Об утверждении Правил выплат пожизненного ежемесячного материального обеспечения спортсменам и тренерам, установлении их размеров и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
19 желтоқсандағы № 1324
қаулысымен бекітілген
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын әрі дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға:
Тармақша 1
1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.
Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы осы Қағидалардың 2-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.
Тармақ 3
3. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Материалдық қамсыздандыруды алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) спортшылар:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кітапшасы не дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жылдық еңбек өтілін растайтын төменде санамаланған құжаттардың кез келгені:
тоқтатылған күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
жұмыс берушінің еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінділер;
жұмыскерлерге жалақы беру ведомосынан үзінділер;
жұмыс беруші қол қойған және оның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
Тармақша 2
2) жаттықтырушылар:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кiтапшасы не жаттықтырушының жиырма жылдық жұмыс өтілін растайтын төменде санамаланған құжаттардың кез келгені:
тоқтатылған күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
жұмыс берушінің еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы беру ведомосынан үзінділер;
жұмыс беруші қол қойған және оның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
жұмыс орнынан (егер жаттықтырушы өтініш берген кезде жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) өзінің Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын анықтама;
өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі – өтініш берілген сәттен бастап он жұмыс күні.
Тармақ 6
6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 7
7. Материалдық қамсыздандыруды төлеу өтініш берушілердің Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен жүргізіледі.
Басқа 2
Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Кімге ______________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
___________________________________________
уәкілетті орган басшысының лауазымы,
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
кімнен _____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН_______________________
Маған
_______________________________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________________
байланысты өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді сұраймын.
Маған тиесілі соманы
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(банктің аты, банктің есептік шоты, өтініш берушінің жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
_____________________________________________________________________ аударуды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1._________________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы ______________________________
Басқа 2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
1-қосымша
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері
Тармақ 1
1. Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) мынадай мөлшерде (бұдан әрі – мөлшер) төленеді:
Тармақша 1
1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Осы мөлшердің 1-тармағында көрсетілген бірнеше негіздер бойынша бір мезгілде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру тек бір негіздеме бойынша ең жоғары мөлшерде төленеді.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 512-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 19, 149-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 702-құжат).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 78-құжат).