Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
Тармақша 2
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар;
Тармақша 3
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар;
Тармақша 4
4) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және сол үшін пайдаланылатын жеке тұрғынжай бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй), сондай-ақ төтенше жағдай кезінде уақытша (маусымдық) тұруға арналған, қираған немесе тұруға жарамсыз болып қалған, төтенше жағдай жарияланған кезде меншігінде Қазақстан Республикасының аумағында басқа тұрғынжайы жоқ зардап шеккен адамның меншігінде кемінде екі жыл тұрған құрылыс;
Тармақша 4-1
Тармақша 4-2
4-2) үлгілік жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, кейіннен жобалау кезінде көп мәрте қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 4-3
4-3) жеке тұрғын үй – үй-жай учаскесінде орналасқан, шаруашылық және басқа да құрылыстарымен және жасыл екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
Тармақша 4-4
4-4) жеке тұрғын үй құрылысы – азаматтардың өздеріне белгiленген тәртiппен бекiтiп берiлген жер учаскелерiнде өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңнамамен тыйым салынбаған басқа да тәсілмен жеке тұрғын үйлер салуы;
Тармақша 4-5
4-5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлардың салдарларын жою – инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді, қоршаған ортаны қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету бойынша жүргізілетін іс-шаралар, төтенше жағдайлар салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу.
Тармақ 2. 2-тарау. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды есепке қою тәртібі
2-тарау. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды есепке қою тәртібі
Тармақ 4
4. Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтар төтенше жағдай туындағаннан кейін аумағында төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы органға өтініш беріп, мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) зардап шеккен азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлік иесінен (не сенімхат бойынша оның өкілінен) өтініш;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) кадастрлық паспорты;
Тармақша 4
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт);
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген анықтама.
Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы болып табылатын уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыста тұратын азаматтар жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген анықтаманы және төтенше жағдай жарияланған кезде кемінде екі жыл меншігінде тұрған уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысқа растайтын құжаттарды қосымша ұсынады;
Тармақша 6
6) зардап шеккен азаматтарда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметтері, сондай-ақ мына: әлеуметтік қорғау органдары; ішкі істер органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; денсаулық сақтау және білім беру мекемелері мәліметтерінің; коммуналдық төлемдерді төлеу туралы мәліметтердің бірі көрсетілген тұрғын үйге иелік етуді растау болып табылады.
Зардап шеккен азаматтарда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ-ның мәліметтері, сондай-ақ мына: әлеуметтік қорғау органдары; ішкі істер органдары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; денсаулық сақтау және білім беру мекемелері; коммуналдық төлемдерді төлеу туралы мәліметтердің бірі көрсетілген тұрғын үйге иелік етуді растау болып табылады.
Тармақ 4-1
4-1. Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау ғимараттар мен құрылыстардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйін, беріктігі мен орнықтылығын, ғимараттар мен құрылыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге ұсынымдарды көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі тапсырыс беруші жергілікті атқарушы орган болады.
Ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың тізімі өтініштер негізінде қалыптастырылады. Зардап шеккен азаматтардан өтініштер төтенше жағдай жарияланған күннен бастап екі ай ішінде қабылданады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың қалыптастырылған тізімдері Қазақстан Республикасының азаматы өтініш берген күннен бастап айына кемінде екі рет жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 3. 3-тарау. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй беру тәртібі
3-тарау. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй беру тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың тізімдерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күн өткен соң аумағында табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы орган төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде комиссия (бұдан әрі – тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия) құрады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың және жергілікті атқарушы орган қоса берген ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытындының негізінде оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы ұсынымдарды көрсете отырып, 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы негіз болып табылады.
Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бірнеше құрылысжай болған жағдайда бір тұрғынжай ғана беріледі.
Тармақ 7-1
7-1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде азаматпен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шарт жасасуды жүзеге асырады.
Тармақ 7-2
7-2. Ұйымдар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мәліметтерді растаған кезде тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7-3
7-3. Төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындаған елді мекендердің аумағында жергілікті атқарушы органның сатып алып, кейіннен өздеріне заңнамада белгіленген тәртіппен беруі үшін тұрғын үй іздеуді өздері жүзеге асыруға құқылы.
Сатып алынатын тұрғын үйдің құны бекітілген үлгілік жобадан аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. Салынған тұрғын үй төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия шешімінің негізінде беріледі.
Тармақ 8-1
8-1. Уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстың меншік иесінде белгіленген құрылыс нормалары мен қағидаларына, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келмейтін жатақханадағы бөлме түріндегі тұрғынжайдың немесе басқа тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы тұрғынжай алуға кедергі болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй алған азаматтардың тізімі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Тармақ 10
10. Үлгілік жобалар бойынша тұрғын үй салу және сатып алу бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылады.
Бекітілген үлгілік жобалардың құны мен ауданынан асып кеткен жағдайда қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен азаматтарға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді зиян (нұқсан) келтіруші ерікті түрде немесе сот шешімі бойынша жүргізеді.
Тармақ 12
12. Төтенше жағдай туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған азаматтың тұрғын үйіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелуге тиіс.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын өтеу тәртібі
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын өтеу тәртібі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайы тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарға өтеусіз негізде беріледі.
Тармақ 21
21. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге тұрғынжай берілген кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған азаматтар тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге кезектен шығарылады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайы тұруға жарамсыз деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы тұруға жарамсыз тұрғынжайды жер учаскесімен бірге Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді.
Басқа 1
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына
1-қосымша
Кімге _________________________
(комиссия төрағасының
Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен ________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
______________________________
(тұратын)
тел. __________________________
Сізден маған
_______________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)
төтенше жағдай салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына тұрғын үй
беруіңізді сұраймын.
Алушының ЖСН _______________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. _________________________________________________________
2. _________________________________________________________
3. _________________________________________________________
4. _________________________________________________________
20____ж. « ____ » ________________
Өтініш иесі ___________________________________ Т.А.Ә. (бар болса)
(күні, айы, жылы, қолы)
Басқа 2
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына
2-қосымша