О реорганизации некоторых организаций Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 1-1
"1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн.";
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі