О реализации Закона Республики Казастан "О земле" в части предоставления земель в собственность или землепользование Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңын жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру бөлігінде жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15. 07.2004 № 194 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты және жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру тәртібінің бұзылуына жол бермеу мақсатында, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар, қалалар және селолық округтер әкімдері жер учаскелерін меншікке немесе пайдалануға беруде Қазақстан Республикасы «Жер туралы» Заңының 34-бабына талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін. Шешім қабылдау үшін «Қостанай НПЦзем» ЕМК жасаған және жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің аумақтық органдарымен келісілген жерге орналастырылатын жоба, міндетті түрде негіз болуы керек.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.