Об установлении размера возмещения за счет бюджетных средств расходов на коммунальные услуги и топливо медицинским и фармацевтическим работникам организаций государственного сектора здравоохранения, работающим в сельской местности и поселках городского типа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мөлшерін белгілеу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды өтеу бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.