О ликвидации Казахского института повышения квалификации руководящих работников и специалистов лесного хозяйства Қолданыста
Басқа 0
Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтын тарату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі
N 454 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.09 N 291 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09 N 124 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
"Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" бөлімі және 35-жол алынып тасталсын.