Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі № 171/ҚБП бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2026 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу
изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2014 жылғы
15 қазандағы № 346 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу
изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) қамауға алу таңдалған күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды қамауда ұстаудың ішкі тәртіптемесін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Ішкі тәртіптеме күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттерін атқаруы, оларды оқшаулау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде қарастырылған міндеттерді шешу мақсатында белгіленеді.
Режимді қамтамасыз ету, ішкі тәртіпті ұстау тергеу изоляторының әкімшілігіне жүктеледі.
Тармақ 3
3. Тергеу изоляторлары күн тәртібін тергеу изоляторының бастығы анықтайды және бекітеді. Онда күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың түнгі уақыттағы сегіз сағаттық үздіксіз ұйқысы, тұруы, дәрет алуы, тамақтануы, жұмысқа тартылуы, процестік әрекеттерге қатысуы, қорғаушылармен, жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесу уақыты қарастырылады. Күн тәртібі әр камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
Тармақ 4
4. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдікті, айыпталушы және сотталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады және құқықтары мен бостандықтарды пайдаланады.
Тарау 2. 2-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру тәртібі
2-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Тергеу изоляторына келіп түскен күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды қабылдауды, тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негіз болатын құжаттардың барын тексеріп, сол адамнан сұрақ-жауап алу және оның жауаптарын күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ісінде (бұдан әрі – жеке іс) көрсетілген мәліметтермен салыстыру арқылы тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі – кезекші), сондай-ақ медициналық тексеруден өткізетін медицина қызметкері тәулік бойы жүргізеді.
Тармақ 6
6. Жаңадан түскендерге тергеу изоляторына келіп түскен алғашқы тәулік ішінде медицина қызметкері айналасына қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды және жедел медициналық көмекке мұқтаж ауруларды анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеру жүргізеді. Қабылдау кезекшінің немесе бақылаушының қатысуымен жүргізіледі.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда кезекші шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау үшін жаңадан келіп түскендердің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді.
Жаңадан келіп түскендердің өзін нашар сезінуіне шағымы немесе ауру (жарақат) белгілері болған жағдайда кезекші жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.
Науқастың өміріне қауіп төнген, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келу мүмкіндігі болмаған кезде кезекші науқасты дереу жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізу бойынша шаралар қабылдайды.
Егер медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жәрдем бригадасының қорытындысы бойынша науқас стационарлық емделуге мұқтаж болса, онда ол денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
Тармақ 7
7. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды тергеу изоляторларына орналастыру және одан әрі ұстау үшін негіздеме күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берілгендігі жөніндегі сот қаулысы; сот қарауы кезінде шығарылған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы сот қаулысы; экстрадициялық қамауға алу жөніндегі сот қаулысы; прокурормен бекітілген, ауыстыру (этаптау) жөніндегі прокурордың не болмаса сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның қаулысы болып табылады.
Тармақ 8
8. Тергеу изоляторына қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар лауазымды адамдардың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Тергеу изоляторына күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы судьяның не болмаса сот қаулысының көшірмесі ұсынылған жағдайларда онда бұлтартпау шарасы қолданылған адамды анықтайтын деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туылған күні және жері, азаматтығы, ұлты, соттылығы, тұрғылықты жері) көрсетіледі. Көшірме лауазымды тұлғаның қолымен қуәландырылып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және шешім қабылданған уақыттан бастап үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде қаулының көшірмесімен ауыстырылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Транзитпен айдауылданатын адамдар тергеу изоляторына жеке істері бойынша анықтамалары мен ілеспе тізімдерінің негізінде қабылданады және белгіленген орындарға жөнелтіледі.
Тармақ 11
11. Тергеу изоляторына қабылданған күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қабылдау кезінде құқықтары мен міндеттері, күзетте ұстау режимі, тәртіп талаптары, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат беріледі. Аталған ақпаратты жазбаша түрде де, ауызша түрде де жеткізуге болады.
Тармақ 12
12. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға олардың өтініші бойынша танысу үшін осы Қағидалардың көшірмесі беріледі. Әр камерада қабырғаға Заң, күзетте ұсталатын адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
Тармақ 13
13. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар жалпы және бір адамдық камераларда ұсталады. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды камералар бойынша орналастыру Заңның олардың жеке тұлғалық және психологиялық үйлесімділігін ескере отырып жеке орналастыру талаптарына сәйкес тергеу изоляторының бастығы бекіткен, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы камералар бойынша орналастыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығымен (бұдан әрі – Қамтамасыз етудің заттай нормалары) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.
Тармақ 15
15. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды бір адамдық камераларға бір тәуліктен ұзақ мерзімге орналастыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы, прокурордың рұқсаты берілген, күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға ауыстыру туралы тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды бір адамдық камераларға орналастыруға мына жағдайларда прокурордың рұқсаты қажет емес:
Тармақша 1
1) Заңның 32-бабында қарастырылған, жеке орналастыру талаптарын ұстауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндіктері болмағанда;
Тармақша 2
2) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының не болмаса басқа күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін;
Тармақша 3
3) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ұсталуы туралы жазбаша өтініші болғанда;
Тармақша 4
4) күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды күндіз жалпы камераларда ұстап, бір адамдық камераларға түнгі мезгілге орналастыру барысында.
Тармақ 16
16. Оқшаулау тәртібі күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың барлық орын ауыстыруы жағдайларында (тергеу изоляторларының дәліздері мен аумағында қозғалуы, серуенге шығарған кезде, санитарлық өңдеуде, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру, заттарына тексеру жүргізу, сондай-ақ сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін алу тәртібі
3-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру, заттарына тексеру жүргізу, сондай-ақ сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін алу тәртібі
Тармақ 17
17. Тергеу изоляторына келіп түскен күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар толық жеке тінтуден өткізіледі, уәкілетті тұлға саусақтарының таңбасын алады және суретке түсіреді. Олар орналасатын орын-жайларда тінту, ал олардың заттары мен жіберілген сәлемдемелеріне тексеру жүргізіледі. Олардың әрқайсысына бір саусақ таңбасын алу картасы және көлемі төрт жарым сантиметрге алты сантиметр фотосурет (үшеуі алдынан және үшеуі қырынан түсірілген) әзірленеді.
Тармақ 18
18. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке тінту және олардың заттарын тексеру сақтау мен пайдалануға тыйым салынған немесе ол адамға тиесілі емес құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін анықтау және алу мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Жеке тінту толық және жартылай болады. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тергеу изоляторына түскен кезде, одан ақырғы шығарған кезде, тәртіптік изоляторға немесе бір адамдық камераға орналастыру кезінде, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілгеннен басқа жағдайларда толық тінтуден өтеді..
Толық тінту кезінде тінтілушінің денесі, оның киімдері, аяқ киімдері, сондай-ақ протезі мұқият тексеріледі. Күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталушыларға толық шешініп, денесінің тиісті жерлерін көрсету ұсынылады. Пластырь жапсырмасы, гипс және басқа да байлауыштар болса медицина қызметкерінің рұқсатымен тексеріледі. Бұдан кейін денесін тексеру барысында аяқ-қолы саусақтарының арасы, табаны, қолы екі жағынан, тері жамылғысы, құлақ қалқаны, ауыз және мұрын қуысы, қолтықтары, аяқтарының арасы, сондай-ақ хирургиялық тыртықтары болса, мұқият тексеріледі, шашы таралады.
Тармақ 20
20. Денесін тексергеннен кейін киімі, аяқ киімі және іш киімі мұқият тексеріледі. Киім мұқият қаралады және саусақпен басып көру арқылы, әсіресе тігісі, кыртысы, матаның қабатталған жері және астары тексеріледі. Күдік тудыратын жерлерін бізбен теседі және тігісі сөгілуі мүмкін. Киімнің қалталары, жеңі, шалбар, іш киім, шұлықтар теріс айналдырылады. Темір түймелер, ілмектер мен айылбастар алынып, темір емес түймемен, ілмекпен алмастырылады. Аяқ киімнің ішкі және сыртқы жағы мұқият тексеріледі, сонымен қатар астары, ұлтарақтың желімденген жері және ашылуы, кесілуі мүмкін өкшелеріне назар аударылады. Аяқ киімнің темір жақтаулары мен тағалары алынып, бауы сыпырылады.
Тармақ 21
21. Тінту және тексеру кезінде табылған ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес сақтауға, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуға рұқсат етілетін тамақ өнімдері, бірінші қажеттілік заттары, аяқ киімдер, киімдер және басқа да өнеркәсіптік тауарларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілмеген заттар мен тамақ өнімдері алынады. Матасы сөгілген киімдер, аяқ киімдер мен басқа да заттар тергеу изоляторының есебінен қалпына келтіріледі.
Тармақ 22
22. Жартылай тінту күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды тергеу изоляторының аумағы шегіне алып шыққан кезде (саусағының таңбасын алуға, медицина қызметкеріне, тергеушіге, туыстарымен және басқа адамдармен кездестіру алдында және кейін, басқа камераға ауыстыру кезінде) жүргізіледі. Жартылай тінту кезінде тінтілушінің киімі мен аяқ киімі шешіндірілмей тексеріледі.
Тармақ 23
23. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке тінтуді онымен жынысы бір тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері жүргізеді. Толық тінту кезінде медицина қызметкерін қоспағанда, онымен жынысы бір адамдар қатысады.
Тармақ 24
24. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың заттарын тексеру олар тергеу изоляторына келіп түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтілерде, басқа камераға, медициналық стационарға ауыстырылғанда немесе тәртіптік изоляторға қамау кезінде оның өзінің катысуымен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды толық жеке тінту және олардың заттарын тексеру хаттамамен ресімделеді, оған осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы ақшаны, бағалы бұйымдарды, заттарды және тамақ өнімдерін алу туралы акт қоса тіркеледі. Толық тінту мен заттарды тексеру қатар жүргізілген жағдайда бір хаттама ресімделеді. Хаттамаға күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының және жеке тінту немесе заттарын тексеруді жүргізген тергеу изоляторының қызметкерінің қолдары қойылады. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тінту немесе тексеру кезіндегі барлық талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке іске тіркеледі. Толық жеке тінту немесе заттарды тексеру туралы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының камералық карточкасында тінтуді немесе заттарды тексеруді жүргізген адамның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, тексерілген күні көрсетіліп белгіленеді.
Тармақ 26
26. Жартылай жеке тінту жүргізілгенде ақшалардың, бағалы бұйымдар және тыйым салынған заттар мен тамақ өнімдерінің алынғандығы туралы баянат жазылады.
Тармақ 27
27. Күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны жеке тінту, заттарын тексеру жүргізгенде ақшалар, бағалы бұйымдар және тыйым салынған заттар мен тамақ өнімдерін табу үшін техникалық құралдарды пайдалануға болады. Рентген құрылғыларын тек күдіктінің, айыпталушының және сотталушының заттарын тінту немесе тексеру үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 28
28. Сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттардың тамақтары мен заттарын тексеру тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:
нан тағамдары екі-үш бөлікке бөлінеді;
сұйық тағамдар ыдысқа құйылады;
консервілер ашылып, басқа ыдысқа салынады;
балық екі, үш бөлікке бөлінеді;
шұжық тағамдары бірнеше бөлікке бөлінеді;
төгілетін заттар қайта төгіледі;
кәмпиттер орама қағазсыз қабылданады.
Хат жазысулар мен тыйым салынатын заттарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін барлық басқа тамақтар да осы тәртіпте тексеріледі. Тексеру тамақтың сапасын жоғалтпайтындай жағдайда жүргізіледі.
Заттар мен құралдар да тап солай мұқият тексеріледі.
Тармақ 29
29. Егер алынуға жататын құралдарды немесе құжаттарды адамның жоюы немесе тығып қоюы әрекеттері жасалған болса, ол қолданылған шаралар нақты көрсетіле отырып, жеке тінту хаттамасында жазылуы тиіс. Жеке тінту жүргізу хаттамасының көшірмесі тінту жүргізілген адамға қолын қою арқылы беріледі.
Тармақ 30
30. Тергеу изоляторына келіп түскендерден жеке тінту жүргізу кезінде табылған ақша, бағалы бұйымдар, камерада сақтауға рұқсат етілмейтін заттар, заттектер мен тамақ өнімдері алынады. Ақшалар олардың жеке шоттарына салынады, ал бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері тергеу изоляторының қоймасында сақтауға тапсырылады немесе жойылады.
Тармақ 31
31. Күдіктіден, айыпталушыдан немесе сотталушыдан алынған, сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектер мен тамақ өнімдерін жою соттың шешімімен жүзеге асырылады, бұл жөнінде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда заттарды және тамақ өнімдерін жою туралы акт жасалады. Тізбеге енгізілмеген құралдар, заттар мен тамақ өнімдері де осы тәртіппен жойылады.
Тармақ 32
32. Күзетте ұстау кезінде күдіктіден, айыпталушыдан және сотталушыдан ақша, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері алынған немесе анықталған әр факті бойынша олардың түсу көздерін және нақты иесін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Күдіктілерден, айыпталушылардан немесе сотталушылардан анықталған және алынған оларға тиесілі емес ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері иелеріне беріледі. Егер алынған ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдерінің иесі анықталмаса, ақшалар, бағалы бұйымдар алынып, бұл жөнінде хаттама жасалады және сұранысқа ие болмайынша тергеу изоляторының қоймасына қойылады.
Тармақ 34
34. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының өтініші бойынша және қылмыстық іс өндірісінде болған адамның немесе органның келісімімен тергеу изоляторында сақтауда жатқан ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері олардың күйеуіне (жұбайына), жақын туыстарына немесе өзге адамдарға беріледі.
Тармақ 35
35. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері оның күйеуіне (жұбайына), жақын туыстарына немесе өзге адамдарға беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету тәртібі
4-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 36
36. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар жеке пайдалану үшін:
Тармақша 1
1) жататын орынмен;
Тармақша 2
2) төсек жабдықтарымен: матрац, жастық және көрпемен;
Тармақша 3
3) екі жинақ төсек жабдығымен (жайма, жастық тысы, көрпе қабы);
Тармақша 4
4) екі орамалмен;
Тармақша 5
5) асхана құралдарымен: табақ, кружка, қасық;
Тармақша 6
6) жыл мезгіліне қарай киіммен (өзінікі болмаған жағдайда);
Тармақша 7
7) әйелдер – әйелдерге арналған гигиеналық құралдармен;
Тармақша 8
8) кітапхана кітаптарымен және журналдарымен қамтамасыз етіледі.
Аталған заттар күзетте ұстау кезінде уақытша пайдалануға тегін беріледі.
Тармақ 37
37. Қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес камераларда жалпы пайдалану үшін және онда ұсталатын адамдардың санына қарай есептеліп мыналар беріледі:
Тармақша 1
1) шаруашылық және иіс сабыны;
Тармақша 2
2) үстел ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;
Тармақша 3
3) камераны жинауға арналған заттар;
Тармақша 4
4) тігін инелері, қайшы, тамақ өнімдерін турайтын пышақ (күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен қысқа мерзімге пайдалануға беріледі);
Тармақша 5
5) гигиеналық мақсаттарға арналған қағаз;
Тармақша 6
6) газеттер;
Тармақша 7
7) тіс пастасы және тіс щеткасы.
Балалы әйелдер қосымша бала күтіміне қажет құралдарды алады.
Тармақ 38
38. Тергеу изоляторының камералары мыналармен:
Тармақша 1
1) үстел және камерадағы отыру орындарының саны бойынша орындықтармен;
Тармақша 2
2) санитарлық желімен;
Тармақша 3
3) құбыр суы бар кранмен;
Тармақша 4
4) электр құралдарын қосатын розеткалармен;
Тармақша 5
5) азық-түлікке арналған шкафпен;
Тармақша 6
6) сыртқы киімге арналған ілгішпен;
Тармақша 7
7) қажетті заттарға арналған сөремен;
Тармақша 8
8) радиохабар тарату құралдарымен;
Тармақша 9
9) тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілін шақыратын кнопкамен;
Тармақша 10
10) қоқысқа арналған ыдыспен;
Тармақша 11
11) күндізгі және түнгі жарық беретін шамдармен;
Тармақша 12
12) балалы әйелдер ұсталатын камераларда балалардың керуеттерімен;
Тармақша 13
13) гигиеналық қажеттілікке және киім жууға арналған ыдыспен жабдықталады.
Тармақ 39
39. Камераларда су ысытатын құралдар немесе су құбырында ыстық су болмаған жағдайда гигиеналық қажеттілікке және кір жууға қажетті ыстық су және ішетін қайнаған су күнделікті қажетті мөлшерде беріледі.
Тармақ 40
40. Санитарлық жабдықтары жоқ камералар мен тәртіптік изоляторларда ұсталған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар дәретханаға камералар бойынша шығарылады.
Тармақ 41
41. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың санитарлық өңделуі ұзақтығы жиырма бес минуттан кем емес уақыт ішінде аптасына бір рет жүргізіледі. Апта сайын төсек жабдықтары ауыстырылады.
Тармақ 42
42. Өзінің ұстара құралдары болмаған жағдайда олар тергеу изоляторының әкімшілігі есебінен алынады.
Тармақ 43
43. Үстел ойындары он адамға немесе камерада он адамнан кем ұсталатын болса камераға бір топтама есебімен беріледі.
Тармақ 44
44. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын жазу үшін олардың сұраулары бойынша жазу құралдары (қағаз, қалам) беріледі.
Тармақ 45
45. Тергеу изоляторының кітапханасынан газеттер келіп түсуіне қарай он адамға немесе камерада он адамнан кем ұсталатын болса камераға бір газет есебімен беріледі.
Тармақ 46
46. Тергеу изоляторының кітапханасынан кітаптар мен журналдарды айырбастау аптасына бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Күзетте ұсталу кезінде мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар Заңға сәйкес материалды жауапты.
Тармақ 48
48. Тергеу изоляторы әкімшілігінің кінәсінен күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға келтірілген шығын әкімшілік есебінен өтеледі.
Тарау 5. 5-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттарын және басқа да өнеркәсіп тауарларын алу тәртібі
5-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттарын және басқа да өнеркәсіп тауарларын алу тәртібі
Тармақ 49
49. Жеке шотында ақшасы болған жағдайда күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тамақ өнімдерін, бірінші қажеттілік заттары мен басқа да Тізбеге енгізілген өнеркәсіп тауарларын тергеу изоляторынан тыс орналасқан дүкеннен тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы сатып алады.
Тармақ 50
50. Сақтауға рұқсат етілген тамақ өнімдері, бірінші қажеттілік заттары мен басқа да өнеркәсіп тауарларының ассортименті Тізбемен белгіленеді.
Тармақ 51
51. Бір адамға тамақ өнімдері мен өзге де ассортимент, саны бойынша тауарларды беру нормалары белгіленбейді. Күдікті, айыпталушы және сотталушы өзінде сақтай алатын тамақ өнімдерінің және ассортимент бойынша басқа заттардың жалпы салмағы отыз бес килограммнан аспауы тиіс. Сатып алынған тауарларды беру Заңға сәйкес айына кемінде екі реттен жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар дүкенге шығарылмайды. Күзетте ұсталатын адамдарға дүкендегі тауарлар ассортименті мен олардың бағаларын тергеу изоляторы әкімшілігі мәлімдейді.
Тармақ 53
53. Тамақ өнімдерін, бірінші қажеттілік заттары мен өнеркәсіп тауарларын алғысы келген адамдар тергеу изоляторының бастығының атына осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш жазады, өтініш жеке шоттарында ақшаның бары жөніндегі ақша түбіртектерімен бірге әкімшілік өкіліне тапсырылады.
Тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері қаржы бөлімінде тауар алу мүддесін білдірген күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шоттарында ақшаның барын тексереді. Сатып алынған тауарлар камералар бойынша таратылып, қолхат алу арқылы тапсырылады.
Тармақ 54
54. Егер тауар сатып алған күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотында ақшасы қалса, оған түбіртегі қалған сомасын көрсетумен қайтарылады, ал егер ақша қалмаса түбіртегі өтінішіне қоса тігіледі.
Тармақ 55
55. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алу үшін күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылардың жеке шоттарынан қажетті ақша сомасын есепті түрде алуға қызметкерге тергеу изоляторының бастығы растаған сенімхатын береді. Берілген ақша өтініш берген адамның сатып алынған тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын алғанын растайтын қолхат негізінде есепті адамның жауаптылығынан алынады. Кейін жасалған шығын күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шоттарынан шығарылады.
Тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілі күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алуына шығындалған ақша сомасы жөнінде (күнін көрсетумен) олардың жеке ісіне енгізеді.
Тарау 6. 6-тарау. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға арналған сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды қабылдау және беру тәртібі
6-тарау. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға арналған сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды қабылдау және беру тәртібі
Тармақ 56
56. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға арналған сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды қабылдау осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес қабылдау-тапсыру бөлмесінің жиһазы мен мүлкінің тізбесі бойынша жабдықталған арнаулы орын-жайда жүргізіледі. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға салмағы он төрт килограммнан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды алуына рұқсат етіледі.
Сәлем-сауқаттар келушілердің кезектілігі тәртібімен қабылданады. Тізбе мемлекеттік және орыс тілдерінде сәлемдемелерді қабылдауға арналған орын-жайда ілінеді.
Тармақ 57
57. Сәлем-сауқатты жеткізген адам осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы азық-түлікті және заттарды беру туралы өтінішті екі данада толтырып, қолын қояды. Азық-түлікті және заттарды беру туралы өтініштің екі данасы, сәлем-сауқаттар, сәлем-сауқаттарды жеткізген адамның жеке тұлғасын куәландыратын құжаты тергеу изоляторының әкімшілігі қызметкеріне беріледі.
Тармақ 58
58. Сәлем-сауқаттың түгелдігін, салмағын өлшеп қарау және тексеру оны жеткізген адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Салынған заттар тізбесі мен сәлем-сауқаттардың салмағы тексеріліп, тамақ өнімдері мен заттарды беру туралы азық-түлік пен заттарды беру туралы өтініште белгіленеді. Жеке тұлғасын куәландыратын құжат пен сәлем-сауқаттарды салыстырып, тексергеннен кейін тергеу изоляторының әкімшілігі қызметкерінің сәлемдемені қабылдағаны жөніндегі белгісі қойылған өтініштің бірінші данасы келушіге қайтарылады, ал екінші данасы сәлемдемені алғаны жөнінде қолы қойылғаннан кейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ісіне тігіледі.
Тармақ 59
59. Сәлем-сауқаттар мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:
Тармақша 1
1) адресаты қамаудан босатылса немесе ол үш тәуліктен артық мерзімге шығарылған жағдайда;
Тармақша 2
2) күдікті, айыпталушы немесе сотталушы қайтыс болса;
Тармақша 3
3) сәлемдемені жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпесе;
Тармақша 4
4) күдікті, айыпталушы немесе сотталушы өзіне арналған сәлемдемелерді қабылдаудан жазбаша түрде бас тартса.
Тармақ 60
60. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтетін адамдарға арналған сәлемдемелерді қабылдау кезінде медицина қызметкерінің ұсынымдары ескеріледі.
Тармақ 61
61. Сәлемдемелерді ашып, салыстыра тексергеннен кейін екі данада тізімдеме жасалады, онда мыналар көрсетіледі: тамақтар мен киімдердің атаулары мен тізбесі, олардың сыртқы пішіні, сапасы, одан нақты алынғаны немесе сақтауға тапсырылғаны. Сақтауға рұқсат етілетін құралдар, заттар мен тамақ өнімдері күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға тізімге қол қою арқылы беріледі, оның бірінші данасы жеке ісіне тігіледі, ал екіншісі қолына беріледі.
Тармақ 62
62. Сәлемдемелерден табылған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған құралдар, заттар және тамақ өнімдері сәлем-сауқатты жеткізген адамға қайтару себебі көрсетіліп, қайтарылады. Ақшасы күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотына салынады.
Тармақ 63
63. Сәлем-сауқаттар пошта арқылы «Кері қайтарылуы тиіс» деген таңбамен үстеме төлеммен жіберіледі.
Тармақ 64
64. Сәлемдеме немесе сәлем-сауқат қабылданған күннен бастап күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі. Тәртіптік изоляторға орналастырылған адамдарға келіп түскен сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар сақтау үшін қоймаға тапсырылады және күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға тәртіптік изоляторда отыру мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылады.
Тармақ 65
65. Тергеу изоляторының әкімшілігі сәлемдеме мен сәлем-сауқат ішіне салынған заттардың сақталуын қамтамасыз етеді, алайда ол заттардың ұзақ уақыт сақталуы салдарынан табиғи бұзылуына, сондай-ақ тексеру нәтижесінде тауарлық бейнесін жоғалтуына жауапкершілік алмайды.
Тарау 7. 7-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алу және жіберу тәртібі
7-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алу және жіберу тәртібі
Тармақ 66
66. Күзетте ұсталатын күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар туыстары мен өзге де адамдарға айына екіден көп емес хат немесе жеделхат жөнелтеді, сондай-ақ олардан айына екіден көп емес хат немесе жеделхат алады.
Тармақ 67
67. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың хат-хабар алмасулары олардың қаражаты есебінен тек тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсат беруімен жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа жіберілген хаттардан басқасына цензура жасалады.
Тармақ 68
68. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар пошта жабдықтарын (конверттер, маркалар, жеделхаттар бланкілерін) тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы жеке шотындағы қаражаты есебінен сатып алады.
Тармақ 69
69. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың хаттары мен толтырылған жеделхаттарының бланкілерін тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілі күнделікті қабылдайды. Хаттар тек жапсырылмаған конверттерде жіберушінің тегін, аты-жөнін, тергеу изоляторының және адресаттың пошталық мекенжайын көрсете отырып, қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкісіне тергеу изоляторы әкімшілігі басшысының атына күзетте ұсталатын адамның жеке шотынан жеделхат төлемі үшін ақша алуды сұраумен жазылған өтініш қосымша беріледі. Өтініш тергеу изоляторы әкімшілігінің өкіліне ақша түбіртегімен бірге тапсырылады.
Тармақ 70
70. Қаржы бөлімінің қызметкері күзетте ұсталатын, жеделхат жолдауға тілек білдірген адамның жеке шотында ақшаның барын тексереді және пошта жөнелтімінің құнын ескерумен одан қажетті соманы алады.
Тармақ 71
71. Жеделхат жөнелтілгеннен кейін күдіктіге, айыпталушы мен сотталушыға пошта түбіртегі, ал жеке шотында ақшасы болса, сәйкес белгі қойылған ақша түбіртегі тапсырылады. Егер ақша қалмаса, ақша түбіртегі өтінішіне қосып тігіледі. Жеделхат жөнелткен адамның өтініші пошта түбіртегін алғаны туралы қолхатымен бірге жеке ісіне қосып тігіледі.
Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың тапсырыс және бағалы хаттарын, сондай-ақ ақша аударымдарын жөнелту барысында да осындай тәртіп жұмыс істейді.
Тармақ 72
72. Күдіктілерден, айыпталушылар мен сотталушылардан жеделхаттарды немесе хаттарды қабылдаған сәттен бастап және оларды жібергенге дейін, сондай-ақ тергеу изоляторына жеделхаттар немесе хаттар келіп түскен сәттен бастап және оларды адресатқа тапсырғанға дейін тергеу изоляторы әкімшілігі жеделхаттардың немесе хаттардың сақталуына жауап береді және хат-хабар алмасудың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 73
73. Тергеу изоляторы әкімшілігі күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының атына келіп түскен хаттар мен жеделхаттарды тапсыруды, сондай-ақ олардың хаттарын жолданған жерлеріне жөнелтуді хат келіп түскен күннен бастап, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 74
74. Күйеуінің (жұбайының) немесе жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастануы туралы мәліметтер күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының атына ол тергеу изоляторынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
Қылмыстық істі тергеудің толықтығына, жан-жақтылығы мен объективтілігіне кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа құпияны қамтыған хаттар мен жеделхаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға берілмейді және қылмыстық істі өндіруші адамға немесе органға жолданады.
Тармақ 75
75. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға пошта аударымымен келіп түскен ақша қаражаттары олардың жеке шоттарына салынады. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотындағы ақша сомасын поштамен аудару үшін тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады. Поштамен ақша аудару күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жолдау тәртібі
8-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жолдау тәртібі
Тармақ 76
76. Тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілдері күн сайын камераларды аралап, күдіктілерден, айыпталушылар мен сотталушылардан жазбаша және ауызша түрде ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қабылдайды. Ұсыныстарға, арыздарға және шағымдарға қанағаттандырылғаннан кейін жауаптар күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қолхат алу арқылы жарияланады және жеке істеріне қосып тігіледі.
Тармақ 77
77. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар тергеу изоляторы бастығына немесе оның орынбасарына баяндалады.
Тармақ 78
78. Жазбаша берілген және тергеу изоляторы әкімшілігіне жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар, осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың шағымдары мен өтініштерін тіркеу журналына тіркеліп, тергеу изоляторы бастығына баяндалады, ол оларды шешу бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда күдіктіге, айыпталушы мен сотталушыға жиырма төрт сағат ішінде тиісінше түсіндіріледі.
Тармақ 79
79. Прокурорға және сотқа жіберілген ұсыныстар, арыздар және шағымдар цензураға жатпайды және желімденген күйінде адресатқа жолданады.
Тармақ 80
80. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, өтініштер мен арыздарды тергеу изоляторының әкімшілігі қарап, берілген уақытынан бастап бір тәуліктен кешіктірілмей жөнелтеді.
Тармақ 81
81. Егер арызда немесе шағымда қылмыстық іспен байланысы жоқ мәселелер бойынша тергеу изоляторының әкімшілігімен шешілетін заңды өтініштер немесе ұсыныстар қамтылса, онда әкімшілік арызда, өтініште қойылған мәселелерді шешу шараларын қолданады және оның қорытындысы туралы күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға хабардар етеді.
Тармақ 82
82. Егер шағымда, арызда қойылған мәселелер тергеу изоляторы әкімшілігінің құзыретіне кірмесе немесе автор оларды адресатқа жіберуді талап етсе, олар үш жұмыс күні ішінде белгіленген жеріне жолданады. Бұндай жағдайда ілеспе хатта қойылған мәселелер және оларды шешу үшін жасалған шаралар жөнінде түсінік беріледі.
Қылмыстық істі тергеудің толықтығына, жан-жақтылығы мен объективтілігіне кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияларды қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Қағидалардың 74-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
Тармақ 83
83. Ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды жөнелту шығындарын өтеу, апелляциялық және кассациялық шағымдарды қоспағанда, жіберушінің есебінен жүргізіледі. Күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының жеке шотында ақша болмаған жағдайда шығындар тергеу изоляторы әкімшілігінің есебінен жүргізіледі (жеделхаттарды қоспағанда).
Тармақ 84
84. Олардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына заңды байланысты ұсыныс, арыз немесе шағым жазу арқылы жүгінгендері үшін күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды қудалаудың кез келген түріне жол берілмейді.
Тарау 9. 9-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың діни салттарды жүзеге асыру тәртібі
9-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың діни салттарды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 85
85. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар діни салттарды бос уақыттарында камераларда жасайды.
Тармақ 86
86. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға осы Қағидалар талаптары мен басқа күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың құқықтарын сақтауы шартымен діни әдебиеттерді, діни табыну заттарын, сәлемдемелермен ала алатын, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға келген кезде діни бірлестіктердің өкілдері немесе қорғаушылар жіберген киімдерді қоса, өзінде ұстауға және пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 87
87. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға әдет-ғұрып қажеттілігі жағдайында олардың немесе туыстарының өтініштері бойынша және қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен тергеу изоляторына «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте тіркелген діни бірлестіктердің өкілдерін шақыруға болады.
Тармақ 88
88. Діни бірлестіктердің өкілдерін шақырумен байланысты шығындар күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың немесе олардың туыстарының есебінен өндіріледі. Діни бірлестіктердің өкілдерімен күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың рұқсат етілген кездесулері бұған жатпайды.
Тарау 10. 10-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту тәртібі
10-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту тәртібі
Тармақ 89
89. Тиісті жағдайлар болған кезде айыпталушылар өздерінің қалауы бойынша еңбекке тартылады. Айыпталушылардың еңбек етуі тек тергеу изоляторларының аумағында ұйымдастырылады. Жұмыстар оқшаулау және жеке орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау талаптарының орындалуымен атқарылады.
Тармақ 90
90. Айыпталушылар арнайы есепке алу бөлімдеріндегі, фотозертханаларындағы, радиотрансляциялық желілеріндегі жұмыстарға, сондай-ақ күзет, сигнал беру және байланыс инженерлік-техникалық құраларын жөндеу және пайдаланумен байланысты, барлық көлік құралдары мен көшіру аппаратураларымен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Тармақ 91
91. Жұмыс істеуге ниет білдірген айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады, ол оны үш жұмыс күні ішінде қарап, тиісті шешім қабылдайды. Айыпталушыны тергеу изоляторына жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда оған тиісті түсініктеме беріледі. Айыпталушылардың жалақысы орындау парақтары бойынша (болған жағдайда) ұсталғаннан кейін олардың жеке шоттарына тергеу изоляторы әкімшілігімен аударылады.
Тармақ 92
92. Айыпталушыларды еңбекке тарту сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі келтірмеуі тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы тәртібі
11-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы тәртібі
Тармақ 93
93. Күзетте ұсталатын адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді (жұбайлық) (бұдан әрі – неке) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқару органының өкілі (бұдан әрі – тіркеуші орган) тергеу изоляторының орын-жайында «Неке (жұбайлық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған неке қию шарттарын қадағалай отырып, жүргізеді. Көрсетілген адамдар тарапынан куәгерлердің жалпы саны – екі адам.
Тармақ 94
94. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен некеге тұрғысы келетін адам тергеу изоляторына тіркеуші орган куәландырған өтінішін, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатын тапсырады. Некесін тіркеу туралы өтініш келіп түскеннен кейін тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері оны күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға өзіне қатысты бөлігін толтыру үшін береді.
Өтінішке жетіспейтін мәліметтерді енгізгеннен кейін тергеу изоляторының әкімшілігі өтініште көрсетілген мәліметтерді күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке ісіндегі құжаттармен салыстырады. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қолының түпнұсқалылығы және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қол қоюы арқылы расталады және мекеменің мөрі басылады, содан кейін тергеу изоляторы некені тіркеу туралы бірлескен өтінішті күдіктімен, айыпталушымен немесе сотталушымен неке қиюға мүдделі адамға, не болмаса тіркеуші органға жолдайды.
Тармақ 95
95. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке ісінде оның отбасы жайлы мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттары болмаған жағдайда оларды туыстары тапсырады, ал олар болмаған жағдайда оның бұрынғы мекен-жайы бойынша тіркеуші органға сауал жіберіледі.
Тармақ 96
96. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы некеге тұруға ниет білдіретіні жөнінде өтініш берген жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі бұл өтінішті күдікті, айыпталушы немесе сотталушы некеге тұрғысы келген адамға жолдайды.
Тармақ 97
97. Бұндай өтініш алған адам некеге тұруға келісетін болса, онда өзіне қатысты бөлігін толтырады және өтініште қойылған қолдар мен көрсетілген мәліметтерді куәландыру үшін өзі тұратын жердегі тіркеуші органға жібереді, содан кейін өтінішті тіркеуші органға жолдайды.
Тармақ 98
98. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдармен неке қиюды, тергеу изоляторында істі өндіруші тұлғаға немесе органға хабарлағаннан кейін тіркеуші органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 99
99. Неке қию және көлік шығындарының төлемі некеге тұратын адамдардың есебінен өндіріледі.
Тармақ 100
100. Тәртіптік жазасын тәртіптік изоляторда өтеп жатқан күдіктімен, айыпталушымен немесе сотталушымен неке қию тек сол жазалау шарасы аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Тармақ 101
101. Тергеу изоляторының әкімшілігі қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты болған жағдайда, осы Қағидалардың 125-тармағында қарастырылған тәртіпте некеге отырғаннан кейін күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға жұбайымен (ерімен) кездесу береді.
Тармақ 102
102. Некені бұзу үшін күдікті, айыпталушы және сотталушы сотқа немесе ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ жұбайлардың өзара келісімі болса, тіркеуші органға өтініш жібереді.
Тармақ 103
103. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының азаматтық-құқықтық мәмілені жүзеге асыруы тікелей немесе олардың өкілдері арқылы, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тарау 12. 12-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу тәртібі
12-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу тәртібі
Тармақ 104
104. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар Қазақстан Республикасының пошталық байланыс ұйымдары арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылады.
Тармақ 105
105. Жазылымды ресімдеу үшін күдікті, айыпталушы және сотталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады. Жазылымды ресімдеуге ниет білдірген адамға жақын жерде орналасқан пошталық байланыс ұйымынан алынған абонементтер бланкілері толтыру үшін беріледі.
Тармақ 106
106. Жазылымды пошталық байланыс ұйымында тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері күдіктінің, айыпталушының және сотталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 107
107. Жазылымды басқа мекен-жайға ауыстыру жазылушының есебінен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 108
108. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының атына олардың туыстары немесе басқа адамдардың басылымдарға жазылуды ресімдеуіне болады.
Тармақ 109
109. Жазылуға болатын басылымдардың саны шектелмейді.
Тарау 13. 13-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету тәртібі
13-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 110
110. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28669 болып тіркелді) регламенттеледі.
Тармақ 111
111. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тергеу изоляторының медицина қызметкерінен өтініш берумен, ал қатты ауырған жағдайда кез келген тергеу изоляторының қызметкерінен медициналық көмек сұрайды. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тарапынан өтініш жасалған тергеу изоляторының қызметкері оған медициналық көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды.
Тармақ 112
112. Амбулаторлық көмек күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға камераларда, сондай-ақ тергеу изоляторларының мамандандырылған медицина бөлмелерінде көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру медицина қызметкерінің белгілеуімен жеке қолхат алу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 113
113. Адамдардың туыстарынан алынған медициналық дәрмектерді қабылдауы медициналық көрсеткіштері бойынша және медицина қызметкерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Туыстарынан алынған медициналық дәрмектер медицина бөлімінде сақталады.
Тармақ 114
114. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға тергеу изоляторында көрсету мүмкіндігі жоқ жедел немесе мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды стационарлық емдеу үшін жақын маңдағы мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органының медицина ұйымына (бұдан әрі – медицина ұйымы) орналастырылады.
Тармақ 115
115. Медицина қызметкері күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың денсаулығын, олардың денсаулығына арыздары бар болу-болмауын бақылау үшін камералардың күнделікті таңертеңгі аралауын жүргізеді. Дене жарақаттары анықталған кезде медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді, медициналық куәландырудан өткізіліп, қорытындылары күзетте ұсталатын адамның амбулаторлық картасында көрсетіледі. Күзетте ұсталатын адамнан дене жарақатын табудың әр фактісі жөнінде тергеу изоляторы әкімшілігі прокуратураға жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 116
116. Медициналық денсаулық сақтау мекемесінің қызметкері медициналық куәландыру жүргізуі үшін жәбірленген күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, не болмаса оның қорғаушысы немесе туысы тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының атына өтініш береді. Өтініш берілген сәттен бастап кешіктірілмей қаралуы тиіс.
Тармақ 117
117. Күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруын медицина ұйымының қызметкерлері мына жағдайларда жүргізеді:
Тармақша 1
1) тергеу изоляторы бастығының шешімі бойынша;
Тармақша 2
2) прокурордың нұсқауы бойынша;
Тармақша 3
3) қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша;
Тармақша 4
4) дене жарақаттарын алған күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қолдауы бойынша;
Тармақша 5
5) дене жарақаттарын алған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қорғаушысының, туыстарының қолдауы бойынша.
Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының, оның қорғаушысы мен туыстарының қолдау хаты бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілген медициналық куәландыру күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен немесе олардың туыстарымен төленеді.
Тармақ 118
118. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы өлімге әкелуі мүмкін ауыр сырқаттанған жағдайда, медициналық қорытындысы болса, тергеу изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде прокурордың және қылмыстық істі жүргізуші органның алдында бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе көтереді.
Тарау 14. 14-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың күнделікті серуендеуін өткізу тәртібі
14-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың күнделікті серуендеуін өткізу тәртібі
Тармақ 119
119. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар ұзақтығы бір сағаттан кем емес, ал кәмелеттік жасқа толмағандар екі сағаттан кем емес күнделікті серуендеуді пайдаланады. Жүкті әйелдердің және қолында үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің серуендеу уақытының ұзақтығы үш сағатқа дейін.
Тармақ 120
120. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға серуендеу уақыты тәуліктің жарық кезінде, камералар бойынша, оқшаулау және жеке орналастыру талаптарын сақтауды ескерумен беріледі.
Тармақ 121
121. Серуендеу серуен алаңдарының аумағында жүргізіледі. Серуен алаңдары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын жабынмен жабдықталады. Серуендеу кезінде кәмелеттік жасқа толмағандарға дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға мүмкіндік беріледі. Балалы әйелдерге арналған серуен алаңдарында шөп отырғызылып, құм салғыштармен жабдықталады.
Тармақ 122
122. Серуендеу кезінде күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға жүруге, орындықта отыруға, шылым тартуға, өзара сөйлесуге, басқа серуендеушілерге кедергі келтірмейтін денешынықтыру жаттығуларын жасауға, ыстық уақытта белге дейін шешінуге (ер адамдарға ғана) рұқсат етіледі.
Тармақ 123
123. Серуендеуді уақытынан бұрын тоқтату үшін күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар серуендеуге жауапты адамға тиісті өтініш білдіре алады, ол оны кезекшіге жеткізеді. Көрсетілген лауазымды адам өтініш бойынша шешім қабылдап, ол жөнінде тергеу изоляторы бастығына хабарлайды.
Тарау 15. 15-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа да адамдармен кездесулерін өткізу тәртібі
15-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа да адамдармен кездесулерін өткізу тәртібі
Тармақ 124
124. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесу қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа адамдармен кездесуге рұқсат негізінде береді. Рұқсат бір ғана кездесуге жарамды.
Кездесуге берілген жазбаша рұқсатта оның кімге және қандай адамдармен кездесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен кездесуге бір уақытта екіден артық емес ересек адамдар жіберіледі.
Тармақ 125
125. Қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты, сондай-ақ жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары негізінде тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат беру туралы жазбаша нұқсау беріп, жалпы кезектілікті ескерумен оның ұзақтығын, алайда ол үш сағаттан аспайтын уақытты белгілейді, содан кейін кезекші оны өткізуге нұсқау береді.
Тармақ 126
126. Кездесуге жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарынсыз немесе мас күйінде келген азаматтар, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетілмеген адамдар кездесуге жіберілмейді. Транзитпен айдауылданатын адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Кездесуге рұқсат беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.
Тармақ 127
127. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесуі тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерінің бақылауымен сол мақсатқа арнайы жабдықталған орын-жайларда белгілі бір заттарды беруге жол бермейтін, алайда сөйлесуге және көзбе көз қарым-қатынас жасауға кедергі келтірмейтін ажырату қалқалары арқылы жүргізіледі.
Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың кездесуге келген адамдармен сөйлесулері тікелей немесе сөйлесу құрылғылары арқылы тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерлерінің тыңдауы мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Тармақ 128
128. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғаушымен кездесуі жұмыс уақытында, бөлек, бөлу қалқаларынсыз және олардың саны мен ұзақтығына шектеусіз жүргізіледі. Кездесу тергеу изоляторының қызметкерiне күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны және қорғаушыны көруге мүмкіндік беретін, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайларда жүргiзiледi.
Тармақ 129
129. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қорғаушының кездесуіне жеке тұлғасын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатыстылығын растайтын құжаты, оның сол іске қатысатынын растайтын, қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган берген құжаты және ордерінің екінші данасы болған жағдайда рұқсат беріледі.
Тармақ 130
130. Кездесуді уақытынан бұрын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) кездесуге келген адамдардың кездесуді өткізуге жауапты қызметкердің заңды талаптарын орындамауы;
Тармақша 2
2) ақшаны, бағалы заттарды, белгілі бір құралдарды, заттарды, тамақ өнімдерін күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға рұқсатсыз беру не болмаса одан алу әрекеттері.
Тармақша 3
3) қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі болатын, қылмыстық құқықбұзушылықтарға септігін тигізетін мәліметтер беру;
Тармақша 4
4) кездесуге келген адамдардың өзара байланыс үшін шартты белгілерді, шифрлерді қолдануы және басқа да айла-тәсілдермен ақпарат беруі.
Тармақ 131
131. Кездесуді уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда оны өткізуге жауапты тергеу изоляторының қызметкері бұл жөнінде тергеу изоляторының бастығына кездесуді тоқтату себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде баяндайды.
Тармақ 132
132. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қысқа мерзімге кездесулерді тоқтатқан жағдайда (карантинге, ерекше жағдайлар режимін енгізуге байланысты және басқа да себептермен) тергеу изоляторының бастығы бұл жөнінде күзетте ұстау орындарында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сот және тергеу органдарына хабарлайды, қабылдау бөлімінде келушілер үшін хабарландыру іледі.
Тарау 16. 16-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу іс-қимылдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету тәртібі
16-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу іс-қимылдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 133
133. Тергеу изоляторының әкімшілігі күндізгі уақытта күдіктілермен, айыпталушылар және сотталушылармен іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізуші органға тергеу изоляторына кедергісіз келуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 134
134. Кезекші ауысымдардың кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезінде (бір сағаттан көп емес), күн тәртібіне сай тамақ ішу кезінде (таңғы, түскі, кешкі ас), сондай-ақ түнгі уақытта сағат жиырма екіден таңғы сағат алтыға дейін, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды шақыртуларға камераларынан шығару жүргізілмейді. Көрсетілген уақытта шақыртулар бойынша шығарылған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар камераларға қайтарылады.
Тармақ 135
135. Тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың нұсқауы бойынша тергеу іс-қимылдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамаларды өткізу үшін тергеу изоляторының аумағында оның әкімшілігі:
Тармақша 1
1) жабдықталған орын-жай береді;
Тармақша 2
2) күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны жеткізеді және оның күзетін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) тергеу изоляторына тергеу іс-қимылдарына қатысуға тартылған адамдардың кіруін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) тергеу изоляторының қоймасында сақталған немесе өзінің қолданысындағы күдіктінің, айыпталушының және сотталушының мүлкіне тінту жүргізеді, алады, арест қояды.
Тармақ 136
136. Апелляциялық және кассациялық инстанциямен істі қарау туралы хабарлама; күзетте ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі хабарлама; бір органнан басқа органға ауыстыру туралы хабарлама күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қол қойғызу арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне енгізіледі.
Тармақ 137
137. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тергеу изоляторынан тыс тергеу іс-қимылдарына немесе сот отырыстарына қатысу үшін жөнелтілер алдында ыстық тамақ алады, мезгіліне қарай киінеді, сырт келбеті жинақыланады. Құрғақ тамақпен қамтамасыз етіледі.
Тарау 17. 17-тарау. Тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамдардың күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдау тәртібі
17-тарау. Тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамдардың күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдау тәртібі
Тармақ 138
138. Тергеу изоляторы бастығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдауы, демалыс және мереке күндерінен басқа, күнделікті жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Тармақ 139
139. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдау тергеу изоляторының бастығы бекіткен, күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға жеткізілген кесте бойынша жүргізіледі.
Тармақ 140
140. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдауға жазу тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерлерімен күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырылады. Қабылдау туралы өтініш тергеу изоляторының бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша айтылады және күдікті, айыпталушы мен сотталушы барғысы келген лауазымды адамды көрсетумен, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті тұлғаның жеке қабылдауы журналында кезектілік тәртібі бойынша тіркеледі.
Тармақ 141
141. Қабылдау өтініш беру кезектілігі тәртібінде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті тұлғалардың күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау жөніндегі өтініште оның қорытындылары көрсетіледі. Өтініш күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке ісіне тігіледі.
Тарау 18. 18-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың мәйіттерін беру тәртібі
18-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың мәйіттерін беру тәртібі
Тармақ 142
142. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қайтыс болғаны жөнінде тергеу изоляторы әкімшілігі бір сағат ішінде оның жұбайына (күйеуіне) немесе жеке ісінде көрсетілген туыстарына (ата-анасына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған ұл-қыздарына, толық туыс және толық туыс емес аға-апаларына, ата-әжесіне, немерелеріне), прокурорға, қылмыстық істі жүргізуші адамға немесе органға хабарлайды.
Егер қайтыс болған адамның туыстары басқа елді мекенде тұрып жатқан болса, олар Қазақстан Республикасының пошта қызметімен хабарландырылады.
Тармақ 143
143. Тергеу изоляторында ұсталатын шетел азаматының өлімі туралы тергеу изоляторының әкімшілігі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлайды. Бұдан басқа күзетте ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 144
144. Уәкілетті органның қайтыс болу фактісін тексеруі аяқталғанға дейін қайтыс болған күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мәйіті патологоанатомиялық зерттелуге жіберіледі. Қайтыс болған адамның денесін алуға оның жұбайының (күйеуінің) немесе жақын туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмаса немесе мәйітті алудан бас тартса ол беруді талап еткен адамға беріледі.
Тармақ 145
145. Мәйітті беру талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша Заңның 23-бабына сәйкес қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 146
146. Қайтыс болған адамның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына оның мәйітінің қайда екені хабарланады. Жерлеу жабдықтарымен мәйітті беруді талап еткен адам қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 147
147. Мәйіті сұратылмаған қайтыс болған адамның жерленуі мемлекет есебінен жүргізіледі.
Тарау 19. 19-тарау. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
19-тарау. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 148
148. Көтермелеу және жаза шаралары тергеу изоляторларында ұсталатын барлық күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қолданылады. Міндеттерін үлгілі орындағаны, әрі күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін ұстанғаны үшін күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға көтермелеу шаралары ретінде мыналар қолданылады:
Тармақша 1
1) бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу;
Тармақша 2
2) кәмелеттік жасқа толмаған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларға қосымша спорт сабақтарына арналған орын-жайларға баруға және басқа да сауық түрлерін өткізуге рұқсат беру. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары көтермелейді.
Тармақ 149
149. Бекітілген міндеттерін орындамағаны және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға жаза шаралары қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.
Тармақ 150
150. Барлық көтермелеулер мен жазалауларды, ауызша жарияланғанынан басқа, кезекші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы камералық карточкаларға енгізеді және арнайы есепке алу бөлімінің қызметкері жүргізетін, осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды жазалау және көтермелеуді тіркеу кітабына енгізеді.
Тармақ 151
151. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза тергеу изоляторының бастығымен немесе оның орынбасарымен қолданылады. Бір бұзушылық үшін кінәліге біреуден артық жаза жарияланбайды.
Жаза бұзушылықтың жасалу жағдайын әрі күдіктінің, айыпталушының және сотталушының тәртібін ескере отырып беріледі. Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап, ал егер бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілген болса – оның біткен күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей беріледі, алайда бұзушылық жасалған күннен бір ай кешіктірілмеуі қажет.
Жаза берілмей тұрып күдіктіден, айыпталушы мен сотталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, егер түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, бұл туралы соған сәйкес акт жасалады.
Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша түрде, қалған жазалар – жазбаша түрде беріледі.
Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, прокурорға немесе сотқа жазаны бұзу туралы шағым беруге құқылы. Шағым беру жазаның орындалуын тоқтатпайды.
Тармақ 152
152. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға мыналар үшін жабылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) басқа күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
Тармақша 2
2) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
Тармақша 3
3) оқшаулау ережелерін бірнеше рет бұзғаны;
Тармақша 4
4) алкогольді ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
Тармақша 5
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
Тармақша 6
6) құмар ойындарға қатысқаны.
Бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға отырғызу түріндегі жаза осы Қағидалардың 149-тармағында қарастырылған тәртіптік жазалар екі және одан да көп қолданылған күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға да қолданылады.
Тармақ 153
153. Бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға орналастыру түріндегі жаза, осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысандағы, тергеу изоляторы бастығының күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға қамау туралы қаулысымен беріледі. Жаза қолдану туралы қаулы жазаланушыға қол қойғызу арқылы жарияланады. Қаулы тексеру материалдарымен бірге сол адамның жеке ісіне тігіледі. Сөгіс тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен жарияланады.
Тармақ 154
154. Бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға жабу күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны бір адамдық камерада немесе тәртіптік изоляторда ұстау мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тәртіптік изоляторда ұстау тәртібі Заңның 39-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәртіптік изоляторға жабылған адамды санитарлық өңдеу жазасын өтегеннен кейін, медицина қызметкерінің нұсқауы бойынша оның тәртіптік изоляторында ұсталуы кезінде де жүргізіледі. Медицина қызметкерінің ауырып қалған адамды тәртіптік изоляторынан мерзімінен бұрын босату қажеттілігі жөніндегі нұсқауы дереу орындалуы тиіс.
Тармақ 155
155. Тәртіптік изоляторға жабылған адамды тергеушіге немесе сотқа шақыру, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша шығару оны қолданылған жазаны одан әрі өтеуден босатпайды.
Тарау 20. 20-тарау. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзеттен босату тәртібі
20-тарау. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзеттен босату тәртібі
Тармақ 156
156. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды күзетте ұстаудан босатуды тергеу изоляторының бастығы тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың негізделген қаулысын, не болмаса негізделген сот қаулысын алғаннан кейін жүзеге асырады.
Тармақ 157
157. Тергеу изоляторының бастығы күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны күзетте ұстау шарасының мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 158
158. Егер күзетте ұстау бұлтартпау шарасы мерзімінің аяқталуы бойынша күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны босату туралы немесе күзетте ұстау бұлтартпау шарасына белгіленген күзетте ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім, не болмаса бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жолдайды.
Тармақ 159
159. Күдікті, айыпталушы мен сотталушы нақты босатуға дейін күзетте ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарлама келіп түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысын тоқтатып, бұл туралы прокурорды хабарландырады.
Тармақ 160
160. Қамаудан босатылған күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға жеке құжаттары, заттары, оның жеке шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кім санкциялағаны; бұлтартпау шарасын таңдау және ұстау негіздемесі, орны және уақыты; босатылуының негіздемесі және уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
Тарау 21. 21-тарау. Тергеу изоляторларында күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жүріп-тұру тәртібі
21-тарау. Тергеу изоляторларында күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жүріп-тұру тәртібі
Тармақ 161
161. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар:
Тармақша 1
1) белгіленген күн тәртіптемені сақтауы;
Тармақша 2
2) өзара және тергеу изоляторларының қызметкерлерімен сөйлескенде сыпайы болуы;
Тармақша 3
3) тергеу изоляторларының қызметкерлері камераларға кіргенде олардың командасы бойынша тұруы және көрсетілген жерге сапқа тұруы;
Тармақша 4
4) сырт келбетін ұқыпты ұстауы;
Тармақша 5
5) айдауылмен немесе тергеу изоляторларының қызметкерлерімен ілесіп жүргенде қолдарын артында ұстауы;
Тармақша 6
6) тергеу изоляторлары қызметкерлерінің талабы бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) айтуы, қылмыстық жауаптылыққа тартылған қылмыстық кодекстің бабын айтуы;
Тармақша 7
7) тыныштық сақтауы;
Тармақша 8
8) камерада кезектілік тәртібінде кезекшілік атқаруы тиіс.
Тармақ 162
162. Күдіктілерге, айыпталушылар мен сотталушыларға:
Тармақша 1
1) тергеу изоляторының басқа камераларында немесе басқа орын-жайларында ұсталатын адамдармен сөйлесуге, белгілі бір заттарды жіберуге, олармен хабарласып немесе хат жазысуға;
Тармақша 2
2) қылмыстық ісі өндірістегі адамның немесе органның рұқсатынсыз бостандықта жүрген немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдармен хат жазысуға және белгілі бір заттарды жіберуге;
Тармақша 3
3) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз камерадан және басқа да режимдік корпустың орын-жайларынан шығуға;
Тармақша 4
4) тергеу изоляторлары объектілерінің күзет желісін бұзуға;
Тармақша 5
5) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттектерді дайындауға және ішуге;
Тармақша 6
6) материалдық және басқа табыс табу мақсатымен үстел ойындарын ойнауға;
Тармақша 7
7) өзіне немесе басқа адамдарға таңба жасауға;
Тармақша 8
8) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз жататын орнын ауыстыруға және перделеуге;
Тармақша 9
9) жасанды электр құралдарын қолдануға;
Тармақша 10
10) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға;
Тармақша 11
11) камерада от жағуға;
Тармақша 12
12) жануарлар ұстауға;
Тармақша 13
13) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз сантехника, жарық беру және басқа құралдарды жөндеуге немесе камера жарығын өзгертуге;
Тармақша 14
14) камерадағы сантехникалық тораптарды ластауға;
Тармақша 15
15) камерада ілінген күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты алып тастауға;
Тармақша 16
16) қабырғаларға (есіктерге), камера мүліктеріне қағаз, суреттер, фотосуреттер, газет және журнал қиындыларын желімдеуге, оларға жазулар жазуға немесе суреттер салуға;
Тармақша 17
17) қасақана тыныштықты бұзуға;
Тармақша 18
18) тергеу изоляторларының аумағында қозғалған кезде саптан шығуға, темекі шегуге, сөйлесуге, камера есігінің қарау саңылауынан қарауға, қандай да бір құралдарды көтеруге, дабыл беру тетігін басуға;
Тармақша 19
19) терезеден қоқыс тастауға, жылу беру радиаторына және терезе алдына шығып тұруға, желдеткішке ұмтылуға, қарау саңылауына жабыса тақалуға, оны жабуға тыйым салынады.
Басқа 1. Камералар бойынша орналастыру
ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Бекітемін
Тергеу изоляторының бастығы
__________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20___ жылғы «___» __________
Камералар бойынша орналастыру
ЖОСПАРЫ
Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды орналастыру
Камера №
Камерадағы орын саны
Ескерту
1
2
3
4
Бөлек ұсталады:
1. Күдікті, айыпталушы және сотталушы ерлер
қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылған адамдар
бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар
үкімдері заңды күшіне енген сотталғандар
бір қылмыстық іске немесе өзара бір-бірімен байланысты бірнеше іске күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
2.Күдікті, айыпталушы және сотталушы әйелдер
қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылған адамдар
бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар
үкімдері заңды күшіне енген сотталғандар
бір қылмыстық іске немесе өзара бір-бірімен байланысты бірнеше іске күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
Жеке ұсталады
3. Күдікті, айыпталушы және сотталушы ерлер
аса ауыр және ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
қауіпті қылмыстық құқық-бұзушылықты қайталап сотталған
өлім жазасына сотталғандар
азаматтығы жоқ шетелдіктер
сот, адвокат, әділет органдарының қызметкерлері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының әскери қызметшілері болып табылатын немесе бұрын болған адамдар
күзетте ұстау орындары әкімшілігінің шешімі бойынша немесе қылмыстық ісі өндірісте жатқан органның жазбаша рұқсатымен басқа күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тарапынан өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
инфекциялық аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер
4. Күдікті, айыпталушы және сотталушы әйелдер
аса ауыр және ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
қауіпті қылмыстық құқықбұзушылықты қайталап сотталған
өлім жазасына сотталғандар
азаматтығы жоқ шетелдіктер
сот, адвокат, әділет органдарының қызметкерлері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының әскери қызметшілері болып табылатын немесе бұрын болған адамдар
күзетте ұстау орындары әкімшілігінің шешімі бойынша немесе қылмыстық ісі өндірісте жатқан органның жазбаша рұқсатымен басқа күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар тарапынан өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
балалы және жүкті (жүктілік мерзімі бес айдан жоғары) әйелдер
инфекциялық аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер
5. Кәмелетке толмаған ер жынысты күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
6. Кәмелетке толмаған әйел жынысты күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар
7. Транзитпен айдауылданатын адамдар, күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар:
а) ерлер
ә) әйелдер
б) кәмелетке толмағандар
8. Тергеу изоляторында шаруашылық қызмет көрсету үшін қалдырылған сотталғандар:
а) ерлер
ә) әйелдер
9. Тәртіптік изоляторларда ұсталатындар
Ескерту:
Камералар бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімде және тергеу изоляторының бастығында болады.
Уәкілетті адам
_________________________________________________________
_________________________________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 2. Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға ауыстыру туралы тергеу изоляторы бастығының
ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 2-қосымша
нысан
Рұқсат етемін
Прокурор __________________________
___________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20___ жылғы «___» _____________
Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға ауыстыру туралы тергеу изоляторы бастығының
ҚАУЛЫСЫ
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы _____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
бір адамдық камерада ұстауға негіз болатын жағдайлар көрсетіледі
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы_____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
одан әрі күзетте ұстау үшін бір адамдық камераға ауыстырылсын.
Тергеу изоляторының бастығы
___________________________
___________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20___ жылғы «___» ____________
Басқа 3. Тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 3-қосымша
Тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің
ТIЗБЕСI
Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар мыналарды өзінде ұстауына, сақтауына, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына және қолма-қол ақшасыз сатып алуына болады:
Тармақша 1
1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өткен, тез бұзылатын, сондай-ақ ашытқылар, алкогольдік ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдері. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы өзінде сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші қажеттілік заттарының, аяқ киім, киім және басқа өнеркәсіп тауарларының жалпы салмағы 35 килограмнан аспауы тиіс;
Тармақша 2
2) темекі бұйымдары, сіріңкелер;
Тармақша 3
3) бір дана, мезгілге байланысты: белдіксіз, аспа баусыз және галстуксіз киім, сондай-ақ бас киім, аяқ киім (темір табансыз, темір жапсырмасыз және баусыз);
Тармақша 4
4) бір жинақта спорт костюмі немесе халаты (әйелдер үшін);
Тармақша 5
5) іш киім – екі жұп;
Тармақша 6
6) шұлықтар – төрт жұп;
Тармақша 7
7) шұлықтар (әйелдер үшін);
Тармақша 8
8) қолғаптар немесе биялайлар – бір жұп;
Тармақша 9
9) бет орамалдар – екі дана;
Тармақша 10
10) үйге киетін аяқ киім – бір жұп;
Тармақша 11
11) жуыну құралдары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе сусабын, дәретхана қағазы, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабынға және тіс щеткасына арналған пластмасса футляр, кремдер, тарақ);
Тармақша 12
12) қалталы айна (камерада айна болмаған жағдайда), электрлік ұстара немесе бір рет пайдаланатын қауіпсіз ұстаралар;
Тармақша 13
13) зат салатын қап немесе сөмке;
Тармақша 14
14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қораптар;
Тармақша 15
15) орамалдар, белдіктер, іш киімдер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиеналық және косметикалық бұйымдар, пластмасса бигудилер (әйелдер үшін);
Тармақша 16
16) балдақтар, ағаш таяқтар, протездер (медицина қызметкерінің рұқсаты бойынша);
Тармақша 17
17) өндірістік тұрмыстық электрлі қайнатқыш;
Тармақша 18
18) жөке немесе жұмсақ ысқыш;
Тармақша 19
19) қалам, олардың стержендері, қарындаштар;
Тармақша 20
20) хат жазатын қағаз, дәптерлер, пошта конверттері, ашық хаттар, пошта маркалары;
Тармақша 21
21) осы Қағидаларды және басқа күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың құқықтарын сақтаған жағдайда діни ғибадат заттары;
Тармақша 22
22) екі жинақта төсек жабдығы (екі жайма және жастық тысы), сүлгі;
Тармақша 23
23) тергеу изоляторының кітапханасынан немесе тергеу изоляторы әкімшілігі арқылы, болмаса күйеуі (жұбайы) немесе жақын туыстары сауда желісінен сатып алған көркем және басқа да әдебиеттер, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдары;
Тармақша 24
24) фотокарточкалар;
Тармақша 25
25) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нарды);
Тармақша 26
26) балалардың күтіміне арналған заттар (медицина қызметкерінің рұқсаты бойынша үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге);
Тармақша 27
27) медицина қызметкерінің белгілеуі бойынша дәрі-дәрмектері.
Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға жоғарыда аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты не Заңмен белгіленген өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық тасымалдау бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалардың, құнды заттар мен құжаттардың түбіртектерін өзінде ұстауға және сақтауға рұқсат етіледі.
Осы Тізбеде көрсетілмеген құралдар мен заттарды пайдалануға жол берілмейді.
Басқа 4. Ақшаны, бағалы бұйымдарды, заттарды және тамақ өнімдерін алу туралы
АКТ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 4-қосымша
нысан
Ақшаны, бағалы бұйымдарды, заттарды және тамақ өнімдерін алу туралы
АКТ
Біз, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия
____________________________________________________________________,
лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Күдікті (айыпталушы, сотталушы) _________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
бағалы заттар __________________, ақша сомасы (_______)__________________
жазбаша
заттар немесе тамақ өнімдері________________________________________
алуды жүзеге асырдық (сақтауға қабылдадық).
Барлығы тапсырылғаны: __________________________________________
бағалы заттардың атауы, ақша, саны, сомасы
____________________________________________________________________
тамақ өнімдерінің, заттардың атауы
Тапсырған: _____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Қабылдаған: ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Қатысқандар: ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» _____________
Жеке шотында барлығы __________________________________________
күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Камера № ______ түбіртек № _______ теңге ________________________
Жауапты ______________________________________________________
20___ жылғы «___» _____________
Басқа 5. Күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының
КАМЕРАЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 5-қосымша
нысан
Күдіктінің, айыпталушы мен сотталушының
КАМЕРАЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ
Жеке іс №_________________________
Ауыстыру
Тегі ______________________________
Камера №
Күні
Кезекшінің қолы
Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________
Туған жылы_______Ұлты_____________
Туған жері
ҚК бабы бойынша тартылды
Тергеу изоляторына келіп түскен уақыты
Тергеу изоляторына қабылдау кезінде жеке тінтуді_____________ жүргізді
№_____ камераға орналастырылды
Тергеу изоляторы бойынша кезекші____
Изолятордан қашан және қайда шығарылды
Көтермелеулер
Жазалар
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Екінші жағы
Р/с №
Атауы
Саны
Алған күні
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қолы
Изолятор қызметкерінің заттарды қайтарғандағы қолы және күні
1
2
3
4
5
6
1
Матрац
2
Көрпе
3
Жастық
4
Ақжайма
5
Жастықтыс
6
Сүлгі
7
Шыныаяқ
8
Саптыаяқ
9
Қасық
10
Ішкиім
11
Дамбал
12
Тымақ
13
Шалбар
14
Кеудеше
15
Қысқа пальто
Р/с №
Атауы
Саны
Алған күні
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қолы
Изолятор қызметкерінің затты қайтарғандағы қолы және күні
1
2
3
4
5
6
Басқа 6. Заттарды және тамақ өнімдерін жою туралы
АКТ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 6-қосымша
нысан
Заттарды және тамақ өнімдерін жою туралы
АКТ
Біз, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күдікті (айыпталушы, сотталушы)_______________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
заттар немесе тамақ өнімдері____________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________жоюды жүзеге асырдық.
Барлығы жойылғаны: _____________________________________________
(атауы)
____________________________________________________________________
(саны)
____________________________________________________________________
тамақ өнімдерінің, заттардың атауы
Қатысқандар:
____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» _____________
Камера № _______________________________
Жауапты
____________________________________________________
20___ жылғы «___» _____________
Комиссия мүшелері:
Басқа 7. ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 7-қосымша
нысан
ӨТІНІШ
Төмендегі тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алуды сұраймын:
Р/с №
Тамақ немесе заттың атауы
Сатып алу мөлшері
Сатып алынған саны (салмағы, данасы)
Құны (теңге)
1
2
3
4
5
Барлығы: _______________________________________________________
____________________________________________________________________
Ескерту: күдікті, айыпталушы немесе сотталушы 2 және 3-бағандарды толтырады.
Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қолы ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бұл соманы менің жеке шотымнан өндіруді сұраймын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» __________
Басқа 8. Қабылдау-тапсыру бөлмесінің жиһазы мен мүлкінің
ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 8-қосымша
Қабылдау-тапсыру бөлмесінің жиһазы мен мүлкінің
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Сәлемдемелерді тексеруге арналған үстел.
Тармақ 2
2. Сәлемдемелерді қоюға арналған сөрелер.
Тармақ 3
3. Ыдыс: сәлемдемелерді камераларға жеткізуге арналған себет, сөмкелер.
Тармақ 4
4. Тоңазытқыш.
Тармақ 5
5. Пышақтар, қасықтар, ыдыстардың қажетті саны.
Тармақ 6
6. Жуынғыш, айна, сабын, сүлгі.
Тармақ 7
7. Таразы.
Тармақ 8
8. Бақылаушыларға арналған ақ халаттар мен бас киімдер.
Тармақ 9
9. Кесу тақтайшалары.
Тармақ 10
10. Залалсыздандыру құралдары.
Тармақ 11
11. Қол металл детекторы.
Тармақ 12
12. Біз.
Тармақ 13
13. Ұлғайтқыш шыны.
Басқа 9. Азық-түлікті және заттарды беру туралы
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 9-қосымша
нысан
Азық-түлікті және заттарды беру туралы
ӨТІНІШ
Азамат (ша) ____________________________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мекен-жайы __________________________________________________________
тұратын мекен-жайы
жеке куәлігі № ________________ ______________________ берілген.
Р/с №
Азық-түлік атаулары
Салмағы
Ескерту
кг
грамм
Азық-түліктің жалпы салмағы
Р/с №
Киім, аяқ киім, басқа да заттардың атаулары
Саны
Ескерту
___________________________________үшін сәлемдеме қабылдауды сұраймын.
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы 20___ жылғы «___» ____________
Сәлемдемені қабылдаған __________________________________________
күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» ____________
Сәлемдемені алдым ______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» ____________
Басқа 10. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың шағымдары мен өтініштерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ № ___
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 10-қосымша
нысан
Түгендеу № ____________
Сақтау мерзімі __________
Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың шағымдары мен өтініштерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ № ___
___________________________
___________________________
(органның атауы)
Том № ________
Басталуы: 20___ ж. «___» ____________
Аяқталуы: 20___ ж. «___» ____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
Р/с №
Өтініш, шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Түскен күні
Кімге
Өтініш, шағым қысқаша мазмұны (прокурорға жабық күйінде берілгеннен басқасы)
Кімге жолданды (шығыс нөмірі мен күні)
Қарау қорытындысы/жарияланған күні
1
2
3
4
5
6
7
Басқа 11. Жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа
адамдармен кездесуге
РҰҚСАТ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 11-қосымша
Жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа
адамдармен кездесуге
РҰҚСАТ
Азамат(ша) _____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(қылмыстық процесті жүргізуші органның атауы)
өндірісіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің______________
бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін
тартылған___________________________________________________________,
күзетте ұсталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
«___» ______ ____ жылы туылған, кездесуге рұқсат берілгенін хабарлаймыз.
____________________________________________________________________
қылмыстық процесті жүргізуші адамның лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы _________________
20___ жылғы «___» _________________
«КЕЛІСЕМІН»
___________________________
қылмыстық процесті жүргізуші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Қолы _________________ 20___ жылғы «___» _________________
Басқа 12. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жазалау
және көтермелеуді тіркеу
КІТАБЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 12-қосымша
нысан
Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды жазалау
және көтермелеуді тіркеу
КІТАБЫ
ТОМ № ________
Басталуы: 20___ жылғы «___» ____________
Аяқталуы: 20___ жылғы «___» ____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
I бөлім
Р/с №
Жазаға тартылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жазаға тартылған себебі
Жазалау түрі
Кім және қашан жариялады
Ескерту
1
2
3
4
5
6
II бөлім
Р/с №
Көтермеленген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Көтермелеу себебі
Көтермелеу түрі
Кім және қашан жариялады
Ескерту
1
2
3
4
5
6
Басқа 13. Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға қамау туралы
ҚАУЛЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 13-қосымша
нысан
Күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны бір адамдық камераға немесе тәртіптік изоляторға қамау туралы
ҚАУЛЫ
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы_____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы
____________________________________________________________________
(бұзушылықтың жасалған уақыты, жағдайы мен сипаты)
режимді бұзуға жол берді.
Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы_____________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
режимді қасақана бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға ________ тәулікке қамалсын.
Тергеу изоляторының бастығы _____________________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ жылғы «___» __________
Қаулының жарияланған күні 20___ жылғы «___» _________
___________________________________
күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қолы
Қаулыны жария еткен ____________________________________________
____________________________________________________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Тінту жүргізген _________________________________________________
тінту жүргізген адамның қолы
Тағайындалған жазаның орындалуы туралы белгі.
20___ жылғы «___» ________ ___ сағ. ___ минутта тәртіптік изоляторға қамалды.
Кезекші көмекші ________________________________________________
атағы, қолы
20___ жылғы «___» ________ ___ сағ. ___ минутта тәртіптік изоляторынан
шығарылды.
Кезекші көмекші ________________________________________________
атағы, қолы
Басқа 14. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамның жеке қабылдауы
ЖУРНАЛЫ
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының
ішкі тәртіптеме
қағидаларына 14-қосымша
нысан
Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамның жеке қабылдауы
ЖУРНАЛЫ
ТОМ № ________
Басталуы: 20___ жылғы «___» ____________
Аяқталуы: 20___ жылғы «___» ____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
Р/с №
Уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
Өтініш берген күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтініштің тіркеу нөмірі
Өтініштің мазмұны
Қабылданған шаралар
1
2
3
4
5