
31. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге жол берілмейді.
Тармақ 32
32. Комитеттің қарамағындағы аймақтық органдардың тізбесі осы ереженің 1–қосымшасында келтірілген. 32-1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қарамағындағы мекемелер тізбесі осы ереженің 2–қосымшасында келтірілген.
Тармақ 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 33
33. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 188. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне № 1 қосымша Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Басқа 203. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы мекемелер тiзбесi
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне № 2 қосымша Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы мекемелер тiзбесi
Тармақ 1
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
Тармақша 5
5) «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
Тармақша 6
6) «Казконтент» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
Тармақша 1
1) «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 4
4) «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 5
5) «Қазақпарт» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.