Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығымен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қоспағанда, білім беру ұйымдарында білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақша 2
2) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақша 3
3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бар қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
Тармақша 4
4) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдарының желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
Тармақша 5
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 6
6) білім беру сапасы – білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 7
7) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің даму жай-күйі туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) – мемлекеттік статистика және әкімшілік деректер негізінде өткен жылдың қорытындылары бойынша білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;
Тармақша 8
8) ұлттық статистикалық жинақ – әкімшілік деректер негізінде өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындылары бойынша деректердің білім беру жүйесінің статистикалық ақпаратын қамтитын ақпараттық-статистикалық жария құжат;
Тармақша 9
9) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектілері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдары;
Тармақша 2
2) аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – білім бөлімдері);
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары).
Тармақ 4
4. Білім беру мониторингін жүзеге асырудың объектісі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру жүйесі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Білім беру мониторингі: білім беру деңгейлері бойынша (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі); қамту бойынша (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық); ұйым нысаны бойынша (қашықтан, тікелей) жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Білім беру мониторингі келесі түрде жүзеге асыралады: 6-тармағының екінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен. орта білім беру ұйымдарындағы оқу процесін талдау және әдістемелік тұрғыдан түзету, педагогикалық қауымдастыққа практикалық көмек көрсету үшін білім басқармалары мен білім бөлімдерінің әдістемелік күндерді ұйымдастыруы және өткізуі; әлеуметтік немесе мониторингтік зерттеулер ұйымдастыру (оның ішінде халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер үшін); білім беру қызметінің нәтижелерін талдау (ұлттық бірыңғай тестілеу, оқушылардың қорытынды бағаларын, халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерін талдау және салыстыру) түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Құжаттар мен материалдарды жинау: уәкілетті органның әкімшілік деректерінің; мемлекеттік статистикалық есептіліктің; білім беру сапасының динамикасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізудің; білім беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу рәсімдері нәтижелерінің; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың білім беру мониторингін жүзеге асыратын субъектілер қызметін тексеру нәтижелері; білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің; ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің; кешенді тестілеу нәтижелерінің; педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректердің; халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерінің; мониторингтік зерттеулер нәтижелерінің; әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақ 9
9. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақ 10
10. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақ 11
11. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен.
Тармақ 12
12. Білім беру мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган: 12-тармағының екінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ бұйрығымен. жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 желтоқсанға дейін Ұлттық баяндаманы жариялайды; жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейін ұлттық статистикалық жинақты жариялайды.