Об областном Пресс-центре Қолданыста
Басқа 0
Облыстық Баспа сөз орталығы туралы
Облыста тіркелген аумақтық бұқаралық ақпарат құралдары мен республикалық БАҚ-ның меншікті тілшілері облыстың әлеуметтік- экономикалық ахуалының дамуы мен жағдайы, жүргізіліп жатқан реформалардың оң тәжірибелерін насихаттау сапасын жақсарту, облыстың бейнесі туралы оң көзқарастар қалыптастыру жайлы ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілуін тиімділендіру мен жеделдету мақсаттарында:
Тармақ 1
1. Облыстық Баспа сөз оталығы (әрі қарай «Баспа сөз орталығы») кұрылсын. Баспа сөз орталығын басқару облыс әкімінің баспа сөз хатшысына жүктелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық Баспа сөз орталығы туралы Ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық басқармалар мен комитеттердің, ведомстволардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері Баспа сөз орталығымен бірлесіп жұмыс істеу үшін аппарат қызметкерін белгілесін; Баспа сөз орталығына қажетті ақпараттардың уақытында тапсырылып отырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі аппаратының шаруашылық істерін басқарушы (В. Майснер) Баспа сөз орталығын жұмыс орнымен, жиһазбен, байланыс және басқа да қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің
шешіміне қосымша
Облыстық Баспасөз орталығы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау І. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық Баспасөз орталығы (әрі қарай Баспасөз) бұқаралық ақпарат құралдарын жедел ақпараттық сараптауды қамтамасыз ету қызметі болып табылады.
Тармақ 2
2. Баспасөз орталығының жұмысын облыс әкімінің баспасөз хатшысы басқарады.
Тармақ 3
3. Баспасөз орталығы облыстық басқармалар мен комитеттер, ведомстволар мен аудандық, қалалық әкімшіліктер және басқа да мемлекеттік органдар (келісімі бойынша) бөлген жауапты қызметкерлерден тұрады.
Тарау ІІ. II. Баспасөз орталығының негізгі міндеттері мен қызметі
II. Баспасөз орталығының негізгі міндеттері мен қызметі
Тармақ 4
4. Баспасөз орталығының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыста жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы тұрде және жедел ақпараттық сараптау материалдарын беріп тұру;
Тармақша 2
2) облыстың атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының баспасөз кызметтерінің аумақтың беделін арттыру жөніндегі жұмыстарына сараптамалық және методикалық көмек көрсету;
Тармақ 5
5. Баспасөз орталығының атқаратын қызмет түрлері:
Тармақша 1
1) облыстың экономика мен әлеуметтік салаларында болып жатқан маңызды оқиғалар туралы басқармалар мен комиттерден, ведомстволар мен қалалық аудандық әкімшіліктерден және басқа да мемлекеттік органдардан (келісімі бойынша), сонымен қатар ашық ақпарат көздерінен (БАҚ, ақпараттық агенттіктер, «Интернет» және т.б.) келіп түскен ақпараттарды жинақтау, өңдеу және қорытындылау;
Тармақша 2
2) келіп түскен мәтіндер мен графикалық материалдарды жұмыста қолдану үшін, жариялау үшін таңдау, түзету, жазу және көшіру;
Тармақша 3
3) ашық ақпарат көздерінен және мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпараттарды жүйелі түрде жинастырып, Баспасөз орталығының көрсеткіштер базасында сақтау, БАҚ мен басқа да алушыларға көрсеткіштер базасында бар материалдарды қолдануға беру;
Тармақша 4
4) Баспасөз орталығының ақпараттық сараптау материалын, тақырыптық баспасөз - релиздер дайындау мен шығару;
Тармақша 5
5) аумақтық бұқаралық ақпарат кұралдарында ақпараттық сараптау материалдарын дер кезінде жариялап отыру.
Тарау ІІІ. III. Баспасөз орталығының жұмысын қамтамасыз ету
III. Баспасөз орталығының жұмысын қамтамасыз ету
Тармақ 6
6. Баспасөз орталығының ұйымдастыру жұмыстарын облыс әкімінің баспасөз хатшысы жүзеге асырады, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерімен облыс әкімі аппаратының іс басқармасы айналысады.
Тармақ 7
7. Баспасөз орталығының жұмысын қамтамасыз етуші облыстық басқармалар мен комитеттердің, ведомстволар мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары ақпараттардың уақытында және дұрыс берілуі үшін жауап береді. Баспасөз орталығына тиісті ақпаратты жүйелі түрде беріп отыратын уәкілін тағайындайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдардың ақпараттарына қойылатын талаптарды Баспасөз орталығы белгілейді.