Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Денисовском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Денисов ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Мәслихаттың 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне 1-қосымша Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Денисов ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Министрдің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен реттеледі.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгінеді. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Денисов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
Мәслихаттың 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне 2-қосымша Денисов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-162 тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 63 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-184 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашадағы "Наше время" газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2012 жылғы 18 маусымдағы № 36 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-203 тіркелген, 2012 жылғы 3 тамыздағы "Наше время" газетінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 47 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 3900 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Денисов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 4459 тіркелген, 2014 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).