Об организации оплачиваемых общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының негізінде облыстық әкімият
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері облыстық бюджеттен ең төменгі жалақының мөлшерінде анықталсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері аймақтарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін мекемелердің тізбесін, қоғамдық жұмыстың қоғамдық мәнін, көлемін және түрін ескере отырып, анықтасын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарды уақытша еңбекке орналастыру үшін пайдаланылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасы (О.А. Киколенко) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы
қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 5
5. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 7 ақпандағы шешімінің және «Ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 23
ақпандағы № 43 шешімінің күші деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары
С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.