Об утверждении нормы учебной (педагогической) нагрузки отдельным категориям педагогических работников Күшін жойған
Басқа 0
Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу /педагогикалық/ жүктемесi нормасын бекiту туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен
"Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2829 Заң күшi бар Жарлығын /Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 183-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06.
N 170 қаулысымен.
Тармақ 1
1. 1996/97 оқу жылына арналған жалпы бiлiм беретiн орта және кәсiби-техникалық мектептердiң мұғалiмдерi мен оқытушылары үшiн мынадай мөлшерде оқу /педагогикалық/ жүктемесi бекiтiлсiн:
жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң алғашқы басқыш мұғалiмдерi үшiн - аптасына 20 сағат;
жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң екiншi және үшiншi басқыш
мұғалiмдерi мен кәсiби-техникалық мектептердiң оқытушылары үшiн -
аптасына 18 сағат.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
N 1448 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Аталған өзгертулер бiлiм беруге және кадрларды 1996/97 оқу
жылының үшiншi тоқсанынан бастап кәсiби даярлауға арналып 1996 жылы
бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Артылған қаражат
олардың нақтылы оқу жүктемесiне байланысты аталған педагогикалық
қызметкерлердiң санаттарына үстемеақы, қосымша ақы төлеуге
бағытталсын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
N 1448 қаулысымен.