Об объявлении чрезвычайной ситуации на территории поселка Геологов г.Атырау Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласы Геологтар поселкесі аймағында төтенше жағдай жариялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Бүгінгі таңда Атырау қаласы Геологтар поселкесінің тұрғындар пәтерлерінде жылудың жоқтығына байланысты бұл елді мекенде төтенше жағдай қалыптасуда. Адамдар денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 19 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 31 қаңтардан бастап Атырау қаласы Геологтар поселкесiнiң аумағында төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жоюдағы іс-қимылын үйлестіру мен басқару штабы құрамы бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Атырау қаласының әкіміне (Д.Тұрғанов): - Геологтар поселкесінің тұрғын үйлерін меншік нысанына қарамастан газ-монтаждау жұмыстарын жүргізу құқысына лицензиясы бар кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітіп беру (N 2 қосымша); - төтенше жағдайды жою жұмыстарының бақылау жөніндегі бекеттер саны мен орналасу орнын белгілеу; - елді мекен тұрғындарына кезең-кезеңмен табиғи газға қосу және жылу берудің нақты тетігін жасақтап, шаралар қабылдау; - Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 34-бабына сәйкес төтенше жағдайлардағы іс-қимылына лайықты кезек күттірмес шаралар қабылдау; - қажет болғанда Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес лауазымды тұлғаларды, азаматтарды тәртіптік, әкімшілік, мүліктік, ұйымдарды - мүліктік жауапкершілікке тарту тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2001 жылғы 31 қаңтарындағы N 49 шешіміне N 1 қосымша 📌 Ескерту. N 1 қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 7 ақпандағы N 55 шешімімен. Геолог поселкесіндегі төтенше жағдайды жою іс қимылын басқару және үйлестіру туралы штаб құрамы 1. Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы - Атырау қаласының әкімі, штаб төрағасы; 2. Әшімғалиев Арыстанғали Қуанайұлы - құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының бастығы, 3. Нұрлығожиев Әділбек - Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 4. Жарылғасова Жанат Орынғалиқызы облыстық СЭС-тің бас дәрігері, 5. Ізмағамбетов Мешітқали Нәукенұлы - мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы 6. Ли Олег Тхоирович - облыстық төтенше жағдай жөніндегі басқарма бастығының орынбасары 7. Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы 8. Мырзалиев Тілекқабыл - "Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы" еншілес мекемесі директорының міндетін атқарушы 9. Жазбаев Батыр Дүйсенбіұлы - Атырау қаласының прокуроры әділет кеңесшісі
Басқа 6
Облыс әкімінің 2001 жылғы 31 қаңтарындағы N 49 шешіміне N 2 қосымша 📌 Ескерту. N 2 қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 7 ақпандағы N 55 шешімімен. Атырау қаласының Геолог поселкесінде газ плитасын, өлшегіш құралдар, бу қазандарын қондыру және сантехникалық жұмыстарын жүргізу үшін пәтерлерді ұйымдарға бөліп беру ГРПШ Газомонтаж Жылу беру Түтін жолын Бригада жұмысы орнату саны 2, 3 "Атыраугазстрой" "АГС" ЖШС Заманнефтемаш 6, 7 ЖШС "АК" КОЭ (18 гр) 1 бригада 18 "Алауқұрылыс" "ЭРА", Атыраугорстрой" "АМЗ" ААҚ - 2 бригада (31Үй) 9 бригада Атыраугорстрой - 1 бригада 1, 17 "Атырау- "Сантехмонтаж" "Махамбет" ЖШС ЭРА - 2 бригада (8 Үй газинвест" ЖШС "АМЗ" ААҚ,"АНУ" АҚ, Сантехпр.-10 бр. "Заманнефтемаш" "КОЭ" АҚ -10 бр. АНУ" АҚ - 2 бр. "Промтехмонтаж" АҚ - 2 бр. "Южсантехмонтаж" ААҚ -4 бр 4, 15, 16 Облгаз "Сантехпроект" "Ремонт" ЖШС - 2 бр. (9 Үй) "Ремонт" ЖШС "АГС" ЖШС - 9 бр. "Алауқұрылыс" ЖШС - 5 бр. 9, 13 Казстроигаз КОЭ Облгаз - 3 бр. (13 Үй) "Казстроигаз" - 5 бр. "Газинвест" ЖШС - 2 бр. Реттеуші Облгаз – Облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының бастығы