Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығымен бекітілді Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Аи-80 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 2
2. Аи-92 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 3
3. Аи-93 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 4
4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек саудада өткізу.