Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов Күшін жойған
Басқа 0
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 76 бұйрығымен бекітілген
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру
қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, уәкілетті органның қарауына:
Тармақша 1
1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) болжамды донор туралы ақпаратты;
Тармақша 3
3) грант сомасы туралы ақпаратты;
Тармақша 4
4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;
Тармақша 5
5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);
Тармақша 6
6) орталық мемлекеттік органның өтінімінде оның тікелей құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімді ұсынады.
Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысын ұсынады.
Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.
Салалық қорытындыны орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған тиісті орталық мемлекеттік органдар ұсынады.
Байланысты грант жобасын жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, байланысты грант жобасының салалық қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган ұсынады.
Іске асырылуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.
Тармақ 3
3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер басымдығы бойынша көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Донор байланысты грантты тарту үшін жобаға гранттық қаржыландыруды беру мүмкіндігі туралы ниеттестік хатын ұсынған жағдайда оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.
Басқа 1. Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі
Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі
№
Байланысты грант
Донор
Атқарушы орган
Іске асырылатын жылы
Грант қаражаты
(валюта/теңге)
Грант сомасы
Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
4
5
Басқа 2. Түсіндірме жазба (негіздеме)
Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Түсіндірме жазба (негіздеме)
Мақсаты:
Жоспарланған іс-шаралар:
Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер: