Об утверждении положении Порядка оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Атырауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінің ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 6.02.2002 № 189-II шешімімен. Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 1993 жылғы № 2578-ХІІ "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" заңына сай ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Төменде көрсетілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртіптерінің ережелері бекітілсін: - ауылдық жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім бері, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлемді тағайындау Тәртібі (№ 1 қосымша); - төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі (№ 2 қосымша); - төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі (№ 3 қосымша); - телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі (№ 4 қосымша); - аса мұқтаж азаматтарға бiржолғы әлеуметтiк төлемдер төлеу тәртiбi (№ 5 қосымша); - облыс алдында айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға арнайы ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi (№ 6 қосымша); - аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi туралы Ереже (№ 7 қосымша).
Тармақ 2
2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмектер тағайындаған кезде осы бекітіліп отырған ережелерді басшылыққа алсын және әлеуметтік көмектердің тағайындалуын,төленуін, есеп-қисаптарының уақытында жасақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жоғарыдағы мәселелер бойынша осыған дейін облыстық Мәслихаттың сессиямен қабылданған ережелердің күштері жойылған деп танылсын.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 1 қосымша Ауылдық жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы 484-1 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері туралы кейбір заң актілеріне әлеуметтік-мәдени мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын орындау мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына (алға қарай - әлеуметтік сала мамандары) отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін заңсыз төленген біржолғы ақшалай төлем сомасы кінәлі адамдардың есебінен заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайтарылуға жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлем денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мекемелерімен, егер маман осы мекемеде 3 немесе одан да жоғары ай жұмыс істеген жағдайда тағайындалады, 3 айдан төмен жұмыс істеген мамандарға бір жолғы ақшалай төлем тағайындалмайды.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем тағайындауға қажетті құжаттарды дайындау және төлем тағайындау немесе одан бас тарту үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінде басшылар мен жауапты қызметкерлерден комиссиялар құрылады.
Тармақ 6
6. Біржолғы ақшалай төлем әлеуметтік сала мамандарына өздерінің отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем сұрап жазған арыздары негізінде тағайындалады. Жұмыс орны бойынша құрылған комиссияға мынадай құжаттар тапсырылады: - ақшалай төлем тағайындау туралы жеке арыз; - тұрғын үйдің қатты, сұйық немесе басқа түрдегі отынмен жылытылатынын растайтын анықтама; - арыз иесінің осы үйде тұратындығын растайтын анықтама.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік сала мамандарының отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем тағайындау жөніндегі арыздары, тіркелген қажетті құжаттарымен бірге арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде комиссияда қаралады.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді және онымен міндетті түрде арыз иесі қол қою арқылы таныстырылады.
Тармақ 9
9. Комиссия әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуының дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 10
10. Осы Тәртіппен пайдалануға құқығы бар екі немесе одан да көп бірге тұратын мамандар болса, онда отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем олардың әрқайсысына беріледі.
Тармақ 11
11. Отын сатып алуы үшін әлеуметтік сала мамандарына біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тарту жөніндегі комиссиялардың шешімдеріне заңмен тағайындалған тәртіппен шағымдануға болады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін тағайындалған біржолғы төлемдерді қаржыландыру сәйкесті жылдың осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен орындалады.
Тармақ 13
13. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелері (алға қарай - мемлекеттік мекемелер) әр айдың 5 жұлдызына дейін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін өткен айда біржолғы ақшалай төлем тағайындалған адамдардың құрамын анықтайды, сондай-ақ олардың жиынтық тізімін жасайды. Отын сатып алуы үшін ақшалай төлем алушылардың жиынтық тізімін мемлекеттік мекемелер отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем тағайындау жөніндегі комиссиялардың хаттамаларымен қоса әр айдың 5-жұлдызына дейін жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына тапсырады.
Тармақ 14
14. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 5 жұлдызына дейін өткен айдағы төлем алушылардың тізімдерін және аймақтар бойынша отын сатып алуы үшін тағайындалған біржолғы ақшалай төлемдер сомаларын анықтайды. Отын сатып алуы үшін тағайындалған біржолғы ақшалай төлем алушылардың жиынтық тізімдерін жасайды және қаржыландыруға сұраныстар жібереді.
Тармақ 15
15. Жергілікті қаржы органдары берілген сұраныстар негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу мақсатында бюджетте қаралған қаржыны бөледі.
Тармақ 16
16. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейін 2 күннің ішінде екінші деңгейдегі банктердің шоттарына әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем төлеуге қажетті сомаларды, сонымен қатар жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарынан алынған төлем алушылардың тізімдері негізінде және өзін растайтын құжаттарды (төлқұжат, жеке куәлік) көрсеткеннен кейін төлейді.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 17
17. Біржолғы ақшалай төлемдер бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беруді жүзеге асыру жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
Тармақ 18
18. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары тоқсан сайын, әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейін екінші деңгейдегі банктермен өткен тоқсанда әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін төленген біржолғы ақшалай төлемдер сомалары бойынша салыстыру актілерін жасайды, және жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жібереді. Одан басқа, жергілікті қаржы органдарына және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына белгіленген нысан бойынша әр айдың жұлдызына жинақ есеп жібереді.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерін төлеудің дұрыстығына және уақытында болуына өкілетті органдар бақылау жасайды.
Басқа 28
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 2 қосымша Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек (алға қарай-көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек) заңмен тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр түрi болып табылады.
Тармақ 3
3. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
Тармақ 4
4. Көп балалы аналарға заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдаланудағы заңдылықтар белгiлеген тәртiп бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 5
5. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет тағайындалады және төленедi.
Тармақ 6
6. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi комиссия көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын жердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi: - әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi жеке арыз; - отбасы құрамы туралы анықтама; - балаларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi; - ортопед-стоматолог дәрiгердiң тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу қажеттiлiгi туралы қорытындысы; - стоматологиялық мекемеден тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстарының құнын растайтын анықтама.
Тармақ 8
8. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу жұмыстары Атырау облысының аумағындағы стоматологиялық мекемелерде жасалса ғана тағайындалады.
Тармақ 9
9. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi жасалған жұмыстың бағасына тең болады, бiрақ 6000 теңгеден аспауы қажет.
Тармақ 10
10. Көп балалы аналардың бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi арыздары басқа да қажеттi құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге жазбаша хабарланады.
Тармақ 12
12. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi комиссияның шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 13
13. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру облыстық бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр айдың 5 жұлдызына дейiн тағайындалған бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың санын және осы көмектiң өткен айдағы сомасын анықтайды. Бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн жасап, оларды әр айдың 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктерге, сонымен қатар жергiлiктi қаржы органдарына сұраныстар жiбередi.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi қаржы органдары облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстарына сай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.
Тармақ 16
16. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарына көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi соманы, сонымен қатар аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мен екiншi деңгейдегi банктердiң арасындағы агенттiк келiсiмге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Екiншi деңгейдегi банктер бiржолғы әлеуметтiк көмектердi аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi негiзiнде және өзiн растайтын құжаттарын (төлқұжат, жеке куәлiк) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 17
17. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау жүне есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
Тармақ 18
18. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктермен өткен тоқсанда көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмекке төленген төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасайды және жергiлiктi қаржы органдарына, сондай-ақ облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына тапсырады. Сонымен қатар, әр айдың 10 жұлдызына дейiн белгiленген нысан бойынша есеп тапсырады.
Тармақ 19
19. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және уақытында болуына өкiлеттi органдар бақылау жасайды.
Басқа 52
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 3 қосымша Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек (алға қарай - көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек) заңмен тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр түрi болып табылады.
Тармақ 3
3. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
Тармақ 4
4. Көп балалы аналарға заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдаланудағы заңдылықтар белгiлеген тәртiп бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 5
5. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек ай сайын тағайындалып, арыз берген айдан бастап ай сайын өткен ай үшiн төленедi.
Тармақ 6
6. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi комиссия көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын жердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi: - әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi жеке арыз; - отбасы құрамы туралы анықтама; - балаларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi.
Тармақ 8
8. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек айлық есептiк көрсеткiштiң 40,0 (қырық) пайызы мөлшерiнде тағайындалады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек алушылар от басының құрамы өзгерген күннен бастап 10 күннiң iшiнде комиссияға ақпарат бередi.
Тармақ 10
10. Көп балалы аналардың әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi арыздары басқа да қажеттi құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге жазбаша хабарланады.
Тармақ 12
12. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi комиссияның шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 13
13. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмектi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр айдың 5 жұлдызына дейiн тағайындалған әлеуметтiк көмек алушылардың санын және осы көмектiң өткен айдағы сомасын анықтайды. Әлеуметтiк көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн жасап, оларды әр айдың 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктерге жолдап, сонымен қатар жергiлiктi қаржы органдарына сұраныстар жiбередi.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi қаржы органдары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстарына сай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.
Тармақ 16
16. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарына көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi соманы, сонымен қатар аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мен екiншi деңгейдегi банктердiң арасындағы агенттiк келiсiмге сәйкестi комиссиялық сыйақыларды аударады. Екiншi деңгейдегi банктер әлеуметтiк көмектердi аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi негiзiнде және өзiн растайтын құжаттарын (төлқұжат, жеке куәлiк) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 17
17. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
Тармақ 18
18. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктермен өткен тоқсанда көп балалы аналарға әлеуметтiк көмекке төленген төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасайды және жергiлiктi қаржы органдарына, сондай-ақ облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына тапсырады. Сонымен қатар, әр айдың 10 жұлдызына дейiн белгiленген нысан бойынша есеп тапсырады.
Тармақ 19
19. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және оның уақытында төленуiне өкiлеттi органдар бақылау жасайды.
Басқа 76
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 4 қосымша Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы № 1027 "Зейнеткерлерді Әлеуметтік қорғау туралы" қаулысын орындау мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге тағайындалады (алға қарай - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Жалғызілікті азаматтардың арыздарын қарау үшін жергілікті атқарушы органдарда денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарының қатысуымен комиссиялар құрылады (алға қарай - комиссия).
Тармақ 3
3. Комиссия жалғызілікті тұратын зейнеткердің әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызының негізінде 5 күннің ішінде оның әлеуметтік -тұрмыстық, денсаулық жағдайын тексеріп, әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын жері бойынша комиссияға төмендегідей құжаттар тапсырылады: - әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке арызы; - отбасы құрамы туралы анықтама; - арыз берушінің телефон желісінің абоненті екендігін растайтын анықтама.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек арыз берген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімі сәйкесті хаттамамен ресімделеді және онымен беруші міндетті түрде қол қою арқылы таныстырылады.
Тармақ 7
7. Комиссия тағайындалған әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту жөніндегі комиссияның шешіміне заңмен тағайындалған тәртіпте шағымдануға болады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз, оған қоса тағайындау туралы комиссия шешімінің хаттамасы алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру сәйкесті жылда осы мақсатқа қаралған жергілікті бюджет қаржысы есебінен жҮзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау органдары әлеуметтік көмек алушылар тапсырған нақты есептелген абоненттік төлем туралы құжаттардың негізінде ар айдын 5 жұлдызына дейін өткен ай үшін әлеуметтік көмек төлеу үшін қажетті қаржының көлемін анықтап, алушылардың тізімін шығарады.
Тармақ 3
3. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 10 жұлдызына дейін әлеуметтік көмек алушылардың тізімін екінші деңгейдегі банктерге, ал қаржыландыруға сұраныстарды жергілікті қаржы органдарына жібереді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қаржы органдары жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік көмекті төлеу үшін бюджетте қаралған қаржыны бөледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары ағымдағы есеп шоттарына қаржы түскеннен кейінгі 2 күннің ішінде екінші деңгейдегі банктердің шоттарына әлеуметтік көмек төлеуге қажетті қаржының сомасын, сондай-ақ еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің арасында жасақталған агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Төлемдерді екінші деңгейдегі банктер аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарынан алынған әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері негізінде және өзін растайтын құжаттарын (төлқұжат, жеке куәлік) көрсеткеннен кейін төлейді.
Тарау 4. 4. Есеп, бақылау жүргізу және есеп беру тәртібі
4. Есеп, бақылау жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүзеге асыру жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
Тармақ 2
2. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейін екінші деңгейдегі банктермен өткен тоқсанда әлеуметтік көмек үшін төленген сомалары бойынша салыстыру актілерін жасап, жергілікті қаржы органдарына, сондай-ақ облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жібереді. Сонымен қатар, әр айдың 10 жұлдызына дейін жергілікті қаржы органдарына және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына белгіленген нысан бойынша есеп тапсырады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмектің дұрыс және уақытында төленуіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
Басқа 99
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 5 қосымша Аса мұқтаж азаматтарға бiржолғы әлеуметтiк төлемдер төлеу тәртiбi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртiп 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2578-ХII "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңына сәйкес жасақталды.
Тармақ 2
2. Заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк төлемдер сомасы пайдаланудағы заңдарда қаралған тәртiппен кiнәлi тұлғалар есебiнен керi қайтарылуға жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 3
3. Бiржолғы әлеуметтiк төлем (алға қарай - әлеуметтiк төлем) облыстық аса мұқтаж азаматтарына жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен олардың арыздары бойынша жылына бiр рет төленедi.
Тармақ 4
4. Аса мұқтаж азаматтардың арыздарын қарау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда комиссия құрылады.
Тармақ 5
5. Тұрғылықты жердегi комиссияға мынадай құжаттар тапсырылады: - әлеуметтiк төлем тағайындауды сұрап жазған арыз; - отбасы құрамы туралы анықтама; - осы азаматтық көмекке мұқтаж екендiгi туралы селолық округ әкiмдерiнен анықтама. Жазбаша берiлген арыз арыз берушiнiң үй-тұрмыстық жағдайын зерттеуге берген келiсiмi болып саналады.
Тармақ 6
6. Комиссия арыз берушiнiң тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттейдi, оның табысын, жеке қосалқы шаруашылығының бар немесе жоқтығын отбасының құрамын және отбасы мүшелерiнiң жұмыспен қамтылуын ескере отырып оның көмек қажет ететiндiгi туралы кесiмдер жасап, өтiнiшiн қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы, зерттеу актiсiн жалғап, ұсыныс бередi.
Тармақ 7
7. Зерттеу нәтижесi бойынша акт түскеннен кейiн комиссия азаматтың арызын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы қорытынды шешiм алады, қанағаттандырған жағдайда әлеуметтiк төлем мөлшерiн анықтайды, бiрақ бұл 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы қажет.
Тармақ 8
8. Комиссия шешiмi хаттамаланады және арыз берушi мiндеттi түрде таныстырылады.
Тармақ 9
9. Комиссия әлеуметтiк төлемдердiң дұрыс тағайындалуына жауапты.
Тармақ 10
10. әлеуметтiк төлем тағайындау туралы арыз оған тiркелген құжаттармен, сондай-ақ комиссияның хаттамасы арыз берушiнiң жеке iсiнде сақталады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк төлемдердi қаржыландыру сәйкестi жылдың осы мақсатқа қаралған жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары комиссиялар шешiмдерiнiң негiзiнде, әр айдың 5 жұлдызына дейiн өткен ай үшiн әлеуметтiк төлемдерге қажеттi қаржының көлемiн анықтап, төлем алушылардың тiзiмiн жасақтайды.
Тармақ 13
13. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк төлемдер алушылардың тiзiмiн әр айдың 10 жұлдызынан кешiктiрмей екiншi деңгейдегi банктерге жолдайды, сонымен қатар, жергiлiктi қаржы органдарына қаржыландыруға сұраныстар жiбередi.
Тармақ 14
14. Жергiлiктi қаржы органдары жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстары негiзiнде әлеуметтiк төлемдерге қаралған қаржыны бөледi.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктер шоттарына әлеуметтiк төлемдерге қажеттi қаржыны аударады, сонымен қатар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мен екiншi деңгейдегi банктердiң арасындағы агенттiк келiсiмге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Екiншi деңгейдегi банктер әлеуметтiк төлемдердi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi мен өзiн растайтын құжатты (төлқұжат, жеке куәлiгi) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 16
16. Әлеуметтiк түлемдердiң есебiн жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
Тармақ 17
17. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10-шы жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктер мен әлеуметтiк төлемдер үшiн өткен тоқсанда төленген әлеуметтiк төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасап жергiлiктi қаржы органдары мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына жiбередi. Бұдан басқа, осы органдарға әрбiр айдың 10-шы жұлдызына дейiн белгiленген нысанда жиынтық есеп жiбередi.
Тармақ 18
18. Әлеуметтiк төлемдердiң дұрыстығын және мезгiлiнде төленуiне бақылау жасауды уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Басқа 122
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 2 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 6 қосымша Облыс алдында айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға арнайы ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртiп 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578 -ХII "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Заңсыз төленген арнайы жәрдемақы (алға қарай-жәрдемақы) сомасы пайдаланудағы заңдарда қаралған тәртiппен кiнәлi тұлғалар есебiнен қайтарылуға жатады.
Тарау 2. 2. Жәрдемақы тағайындау тәртiбi
2. Жәрдемақы тағайындау тәртiбi
Тармақ 3
3. Жәрдемақы облыс алдындағы айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 4
4. Арнайы ай сайынғы жәрдемақыны бiрнеше негiз бойынша алуға құқылы тұлғаларға Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 365 "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес, жәрдемақы өз қалауы бойынша тек бiр негiзде ғана төленедi.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы алуға құқылы тұлға жәрдемақы тағайындау туралы арызды жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне төмендегi құжаттармен бiрге тапсырады: - жәрдемақы тағайындауға негiз беретiн құжат; - Мемлекеттiк төлем орталығының жергiлiктi бөлiмшелерiнен арыз берушiге басқа арнаулы жәрдемақы тағайындалмағаны туралы анықтама.
Тармақ 6
6. Жәрдемақы тағайындау құжаттарын қарау, құжаттар түскеннен кейiн 5 күн iшiнде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн 3 күн iшiнде өтiнiш иесiне жазбаша хабарлама бередi. Жәрдемақы тағайындалмаған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары жәрдемақы тағайындалмау себебiн түсiндiрiп жазбаша хабарлауға және тапсырған құжаттарды арыз иесiне керi қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
Тарау 3. 3. Жәрдемақыны қаржыландыру және төлеудiң тәртiбi
3. Жәрдемақыны қаржыландыру және төлеудiң тәртiбi
Тармақ 9
9. Жәрдемақы осы тәртiпке сай жергiлiктi бюджетте осы мақсатқа сәйкестi жылда қаралған қаржылар есебiнен төленедi.
Тармақ 10
10. Жәрдемақы төлеу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары арқылы өткен ай үшiн төленедi.
Тармақ 11
11. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр айдың 5 жұлдызына дейiн жәрдемақы алушылардың санын және өткен ай үшiн тағайындалған жәрдемақының мөлшерiн анықтайды. Жәрдемақы алушылардың жиынтық тiзiмiн жасақтап, әр айдың 10 жұлдызынан кешiктiрмей екiншi деңгейдегi банктерге жолдап, сондай-ақ жергiлiктi қаржы органдарына қаржыландыру үшiн сұраныстар жiбередi.
Тармақ 12
12. Жергiлiктi қаржы органдары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстары негiзiнде бюджетте жәрдемақы төлеуге қаралған қаржыдан бөледi.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктер шоттарына арнайы ай сайынғы жәрдемақы төлеуге қажеттi қаржыны аударады, сонымен қатар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мен екiншi деңгейдегi банктердiң арасындағы агенттiк келiсiмге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Екiншi деңгейдегi банктер жәрдемақыларды еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан алған жәрдемақы алушылардың тiзiмдерi негiзiнде өзiн куәландыратын құжаттарын (төлқұжат, жеке куөлiгi) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 14
14. Жәрдемақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктермен өткен тоқсанда төленген жәрдемақылардың сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасап, жергiлiктi қаржы органдары мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына жiбередi. Одан басқа, жергiлiктi қаржы органдарына және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына әр айдың 10 жұлдызына дейiн белгiленген нысанда жиынтық есеп жiбередi.
Тармақ 16
16. Жәрдемақы төлеудiң дұрыстығына және мезгiлiнде төленуiне бақылау жасауды өкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Басқа 143
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-ІІ шешiмiне № 7 қосымша Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi туралы Ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегiнiң басты мақсаты әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiмен қатар халықтың ең аз қамтылған бөлiгiне уақытша қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 2
2. Отбасының жиынтық орташа айлық табысы өазақстан Республикасының экономика және қаржы Министрлiктерiмен келiсiп, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi № 2 және өазақстан республикасының ұлттық Статистика агенттiгi директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы № Р 1-14/124 бұйрықтарымен бекiтiлген нұсқаулықпен анықталады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмектерiн тағайындау, құжаттарды жинау, дайындау үшiн және көмектi тағайындау немесе көмек тағайындаудан бас тарту мәселелерiн шешу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда комиссиялар құрылады (алға қарай-Комиссия).
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы арыз соған қоса берiлген барлық қажеттi құжаттармен бiрге түскен күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде тиiстi комиссиялардың отырыстарында қаралады.
Тармақ 5
5. Егер комиссия тұрғын үй көмегiн беруге қарсы шешiм қабылдаса, көмек беруге қарсылықтың себебi көрсетiлген шешiм арыз берушiге барлық тапсырған құжаттарымен бiрге керi қайтарылады.
Тармақ 6
6. Тағайындалған өлеуметтiк көмектiң дұрыстығына комиссия жауап бередi.
Тармақ 7
7. Комиссияның көмек тағайындаудан бас тартқан шешiмi Заңмен белгiленген тәртiп бойынша шағым беруге жатады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы арыз, оған қоса берiлген құжаттар, сонымен қатар комиссияның тұрғын үй көмегiн беру туралы шешiмi немесе оның көшiрмесi алушының жеке iсiнде сақталады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегi
2. Тұрғын үй көмегi
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегi осы елдi мекенде тұрақты тұратын және меншiгiнде үйi бар немесе тұрғын үйдi жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетiледi.
Тармақ 10
10. Өтем төлеу шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы көлемi: - жанұя құрамында екi және одан да көп адамы бар, екi және одан көп бөлмелi пәтерлi үйде тұратын отбасылары үшiн өтем төлеу шараларымен қамтамасыз етiлуге тұрғын үй аумағының көлемi тұрғын үй заңдылығымен белгiленген отбасының әрбiр мүшесiне берiлуге тиiстi тұрғын үй көлемiне пара-пар, бiрақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болады; - жалғыз тұратын азаматтар үшiн - 31 шаршы метр; - бiр бөлмелi пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшiн тұрғын үй аумағының нақты пайдаланып отырған ауданы.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй күмегi тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметпен пайдалануға есептелген үй аумағының көлемiне, бiрақ нақты пайдаланудағы есептелген шығын (үстемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағының көлемiне, бiрақ нақты пайдаланудағы жалпы аумақтан және тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтi пайдалану шығынының көлемдерiнен аспайтын болуы керек) отбасының орташа айлық жиынтық табысының 30 пайызынан асып кеткен жағдайда көрсетiледi. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi жалға алушының (меншiк иесiнiң) тұрғын үйдi ұстағаны және коммуналдық қызметтi пайдаланғаны үшiн өтем ақы шараларымен қамтамасыз етiлген көлем шегiнде есептелген шығыны мен отбасының орташа айлық жиынтық табысының 30 пайызының айырмасы ретiнде есептеледi. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi ұстағаны және коммуналдық қызметтi пайдаланғаны үшiн нақты есептелген төлемнiң 50 пайызынан аспауы керек. Тұрғын үйдi ұстағаны және коммуналдық қызметтi пайдаланғаны үшiн белгiленген көлемнен артығы жалпыға бiрдей негiзде төленедi.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде есепке алынатын тұрғын үйдi ұстауға шығынының мөлшерiн және коммуналдық қызметтi пайдалану көлемдерiн (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифтiмен пайдалану) облыс әкiмi белгiлейдi.
Тармақ 13
13. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үйi бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйдi жалға, не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқынан айырылады. Егерде отбасында күтiм қажет ететiн мүгедектердi күтумен немесе 3 жасқа дейiнгi балаларды (бiреу не одан көп) тәрбиелеумен айналысатын адамдардан басқа, жұмысқа қабiлеттi бола тұрып, жұмыс жасамайтындар, оқымайтындар, әскер қатарында жоқтар, жұмыссыздар ретiнде тиiстi органдарда тiркелмеген болса, ондай отбасыларының тұрғын үй көмегiн алуға құқылары жоқ. Ал, төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеп, жұмыстан бос отырғандар тұрғын үй көмегiн алуға ең кiшi бала бiрiншi сынып бiтiргенге (бiрақ 9 жастан аспайтын) дейiн ғана құқылы.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем ретiнде тағайындалады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiм тұрғын үй иесiнiң (жалдап алушының) арызының және оған қоса берген құжаттардың негiзiнде қабылданады: - отбасы құрамы туралы анықтама; - пайдаланып отырған тұрғын үйдiң жалпы көлемi туралы анықтама; - қызмет көрсетушi мекемелерден тұрғын үй ұстағаны және коммуналдық қызмет көрсеткенi үшiн есептелген шығыны туралы анықтама; - отбасының жиынтық табысы туралы құжаттар; жеке меншiгiнде тұрғын орны (үй, пәтер) бар екендiгiн растайтын құжат.
Тармақ 16
16. Тапсырылған құжаттарды қараудың нәтижесi бойынша тұрғын үй көмегiнiң есебi жасалады. Оның бiр данасы тұрғын үйдi жалдаушыда (меншiк иесiнде) сақталады.
Тармақ 17
17. Ақпарат дұрыстығына күмән туған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары сұрау салуға, ал заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар тұрғын үй көмегiн алуға үмiткерлердiң табысы туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi. Тұрғын үй көмегiн тағайындауға арыз берген тұрғын үйдi жалдаушының (меншiк иесiнiң) отбасының iс-әрекетке қабiлеттiлiгi бар әрбiр мүшесi оның табысы туралы мәлiметтердi, қажет болғанда заңды немесе жеке тұлғаларға берiп, оның дұрыстығын анықтауға рұқсат етiлетiн арнайы рұқсатқа қол қоюы керек.
Тармақ 18
18. Егер тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы арыз барлық басқа қажеттi құжаттармен бiрге айдың 25 жұлдызына дейiн тапсырылса, тұрғын үй көмегi сол арыз тапсырған айдан бұрынғы айдан бастап тағайындалады. Отбасының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтi пайдалануға жұмсалатын шектi шығын бөлiгi, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет бағалары өзгерсе, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары бұрын тағайындалған жәрдемақыларды қайта есептейдi.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру және төлеу тәртiбi
4. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 19
19. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi ай сайын әрбiр айдың 5 жұлдызына дейiн көмек алушылар санын және өткен ай үшiн тағайындалған тұрғын үй көмегiнiң сомасын нақтылайды. Ай сайынғы тағайындалған тұрғын үй көмегiнiң жиынтық тiзiмiн жасақтап, әрбiр айдың 10 жұлдызынан кешiктiрмей екiншi деңгейдегi банктерге жолдайды және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына тапсырыс бередi.
Тармақ 20
20. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы аймақтық бөлiмдердiң тапсырыстары негiзiнде облыс бойынша өткен айға қажеттi қаржы көлемiн анықтайды және тағайындалғаннан кейiнгi айдың 10 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн тапсырыс бередi.
Тармақ 21
21. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының тапсырысы негiзiнде оған тұрғын үй көмегiн төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледi. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы өзiнiң ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейiн, екi күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктер шотына тағайындалған тұрғын үй көмегiн төлеуге қажеттi соманы аударады және екiншi деңгейдегi банктер мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы арасындағы агенттiк келiсiмге байланысты комиссиялық сыйақылар аударады.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегi екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы аймақтық әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнен келiп түскен алушылардың тiзiмдерiнiң негiзiнде және олар жеке құжаттарын (төлқұжат, куәлiк) көрсеткен кезде төлейдi. Тұрғын үй көмегiн алушылардың жеке iстерiнде олардың көмектi екiншi деңгейдегi банктердiң салымына салу арқылы алу туралы жазбаша арыздары болуы мiндеттi шарт.
Тарау 5. 5. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi
5. Есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмектерi бойынша есеп, бақылау жүргiзу және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына және оның құрылымдық бөлiмдерiне жүктеледi.
Тармақ 24
24. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әрбiр тоқсанның бiрiншi айының 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктермен өткен тоқсанда тұрғын үй көмегi үшiн төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерiн жасайды. Салыстыру актiлерiнiң негiзiнде белгiленген нысан бойынша төленген тұрғын үй көмегi үшiн төленген сома туралы жиынтық есеп жасап облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй көмегiн төлеу үшiн бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуына, сонымен қатар тұрғын үй көмегiнiң уақытылы төленуiне бақылауды уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Лауазым иелерiнiң кiнәсiнен немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына шындыққа сәйкес келмейтiн құжаттарды әдейi тапсырған арыз берушiнiң кiнәсiнен болған заңсыз немесе дұрыс емес тағайындалған тұрғын үй көмектерi кiнәлi адамдардың есебiнен бюджетке қайтарылуға жатады.