О создании в городе Алматы Социального жилого дома для одиноких пенсионеров, инвалидов, одиноких супружеских и семейных пар пенсионного возраста Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында жалғызiлiктi зейнеткерлерге, зейнеткер жасындағы жалғызiлiктi ерлi-зайыпты мүгедектер үшiн Әлеуметтiк тұрғын үйдi құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 09.06.2004 № 3/485 қаулысымен.
Алматы қаласындағы 2000-2002 жылдарға арналған Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi Бағдарламаға сәйкес жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау және оларды қорғау мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласының тұрғындарын әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi мемлекеттiк мекеме үлгiсiндегi жалғызiлiктi зейнеткерлерге және жалғызiлiктi ерлi-зайыпты мүгедектер үшiн Әлеуметтiк тұрғын үй (бұдан әрi мәтiн бойынша - "Қария азаматтар үшiн әлеуметтiк тұрғын үй") құрылсын.
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi қария азаматтар үшiн Әлеуметтiк тұрғын үй мемлекеттiк мекеменiң Жарғысын бекiтуге берсiн.
Тармақ 3
3. Жалғызiлiктi зейнеткерлер, зейнеткер жасындағы жалғызiлiктi ерлi-зайыпты мүгедектер үшiн Әлеуметтiк тұрғын үй туралы Ереже бекiтiлсiн (№1 қосымша).
Тармақ 4
4. Қария азаматтар үшiн Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарды анықтау жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн (№2 қосымша).
Тармақ 5
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (Н.I. Сүлейменов):
- Алматы қаласындағы қария азаматтардың тұрған үйлерiн қаланың коммуналдық меншiгiне беру жағдайларын ескерiп, Әлеуметтiк тұрғын үйге ауысуға ниет бiлдiргендердiң есебiн алуда жұмыс жүргiзсiн;
- Әлеуметтiк тұрғын үйге ауысатын қария азаматтарды әлеуметтiк қолдауға бөлiнген бюджеттiк қаражатты мақсатты жұмсауға бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй департаментi (Ш.З. Бекбатыров):
- азаматтардың тапсырған үйлерiн қабылдасын және ресiмдесiн, сондай-ақ қаланың коммуналдық меншiгiне берiлген пәтерлердi (пайдалануды) одан әрi жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Денсаулық сақтау департаментi (В.Н. Девятко) Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын қария азаматтарға медициналық қызметтi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Коммуналдық меншiктi басқару департаментi (А.Қ. Қасымов) белгiленген тәртiппен Әлеуметтiк тұрғын үйдi Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне жедел басқаруға берудi ресiмдесiн.
Тармақ 9
9. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бюджеттiк көрсеткiштерiнде Әлеуметтiк тұрғын үйдi ұстауға қаржы бөлудi көздесiн.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын басқару Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 11
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2001 жылғы 19 ақпандағы
№ 93 шешiмiне
№ 1 қосымша
Жалғызiлiктi зейнеткерлерге және мүгедектерге,
зейнеткерлiк жастағы жалғызiлiктi жұбайлық
және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтiк
тұрғын үй туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк тұрғын үй - арнаулы тұрғын үй кешенi жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлiк жастағы (әрi қарай - егде адамдар) жалғызiлiктi жұбайлық және отбасылық жұптарға, олардың тұрақты тұруына арналған, бұл орайда күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж егде азаматтардың меншiк құқығы бойынша өздерiнiң иелiгiндегi баспананы қалаға тапсыратыны ескерiлуi тиiс.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi атқару органының шешiмiмен әлеуметтiк тұрғын үй ұйымдастырылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк тұрғын үйдi басқару Алматы қаласы Әкiмiнiң өкiлеттi органы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қалада екi немесе одан да көп әлеуметтiк тұрғын үй болса, оларға реттiк нөмiрлер берiлуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк тұрғын үй санитарлық-гигиеналық, өрттен қорғау, қауiпсiздiк техникаларының талаптарына сай келетiн, егде адамдардың тұруына арналған барлық коммуналдық қолайлы жағдайлар жасалған, арнайы (типтiк) салынған немесе қажеттi бөлмелерi бар, қолайлы ғимаратта ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк тұрғын үй (мүлiктiк кешен ретiнде) Алматы қаласының коммуналдық меншiгi болып табылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын егде адамдарға көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын, санитарлық-эпидемиологиялық режимнiң сақталуын, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетiлуiн белгiленген тәртiпке сәйкес денсаулық сақтау органдары бақылайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк тұрғын үй Алматы қаласының халқын әлеуметтiк қорғауға арналған қаражаттардың, сондай-ақ егде азаматтардың иелiгiндегi тұрғын үйлердi, олар әлеуметтiк тұрғын үйге көшкенге дейiн, сатудан және пайдаланудан бюджетке түскен табыстардың есебiнен ұсталады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң құқықтық жағдайы осы Ереже арқылы белгiленедi.
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк тұрғын үйге көшудi қалайтын адамдарды анықтап, есебiн алуды халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң мақсаты
2. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң мақсаты
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң негiзгi мақсаты - егде азаматтарға олардың тұруына, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық қызметтермен және қызметтердiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етуiне арналған тұрғын үй жайларын беру.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй алаңын берудiң және әлеуметтiк
тұрғын үйде тұрудың тәртiбi
3. Тұрғын үй алаңын берудiң және әлеуметтiк
тұрғын үйде тұрудың тәртiбi
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк тұрғын үй өзiне-өзi қызмет ету қабiлетiн толық немесе iшiнара сақтаған егде азаматтардың тұрақты тұруына арналады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк тұрғын үйге Алматы қаласында тұрақты тұратын егде азаматтар қабылданады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұруды қалайтын адамдар Алматы қаласындағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы өкiлеттi органға қабылдау туралы өтiнiшiн (№1 Қосымша) және баспанаға меншiк құқығын беретiн құжаттарды тапсырады.
Тармақ 15
15. Жұқпалы, психикалық аурулары бар, сондай-ақ маскүнем, нашақор адамдарды әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстандыруға болмайды.
Тармақ 16
16. Қария азаматтардың өтiнiшi негiзiнде Алматы қаласындағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы өкiлеттi орган мүдделi тараптардың қатысуымен тұрғын үйдiң (пәтердiң) санитарлық-техникалық жағдайы туралы акт жасайды (№ 2 Қосымша).
Тармақ 17
17. Әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстандыру туралы шешiмдi құрамы Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн Комиссия қабылдайды.
Тармақ 18
18. Әлеуметтiк тұрғын үйге қабылдау туралы Комиссия оң шешiм қабылдаған соң Алматы қаласындағы коммуналдық тұрғын үй қорын басқару жөнiндегi өкiлеттi орган әлеуметтiк тұрғын үйде тұруды қалайтын қария азаматтармен жалдау шартын ресiмдейдi (№3 Қосымша) ресiмдейдi.
Тармақ 19
19. Қария азаматтардың коммуналдық меншiкке тапсырған тұрғын үй жайын тұрғын үй қорын басқару жөнiндегi өкiлеттi орган белгiленген тәртiпке сәйкес пайдаланылады. Тұрғын үйдi сату оны сату сәттегi нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Қария азаматтарға әлеуметтiк тұрғын үйден бiр немесе екi бөлмеден тұратын пәтер берiледi.
Тармақ 21
21. Әлеуметтiк тұрғын үйдегi пәтерлердi айырбастауға, тұрғын үй алаңын бөлуге, уақытша тұрғындарды қоныстандыруға, жалға беруге болмайды.
Тармақ 22
22. Екi бөлмелi пәтерде тұратын отбасы мүшелерiнiң бiрi басқа жаққа кеткен жағдайда Комиссия пәтерде тұрушының келiсiмiмен, тиiстi нормалар мен ережелердi сақтап, осы тұрғын үй алаңын көлемi шағын баспанаға айырбастау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 23
23. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратындардың зейнетақылары, белгiленген жеңiлдiктер мен өтемақылары толық сақталады, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтiк қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етiледi.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға
көрсетiлетiн қызметтер мен берiлетiн
кепiлдiктер
4. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға
көрсетiлетiн қызметтер мен берiлетiн
кепiлдiктер
Тармақ 24
24. Қария азаматтарға әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстанар кезде оларға мынадай кепiлдiктер берiледi:
- Алматы қаласындағы халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган мен егде азаматтың арасындағы жеке келiсiмде белгiленген мөлшерде оның өз иелiгiндегi бұрынғы баспананы сатудан түскен ақша қаражаттарының 50%-тi есебiнен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн жеңiлдiкпен ақы төлеу;
- жеке телефонды тегiн орнату;
- көшкенде жеке заттары мен мүлiктерiн тегiн тасымалдау;
- қоныстанарда пәтерге қолайлы жағдайлар жасауда (жиһаздарды қою, перде iлгiштер, төбешамдарды орнату, электроплиталарды iске қосу, терезелердi, есiктердi жылылау және т.б.) жәрдем көрсету.
Тармақ 25
25. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратындарға:
- олардың зейнетақылары жаңа тұрғылықты жерiне ауыстырылып, жеткiзiп берiледi;
- мүгедектiктi белгiлеу немесе мүгедектiк тобының өзгеруiне байланысты мәселелерi шешiледi;
- қолданыстағы заңнамада белгiленген кепiлдi медициналық жәрдемнiң көлемiнде медициналық қызметтер көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын адамдар үшiн мыналар ұйымдастырылады:
- тәулiк бойы күзет;
- медбикештiң тәулiктiк кезекшiлiгi;
- осы үйде тұратындардың әлеуметтiк-тұрмыстық талап-тiлектерiнiң орындалуын ұйымдастыратын диспетчерлiк пункттiң жұмысы.
Тармақ 27
27. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға мынадай қызметтер көрсетiледi:
- күнделiктi қажеттi тауарлар сататын дүкен;
- дәмхана;
- көрсетiлетiн қызметтерiнiң бағалары төмендетiлген шаштараз, кiр жуу бөлмесi және аяқ киiм жөндеу пунктi.
Тармақ 28
28. Тұрақты күтiмге мұқтаж егде азаматтарға әлеуметтiк сала қызметкерлерi арқылы қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетiледi.
Тармақ 29
29. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын адам қайтыс болған жағдайда оны жерлеуi Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады.
Басқа 45. Қария азаматтар үшін
Әлеуметтік тұрғын үйде тұрғын жайды беру туралы
Жалғызілікті зейнеткерлер мен
мүгедектер үшін Әлеуметтік
тұрғын үй туралы Ережеге
№ 1 Қосымша
Қария азаматтар үшін Әлеуметтік
тұрғын үйде тұрушы адамдарды
анықтау жөніндегі Комиссия
төрағасына
Қария азаматтар үшін
Әлеуметтік тұрғын үйде тұрғын жайды беру туралы
ӨТІНІШ
Мен, азамат(ша)___________________________________
Алматы қаласы ____________________ көшесінде
(даңғылында) N ____ үйде ____ пәтерде тұрамын,
жеке меншігімде үйім бар, маған жалғызілікті
зейнеткерлер үшін әлеуметтік тұрғын үйден пәтер
берулеріңізді өтінемін, оның мекен-жайы Алматы
қаласы, _________________________________________
жоғарыда аталған тұрғын үйді (пәтерді) қаланың
коммуналдық меншігіне беру шартымен тұрғын
үй ______ қабатта орналасқан, жалпы көлемі
___________ шаршы метр, тұрғын алаңы ______ шаршы
метр, ас үйі _____ шаршы метр.
Өтінішіме мына құжаттарды қоса беремін:
1. Тұрғын жайды иелену құқығын растайтын құжаттар.
2. Тұрғын жай туралы N 3 үлгідегі анықтама.
Өтініш иесі ___________ ____________________
(аты-жөні)
Пәтерімді (үйімді) коммуналдық меншікке беруге
келісемін (келісуші) отбасы мүшелері ________
_____________________________________________
Басқа 46. АКТІ
2001 жылғы "_____" ____________
Жалғызілікті зейнеткерлер мен
мүгедектер үшін Әлеуметтік
тұрғын үй туралы Ережеге
№ 2 Қосымша
Тұрғын жайдың (үйдің, пәтердің)
санитарлық-техникалық жағдайының
АКТІ
Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер үшін Әлеуметтік тұрғын үй туралы Ереже негізінде мына құрамда қызмет еткен комиссия:
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
үйдің (пәтердің) санитарлық жағдайын тексеруден
өткізді.
Осы үйде тұрушы азамат(ша)
__________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
мына мекен-жайда тұрады __________________ көше
Тармақша даңғыл
даңғыл) N ____ үй, _______ қор, _________ пәтер.
Жеке есеп-шоты азамат _________________ N _______
ордердің негізінде тұрады. Оны беруші
_______________________________
(ордерді берген ұйымның аталуы)
ПИК аталуы_________________________
________________________________________________
(жергілікті кеңеске, ведомствоға және т.б.)
2. Тұрғын жайда тұратын және осында жазылған
отбасы мүшелерінің саны _________________________
--------------------------------------------------------
Аты-жөні !Туған !Туыстық! Қай уақыттан бері!Әлеуметтік
!күні, !қатысы ! тұрады тіркелгені!мәртебесі
!айы, ! !------------------!
!жылы ! !Алматыда!осы жайда!
---------------------------------------------------------
! !өтініш ! !
! !иесі ! !
---------------------------------------------------------
! ! ! !
---------------------------------------------------------
! ! ! !
---------------------------------------------------------
3. Үйдің сипаттамасы: кірпіш, панелді, блокты, ағаш (оюланған, қалқанды, каркасты-үйінді) аралас, жеңіл, апатты, тұрғын үйге келтірілген (сызу керек).
4. Пәтер жайлылығы: газ, суқұбыры, жуынды құбыры, ыстық су (орталық жылу, пеш, жуынатын орын, құбырлар (біріктірілген, бөлек) лифт, телефон ________.
5. Пәтердің жалпы көлемі __________ шаршы метр. Пәтердің тұрғын жайы ________ шаршы метр, ас үй ________ шаршы метр.
6. Бөлмелердің саны, олардың сипаттамасы (бөлек, аралас-бөлек, өтпелі, тік өтпелі).
-----------------------------------------------
N ! Бөлмелер ! Бөлмелердің көлемі !
-----------------------------------------------
! ! ! !
-----------------------------------------------
1.! ! ! !
-----------------------------------------------
2.! ! ! !
-----------------------------------------------
3.! ! ! !
-----------------------------------------------
4.! ! ! !
-----------------------------------------------
7. Үй қанша қабаттан тұрады ___________, аталған жай қай қабатта орналасқан __________.
8. Пәтер иесінің қосымша мәліметі (отбасында қайтыс болғандар, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, зейнеткер).
9. Коммуналдық қызмет жөніндегі берешектерінің жоқтығы ______________________________________________
ПИК төрағасы___________ Бас бухгалтері_________
Комиссия мүшелері:
Актімен таныстым ________________________________
(үй, пәтер иесінің қолы)
2001 жылғы "____"_______________
Басқа 48. ШАРТЫ
Жалғызілікті зейнеткерлер мен
мүгедектер үшін Әлеуметтік
тұрғын үй туралы Ережеге
№ 3 Қосымша
Әлеуметтік тұрғын үйдідегі
тұрғын жайды жалға алу
ШАРТЫ
Алматы қалалық халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі өкілетті орган, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті атынан, Департамент туралы Ереже негізінде қызмет етуші бұдан әрі Жалға беруші, бір жағынан және азамат_________________________ одан әрі Жалға алушы, екінші жағынан төмендегілер туралы шартқа отырды:
І. Шарттың қызметі
Тармақ 1.1
1.1. Жалға беруші Жалға алушыға (оның отбасы мүшелеріне) ұзақ мерзімге пайдалануға мына пәтерді береді, мекен-жайы:_______________________________ бөлме, жалпы алаңы _________ шаршы метр.
Тармақ 1.2
1.2. Жалға алушы пәтерді оның мақсатына сай (тұру үшін) пайдаланады.
ІІ. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Жалға беруші міндеттенеді :
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Жалға алушыға пәтерді және пәтердегі жабдықтарды түгелімен тұруға жарамды етін береді.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Үйді дұрыс ұстауды жүзеге асырады.
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Пәтерде уақытылы қажетті және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Жалға алушының өтінімі бойынша пәтердегі жабдықтарды қалпына келтіру.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Жалға алушының бастамасы бойынша шартты бұзған жағдайда, Жалға беруші Жалға алушыға оған бұрын жататын пәтерінің бағалау құнының қалған бөлігін өзінің жұмсаған шығынын есептей отырып қайтарып беруі тиіс.
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Жалға алушы тұру тәртібін жиі бұзған жағдайда Тұрғын үй беруші оған қолданыстағы заңдарға сәйкес шара қолдануға құқылы.
Тармақ 2.2
2.2. Жалға алушының құқықтары мен міндеттері:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Пәтерді тек қана тұру мақсатында пайдалануға және оны техникалық жағдайы мен бағыты бойынша пайдалану.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Тұрғын үйді пайдалану ережесін ұстану, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтау, пәтерді және оның ішіндегі орнатылған жабдықтарды ұқыпты пайдалану.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Жалға алушыға пәтерге және оның ішіндегі орнатылған жабдықтарға зиян келтірген жағдайда оның орнын төлеу.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Тиісті рұқсатсыз жайларда қайта жабдықтауды, орын алмастыруды және орнынан қозғауға болмайды.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Күндіз апат болған жағдайда түнгі уақытта пәтеріне жалға берушілерді және өзге әлеуметтік тұрғын үйдің өкілдерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге тоқтаусыз жіберу.
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Қажет болған жағдайда Жалға берушіден жоспардан тыс пәтерді және оның техникалық жағдайын қарап шығуды талап етуге.
Тармақ 2.2.7
2.2.7. Жалға алушы 6 айдан аса жоқ болған жағдайда бұл жайында Жалға берушіге мәлімдеу.
Тармақ 2.2.8
2.2.8. "Жалғызілікті зейнеткерлерге және мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызілікті жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғын үй туралы Ереженің" 24 тармағына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызмет, халықаралық байланыс қызметін қоса төлеуге.
Тармақ 2.2.9
2.2.9. Қандай да болмасын уақытта осы шарттың күшін жоюға.
Тармақ 2.2.10
2.2.10. Тұрғын үйден басқасына көшкенде Жалға берушіге жайды және ондағы жабдықтарды тапсыруға.
Тармақ 2.2.11
2.2.11. Қолданыстағы белгіленген заңдардағы өзге міндеттерді орындау.
ІІІ. Тараптардың міндеті
Тармақ 3.1
3.1. Жалға беруші Жалға алушыға осы шарттағы 2.1.1. 2.15. тармақтарында аталған міндеттерді орындалмаған жағдайда оның шығынының орнын толтырады.
Тармақ 3.2
3.2. Жалға алушы Жалға берушіге белгіленген заң тәртібімен 2.2.1, 2.2.2, 2.2.3, 2.2.4, 2.2.5 көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда оның материалдық шығынының орнын толтырады.
ІV. Шарттың күшіне ену мерзімі
Тармақ 4.1
4.1. Шарт өз күшіне қол қойған бастап енеді.
Тармақ 4.2
4.2. Шарт өз күшін егер бір тарап заңға сәйкес талап қойса, онда бұзуы мүмкін.
Тармақ v
V. Басқа жағдайлар
Тармақ 5.1
5.1. Осы шартта көзделмеген мәселелер, қолданыстағы заңдарға сәйкес шешіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Осы шартты орындау кезіндегі дау мәселелерді тараптар оны соттан тыс тәртіппен шешуге қажетті шараларды қабылдайды.
Тараптар өзара келіспеген жағдайда, осы шарт бойынша дау мәселелер Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
Осы шарт екі данада жасалды және заң күші бірдей, оның біреуі Жалға берушіде, екіншісі Жалға алушыда болады.
Жалға беруші: Жалға алушы:
___________________ ___________________
Басқа 77. ҚҰРАМЫ
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2001 жылғы 19 ақпандағы
№ 93 шешiмiне
№ 2 қосымша
Егде азаматтар үшін Әлеуметтік тұрғын үйде
тұрушыларды анықтау жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Сүлейменов Нұрлан - Алматы қалалық
Ілиясұлы Еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
департаментінің
бастығы,
комиссия төрағасы
2. Беспаева Әсен - Алматы қалалық
Сүлейменқызы Еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
департаментінің
бастығының
орынбасары, комиссия
төрағасының
орынбасары
3. Түсбекова Зүлфия - Алматы қалалық
Жанарқызы Еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
департаментінің бас
маманы,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
4. Әміржанов Майдан - Алматы қалалық
Әміржанұлы Жалғызілікті
зейнеткерлер мен
мүгедектер үшін
әлеуметтік тұрғын
үйдің директоры
5. Ізмағамбетов Тұрысбек - Тұрғын үй департаменті
Әжімұлы бастығының орынбасары
6. Медеубаева Клара - Денсаулық сақтау
Құбашқызы департаменті
бастығының орынбасары
7. Нұрғазиева Бану - Алматы қаласы Әкімі
Ғаниқызы аппаратының бас маманы
8. Тамашева Жамал - Алматы қалалық Еңбек,
Васильевна жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік
қорғау департаменті
заң бөлімінің
меңгерушісі
9. Шалов Анатолий - қалалық соғыс
Федорович ардагерлері мен
зейнеткерлер
Кеңесінің төрағасы