Об утверждении положений некоторых государственных учреждений города Астаны Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласының
кейбір мемлекеттік мекемелері
туралы ережелерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 2 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 3
3) «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 3 қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізіп, ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 8
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 06-2036 қаулысына
1-қосымша
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы «Алматы» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомствалық ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімі және шешімі түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, № 7.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Аппараттың миссиясы: Астана қаласы «Алматы» ауданы аумағын дамыту қажеттіліктерімен және мүдделерімен сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу үшін аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. ппараттың міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) нормативтік құқықтық актілерімен және Аппарат туралы Ережемен белгіленген:
Тармақша 1
1) Астана қаласы әкімінің аппаратымен, қаланың өкілді органы – Астана қаласының мәслихатымен (бұдан әрі – мәслихат), қаланың атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекетесуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қала әкімінің, аудан әкімінің актілерін және тапсырмаларын орындау, Астана қаласы «Алматы» ауданы аумағында орналасқан мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар қызметін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да міндеттерін орындау.
Тармақ 16
16. Аппараттың функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарастыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
Тармақша 2
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Астана қаласы әкiмдігіне Аппарат әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды мәслихаттың бекiтуi үшiн әзiрлеу және енгiзу;
Тармақша 4
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік қызметтің дамуына жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, жедел жұмылдыру және мобилизациялау сұрақтары бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізу, жалғызбасты қарттарды және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 12
12) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде мәслихат сессияларының жұмысына қатысу;
Тармақша 13
13) мектепке дейiнгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Аппараттың құзыретi шегiнде сумен жабдықтау және су пайдалану мәселелерiн реттеу;
Тармақша 15
15) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген қаражат шегінде Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) өз құзыретi шегiнде жаттықтырушы, әдiскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;
Тармақша 20
20) тиісті аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) кәсiби емес медиаторлардың тiзiмiн жүргiзу;
Тармақша 22
22) Аппараттың құзыретіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) соттарға талапкер және жауапкер ретінде қатысу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Аппаратқа жүктелген міндеттерді орындауға қажетті құжаттарды, түйіндемелерді, анықтамаларды және басқа да құжаттарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Аппарат құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша Астана қаласы әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Аппарат құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен, әлеуметтік қызметтермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және ауданның иелік субъектілерімен өзара әрекеттесуге;
Тармақша 5
5) Өз құзыреті шегінде аудан шеңберіндегі сұрақтарды шешуді қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерге ие.
Тарау 3. 3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапкершілікті аудан әкімі жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Аудан әкімі қызметке Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Аудан әкімінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Алматы ауданы әкімінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түсу құқығы бар;
Тармақша 2
2) нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер мен әкiмшiлiк-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 3
3) аудан әкiмінiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерi барлық тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бірлігінде міндетті күшке ие;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте Аппаратта гендерлік теңдікті жүзеге асырады.
Аудан әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қала әкімімен жүктелген міндеттерін орынбасарларының біреуі жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Аудан әкімі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
Тарау 4. 4. Аппараттың мүлкi
4. Аппараттың мүлкi
Тармақ 24
24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.
Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк Астана қаласының коммуналдық меншiгі болып табылады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 75
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 06-2036 қаулысына
2-қосымша
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы «Есіл» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволық ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімі және шешімі түрінде рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, № 33.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Аппарттың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Аппарттың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Аппарат миссиясы: Астана қаласы «Есіл» ауданының аумағындағы мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу үшін аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен белгіленген:
Тармақша 1
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Астана қаласы «Есіл» ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) қала әкімінің аппаратымен, қаланың уәкілетті органы – Астана қаласының мәслихатымен (бұдан әрі – мәслихат) қаланың атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мекемелермен, ұйымдар және азаматтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) қала әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау, Астана қаласы «Есіл» ауданы аумағында орналасқан мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдарының қызметтерін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Тармақша 4
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтардың үндеу, өтініш, арыз-шағымдарын қарастыру және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда шара қолдану;
Тармақша 2
2) бюджетке тиесілі салым және басқа да міндетті төлемдерді жинақтауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) әкімшісі Аппарат болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және мәслихаттың бекітуі үшін Астана қаласының әкімдігіне енгізу;
Тармақша 4
4) азаматтардың және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін орындауға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) Аппараттың құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал ету және жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Аппараттың құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) әлеуметтік қорғалмаған азаматтарды анықтау, жоғары органдарға жұмыспен қамтуды ұсыну, жалғыз басты қарттарға және жұмысқа қабілетсіз азаматтарға үйлеріне барып қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысты жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде мәслихат сессиясының жұмысына қатысу;
Тармақша 13
13) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Аппараттың құзыретi шегiнде сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерiн реттеу;
Тармақша 15
15) абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және елді-мекендерді санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарихи ескерткіштер және мәдени мұраны тиісті бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаражат шегінде ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) өз құзыретi шегiнде жаттықтырушы, әдiскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;
Тармақша 20
20) аудан аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына жәрдемдесу;
Тармақша 21
21) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) соттарға талапкер және жауапкер ретінде қатысу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Аппаратқа жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, тұжырымдамалар, анықтамалар мен басқа да ақпараттарды сұрау;
Тармақша 3
3) Аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкіміне ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 4
4) Аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауданның мемлекеттік органдарымен, әлеуметтік қызметтермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, шаруашылық субъектілерімен өзара қарым-қатынаста болу;
Тармақша 5
5) берілген құзыреті шегінде аудандық маңызы бар мәселелерді шешуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған міндеттерді орындау болып табылады.
Тарау 3. 3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Аппаратқа басшылықты, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болатын аудан әкімі жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Аудан әкімінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді:
Тармақша 1
1) мемлекетттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдармен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар;
Тармақша 2
2) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 3
3) аудан әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппаратта гендерлік тепе-теңдікті жүзеге асырады.
Аудан әкімі болмаған жағдайда, оның өкілеттігін орындау қала әкімімен жүктелген аудан әкімінің міндеттерін орынбасарларының бірі атқарады.
Тармақ 22
22. Аудан әкімі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшымен басқарылады.
Тарау 4. 4. Аппараттың мүлкі
4. Аппараттың мүлкі
Тармақ 24
24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.
Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Аппаратқа бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 143
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 06-2036 қаулысына
3-қосымша
«Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволық ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өзатынан түседі.
Тармақ 6
6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімі және шешімі түрінде рәсімделетін шешімдер қабылдайды .
Тармақ 8
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттік кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Аппарттың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Аппарттың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Аппараттың миссиясы:
Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы аумағындағы мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу үшін аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен белгіленген:
Тармақша 1
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) қала әкімінің аппаратымен, қаланың өкілетті органы - Астана қаласының мәслихатымен (бұдан әрі – мәслихат) қаланың атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мекемелермен, ұйымдар және азаматтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) қала әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағында орналасқан мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдарының қызметтерін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциясы:
Тармақша 1
1) азаматтардың үндеу, өтініш, арыз-шағымдарын қарастырады және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда шара қолданады;
Тармақша 2
2) бюджетке тиесілі салым және басқа да міндетті төлемдерді жинақтауға жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) әкімшісі Аппарат болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және мәслихаттың бекітуі үшін Астана қаласының әкімдігіне енгізеді;
Тармақша 4
4) азаматтардың және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін орындауға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) Аппараттың құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал етеді және жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Аппараттың құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) әлеуметтік қорғалмаған азаматтарды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамтуды ұсынады, жалғыз басты қарттарға және жұмысқа қабілетсіз азаматтарға үйлеріне барып қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 11
11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысады;
Тармақша 12
12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;
Тармақша 13
13) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Аппараттың құзыретi шегiнде сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
Тармақша 15
15) абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарихи ескерткіштер және мәдени мұраны тиісті бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаражат шегінде ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) өз құзыретi шегiнде жаттықтырушы, әдiскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;
Тармақша 20
20) аудан аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына жәрдемдеседі;
Тармақша 21
21) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) соттарға талапкер және жауапкер ретінде қатысу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Аппаратқа жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, тұжырымдамалар, анықтамалар мен басқа да ақпараттарды сұрау;
Тармақша 3
3) Аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкіміне ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 4
4) Аппарат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның мемлекеттік органдарымен, әлеуметтік қызметтермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және шаруашылық субъектілерімен өзара қарым-қатынаста болу;
Тармақша 5
5) берілген құзыреті шегінде аудандық маңызы бар мәселелерді шешуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған міндеттерді орындау.
Тарау 3. 3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Аппаратқа басшылықты ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға және жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болатын аудан әкімі жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Аудан әкімі Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Аудан әкімінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекетттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдармен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар;
Тармақша 2
2) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 3
3) аудан әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппаратта гендерлік тепе-теңдікті жүзеге асырады.
Аудан әкімі болмаған жағдайда, оның өкілеттігін орындау қала әкімімен жүктелген аудан әкімінің орынбасарларының бірі атқарады.
Тармақ 22
22. Аудан әкімі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшымен басқарылады.
Тарау 4. 4. Аппараттың мүлкі
4. Аппараттың мүлкі
Тармақ 24
24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.
Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Аппарат қабекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңңамасында өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Аппартты қайта ұйымдастыру және тарату
5. Аппартты қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Аппартты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.