Об утверждении Инструкции о порядке определения страны происхождения товаров Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыру мен тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану кезінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтілетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: "Жалпы преференциялар жүйесінің шеңберінде тарифтік преференция беру кезіндегі дамушы елдердің тауарларының шығарылған елін айқындау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 1 қыркүйектегі N 175-Б ; "Шығарылу сертификатының сенімділігін растау туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 жылғы 12 наурыздағы N 58-Б ; "Тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 612-Б .
Тармақ 3
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.А.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кедендік кіріс бас басқармасы (Жұмабеков Б.А.) осы бұйрықтың іске асуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында баспасөз қызметі (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д.А. Құнанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулық
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрі       Мемлекеттік кіріс министрлігі 2001 жылғы_______________        Кеден комитетінің Келісілген                       2001 жылғы 22 қаңтардағы N 21 бұйрығымен Бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы Нұсқаулық
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібі туралы осы Нұсқаулық тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері елін айқындау тәртібін белгілеу үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы" Заңның  (бұдан әрі - Кеден істері туралы заң) 21 тарауына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген өлшемдерге сәйкес тауар толық шығарылған немесе жеткілікті өңдеулерге ұшыраған ел Кеден істері туралы заңның 141-бабына сәйкес тауар шығарылған ел деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Тауардың шығу елін растайтын құжат Кеден істері туралы заңның 144-бабына сәйкес экспортқа шығарушы елдің уәкілетті органы берген, болмаса әкелінген тауарларды декларациялау кезінде декларация беруші ұсынған тауарға ілеспе құжаттар тауардың шығуы туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат) болып табылады.
Тармақ 2. 2. Тауардың шығу туралы сертификат
2. Тауардың шығу туралы сертификат
Тармақ 4
4. Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу кезінде, Сертификат Кеден істері туралы заңның 144-бабына сәйкес тек қана мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден тарифі бойынша жеңілдіктер берілген;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасының кеден органында тауар, тауарларды әкелу тарифсіз реттеу шараларымен реттелетін елдерден шығады деген негізделген болжам болғанда;
Тармақша 3
3) егер бұл, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны , халықтың денсаулығын қорғау , қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік қауіпсіздікті және Қазақстан Республикасының басқа да өмірлік маңызды мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда беріледі. Өзге жағдайларда тауарлардың шығу сертификаты талап етілмейді. Бұл ретте, декларация беруші тауарлардың шығу елін шот-фактуралардың немесе тауарға берілген басқа да ілеспе құжаттар негізінде тауарлардың шығарылған жері елін декларациялай алады.
Тармақ 5
5. Сертификатта аталған тауардың тиісті елден шығатыны туралы куәлігі және мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) тауардың тиісті шығу өлшемін қанағаттандыратындығы туралы жіберушінің жазбаша өтініші;
Тармақша 2
2) сертификатта берілген мәліметтердің шындыққа сай екендігі туралы сертификат берген әкелу елдің құзыретті органының жазбаша куәлігі.
Тармақ 6
6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған нормалар қолданылатын ТМД қатысушы-мемлекеттерінен шығатын тауарлар әкелінген жағдайда, шығу елін растау ретінде 2000 жылдың 30 қарашадағы ТМД елдерінің үкімет басшыларының Шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған жері елін айқындау Ережесімен қабылданған СТ-1 нысанындағы сертификат беріледі.
Тармақ 7
7. Халықаралық келісімдермен сертификатта болуы тиіс мәліметтер туралы өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Дамып келе жатқан және (немесе) дамуы төмен елдерден шығатын және әкелінетін тауарларға кеден тарифі бойынша жеңілдіктер қолдану кезінде, декларация беруші осындай тауарларды ресімдеу кезінде кеден органдарына жеңілдіктердің Жалпы жүйесі шектерінде қабылданған "А" нысанындағы тауарлардың шығу Сертификатын беруі керек (2 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 9
9. Кеден органдарының үлгілеріндегі бланкілердің, мөр бедерлемелерінің, тұлғалардың қолдарының, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының болуы Қазақстан Республикасы кеден органдарының сертификаттарды қабылдау шарты болып табылады. Жоғарыда аталған мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (бұдан әрі - Кеден комитеті) Қазақстан Республикасының кеден органдарына оларды шығу елінің уәкілетті органдарынан ресми алғаннан кейін береді. Жоғарыда аталған үлгілер болмаған жағдайда, әкелінетін тауарларға Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жеңілдік режим таратылмайды.
Тармақ 10
10. Кеден комитеті ұсынылып отырған сертификаттардың түпнұсқалылығын растау үшін қажетті мәліметтері бойынша елдердің тізімін мерзім сайын жариялап тұрады. Кеден органдары декларация берушінің өтініші бойынша бланкілердің, мөр бедерлемелерінің, тұлғалардың қолдарының, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының үлгілері туралы өздерінде бар мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 11
11. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына баспа түрінде, түзетусіз, егер өзгесі Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімдермен көзделмесе, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
Тармақ 12
12. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден декларациясымен және кеден мақсаты үшін басқа да қажетті құжаттармен қоса беріледі. Сертификат жоғалған кезде, түпнұсқасын берген орган ресми растаған оның төлнұсқасы (көшірме) қабылданады.
Тармақ 13
13. Тауарлардың шығуын Қазақстан Республикасының кеден органдары тауардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтермен бірге сертификатта көрсетілген мәліметтер теңестірілгеннен кейін белгіленеді. Нақты қойылған тауардың саны мен сертификатта көрсетілген арасындағы алшақтық 5%-тен аспауы керек.
Тармақ 14
14. Сертификаттың немесе ондағы мәліметтерге мінсіздігіне, сондай-ақ тауарлардың шығуы туралы мәліметтерге қатысты негізделген күмәндар туындаған жағдайда, кеден органы сертификат берген (куәландырған) экспортқа шығарушы елдің құзыретті органдарына толықтырылған немесе нақтыланған мәліметтерді хабарлауын дәлелдеуін өтініп жүгінуге құқылы.
Тармақ 15
15. Тауардың шығуы туралы ресімделген сертификат тиісті үлгіде ұсынылғанға немесе мәліметтерге сұраныс салынғанға дейін, тауар тарифтік жеңілдіктерді режим таратылатын елден шыққан деп есептелмейді. Осындай тауарлар үшін тарифтік жеңілдіктер тек қана экспорттаушы елдердің құзыретті органдарынан қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін қолданылады (орнына келтіріледі).
Тармақ 16
16. Егер географиялық, техникалық шарттар бойынша тауар бірнеше мемлекеттің аумағынан өткізілсе, егер тауардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтермен бірге сертификатта көрсетілген мәліметтерді сәйкестендіру мүмкіншілігі жағдайы кезінде тауарларды шығару осы мемлекеттердің аумағында жүргізілмесе, басқа елдер үшін арналған сертификатты қабылдауға рұқсат беріледі.
Тармақ 17
17. Тауарлардың шағын партияларының шығуы куәлігіне (5000 АҚШ долларынан артық емес кеден құны) сертификат ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда, экспортер тауардың шығу елін шот-фактуралар немесе басқа да тауардың ілеспе құжаттары негізінде декларациялай алады. Тауарлардың шығуы туралы берілген мәліметтерге қатысты негізделген күмән туындаған жағдайда, кеден органы сертификаттың ұсынылуын талап етуге құқылы.
Тармақ 3. 3. Жеңілдіктің Жалпы жүйесі шектеріндегі тарифтік жеңілдіктер ұсыну кезінде тауарлардың шығуын айқындаудың ерекшеліктері
3. Жеңілдіктің Жалпы жүйесі шектеріндегі тарифтік жеңілдіктер ұсыну кезінде тауарлардың шығуын айқындаудың ерекшеліктері
Тармақ 18
18. Егер тауар:
Тармақша 1
1) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты елдерден шығатын немесе тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарын өңдеу және қайта өңдеу нәтижесінде алынған құнның 50%-нен аспайтын шығуы белгісіз осы процесте пайдаланылған басқа да тауарлардың (шикізат материалдарының, жартылай шикізаттардың және дайын бұйымдардың) құны осындай елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса;
Тармақша 2
2) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты елдерден шығатын немесе тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты бір дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарын өңдеу және қайта өңдеу нәтижесінде алынған құнын 50%-нен аспайтын шығуы белгісіз осы процесте пайдаланылған басқа да тауарлардың (шикізат материалдарының, жартылай шикізаттардың және дайын бұйымдардың) құны бірнеше дамушы елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса;
Тармақша 3
3) тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты дамушы елдердің бірінен шығарылса және тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты бір немесе бірнеше дамушы елдерде өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраса, онда ол тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын тауарларға қатысты дамушы елдерде жеткілікті өңделуге немесе қайта өңделуге ұшыраған деп есептеледі.
Тармақ 19
19. Осы Нұсқаулықтың 18-тармағында аталған 1) және 2) тармақшаларындағы тарифтік жеңілдік режим қолданылмайтын елден шаққан тауардың құны экспортқа шығарылатын тауарды өндіруші елде белгіленген осы тауардың кеден құны негізінде айқындалады. Осы Нұсқаулықтың 18-тармағында аталған 1) және 2) тармақшаларындағы шығуы белгісіз тауардың құны экспортқа шығарылатын тауарды өндіруші дамушы елдің аумағында осы тауар үшін төленген баға көлемінде қабылданады.
Тармақ 20
20. Жеңілдік ұсынушы бір елден тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты елге әкетілген және онда бұйымдар әкелінген сол елге экспорттауға жататын тауарлардың өндірісі үшін пайдаланылған тауарлар аталған экспортер дамушы елде шығарылған тауарлар сияқты қаралады.
Тармақ 21
21. Дамушы елдің экспортқа шығаратын тауарының құны тауарды даярлаушы франко-зауыт бағасының базасында айқындалады.
Тармақ 22
22. Тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер тек қана осындай тауарларды осы елдерден тікелей сатып алу және оларды тарифтік жеңілдік ұсынған елге тікелей жеткізу шарты кезінде ұсынылады.
Тармақ 23
23. Егер импорттаушы тауарды тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елде кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғадан сатып алса, онда ол тікелей сатып алынған деп қаралады.
Тармақ 24
24. Тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елден басқа мемлекеттің аумағы арқылы өткізусіз жеңілдік ұсынған елге тасымалданатын тауарларды жеткізу тікелей жеткізілім деп есептеледі. Тікелей жеткізілім Ережесіне, сондай-ақ транзиттік елдердегі тауарлар, соның ішінде олардың осы елдердің аумақтарында уақытша сақтау кезінде кедендік бақылауда болған жағдайы кезінде географиялық, көліктік техникалық немесе экономикалық себептер салдарынан бір немесе бірнеше елдердің аумағы арқылы тасымалданатын тауарлар жауап береді. Тікелей жеткізілім Ережесіне, сондай-ақ импорттаушының көрмелерде немесе жәрмеңкелерде мынадай шарттарды орындау кезінде сатып алған тауарлары жауап береді:
Тармақша 1
1) тауарлар тарифтік жеңілдік режим қолданылатын тауарларға қатысты дамушы елдің аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткізілетін және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда қалған елдің аумағына жеткізілсе;
Тармақша 2
2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жіберген сәттен бастап, көрсетуден басқа қандай да болмасын өзге мақсаттарда пайдаланылмаса;
Тармақша 3
3) тауарлар тарифтік жеңілдік ұсынған елге табиғи тозу болмаса қалыпты жағдайдағы тасымалдау мен сақтау кезіндегі зиян шегу салдарынан өзгеруін есепке алмағанда оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жіберілген күйінде әкелсе.
Тармақ 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Кеден істері туралы заңмен және осы Нұсқаулықпен белгіленген барлық талаптар сақталған кезде тауар осы елден шығарылған деп есептеледі.
Тармақ 26
26. Кеден органы Кеден істері туралы заңның 146-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға тек қана Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілуге жатпайтын тауарлардың елдерінен шығады деген жеткілікті негіздегі болжам болған кезде қарсы бола алады. Көрсетілген негіздеме декларантқа жазбаша түрде ұсынылады.
Тармақ 27
27. Кеден ресімдеуі жүзеге асырылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей олардың шығуы туралы тиісті куәлік алған кезде, тауарларға Кеден істері туралы заңның  147-бабына сәйкес жеңілдік режим қолданылуы (орнына келтірілуі) мүмкін. Жеңілдік режимді орнына келтіру кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары декларация берушінің тілегі бойынша кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтаруды болмаса болашақ кеден төлемдері есебінен есепке алуды жүзеге асырады. Cалықтардың артық төленген сомаларын қайтару (есепке алу) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін кеден аймақтары мен еркін қоймаларының аумағынан тауарлардың шығуы Кеден комитетінің белгілеген тәртіпте айқындалады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету кезінде уәкілетті орган берген тауардың шығу сертификаты кеден органдарына бұл тиісті келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерімен көзделген жағдайларда ұсынылады.