Об образовании Дисциплинарного Совета области и утверждении Положения о Совете и его рабочем органе Секретариате Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық Тәртіптік Кеңесін
құру және Кеңес және оның
жұмыс органы Хатшылық туралы
ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.09.12 N 136ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 ақпандағы №206 Қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы “Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Тәртіптік Кеңестері туралы” №218 Қаулысын орындау үшін және мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі – консультативті-кеңестік органы құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстың Тәртіптік Кеңесі және оның жұмыс органы Хатшылық туралы ереже бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстың Тәртіптік Кеңесінің құрамы бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Облыс әкімі аппаратының басшысы (О.Төреғожин) Тәртіптік Кеңес және оның Хатшылық қызметінің материалдық-техникалық, ұйымдық, ақпараттық-талдау және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін облыс әкімі аппаратының шығыс сметасы есебінен шешсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі “Облыстың Тәртіптік Кеңесінің дербес құрамы туралы” № 67 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Басқа 1. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі және
оның жұмыс органы Хатшылық туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қарағанды облысы әкімінің
2001ж. 27.03 № 45 шешіміне
№ 1 қосымша
Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі және
оның жұмыс органы Хатшылық туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Осы ереже Карағанды облысының Тәртіптік Кеңесі және оның жұмысшы органы Хатшылыктың статусын, өкілеттігін, қызмет ұйымдастыру мен тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесі (әрі қарай - Қенес) консультативті-кеңестік орган болып табылады және оның жұмысын мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау мәселелерін қарастыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі Агенттігі тексереді
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесінің Хатшылығы (әрі қарай - Хаттшылық) оның жұмысшы органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 ақпандағы №206 Қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы №218 Қаулысымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Тәртіптік Кеңестері туралы Типтік ережесі, осы Ереже, Кеңес жұмысының Регламенті, Кеңес қаулылары, Кеңес төрағасының өкімдері мен қаулылары Кеңес және Хатшылық қызметінің құқықтық негізін құрайды.
Тармақ 4
4. Кеңес және Хатшылық қызметінің материалдық - техникалық, ұйымдық және ақпараттық – талдаумен қамтамасыз етілуі облыстық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Кеңестің және Хатшылықтың негізгі міндеттері
2 тарау. Кеңестің және Хатшылықтың негізгі міндеттері
Тармақ 1
1. Хатшылықтың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Облыс және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдеріне, жергілікті атқару, құқық қорғау органдары мен басқа да ұйымдар басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың бұзылуына жол берген Д және Е санаттар топтарындағы әкімшілік мемдекеттік қызметкерлерді, қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қаладағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкімдерін және мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті өзге тұлғаларды және оларға теңестірілген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) Жергілікті атқару және құқық қорғау органдары әкімдері мен басшыларына арналған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар талаптарын орындауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұзушылық фактілері туралы азаматтардың, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен қатар басқа да дереккөздерден алынған ақпараттарды қарастыру;
Тармақша 4
4) Сыбайлас жемқорлықпен күресуді ұйымдастыру тиімділігін арттыруға мемлекеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстарды Агенттікке қарау үшін ұсыну;
Тармақша 5
5) Агенттік тапсырмасы бойынша тексерістер жүргізу және мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істерін қарау үшін материалдар әзірлеу;
Тармақ 2
2. Хатшылықтың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Кеңестің машықтық қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұзушылық фактілері туралы азаматтардан, заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдардан, сонымен қатар басқа да дереккөздерден алынған ақпараттарды қарастыру;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдарда анықталған бұзушылықтарды жинақтау, себептеріне талдау жасау;
Тармақша 4
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар талаптарын сақтау және мемлекеттік тәртіпті нығайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 5
5) Кеңес қаулысының , Кеңес төрағасы тапсырмаларының, өкімдерінің және қаулыларының орындалуын бақылау және олардың орындалуын тексеру;
Тармақша 6
6)
Кеңес отырысын дайындау және өткізу.
Тарау 3. 3 тарау. Кеңес және Хатшылық қызметі мен өкілеттігі
3 тарау. Кеңес және Хатшылық қызметі мен өкілеттігі
Тармақ 1
1. Кеңес өз құзыры шегінде:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында жергілікті атқару және құқық қорғау органдары, оның бөлімшелері, мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдар, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан оның алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпараттар сұрауға;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік қызметте жүрген немесе мемлекеттік міндеттерді орындайтын тиісті лауазымды тұлғалдардан ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік органдар, ұйымдар басшыларынан лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын бұзу фактілері бойынша тексерістер және қызметтік тергеулер жүргізуді талап етуге;
Тармақша 5
5) Штаттан тыс инспекторлар, сарапшылар мен мамандар ретінде тексерістерге катысу және корытындылар беру үшін беделді, кәсіби даярланған жергілікті жұртшылық өкілдерін, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарың қарастыру мәселелері бойынша Агенттік аумақтық органымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Кеңес қалалар мен аудандар, аудандардағы қалалар және қаладағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкімдеріне, Д және Е санаттар топтарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне, сонымен қатар лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті өзге де тұлғаларға және олараға теңестірілген тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарастыруға құқылы;
Тармақша 8
8) Кеңес Агенттік тапсырмасын, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарастыру корытындысы бойынша Кеңес мүшелерінің, Кеңес хатшылығы қызметкерлерінің тексеріс жүргізуі туралы шешім кабылдай алады немесе оның жүргізілуін тексеріс қорытындысы бойынша Кеңес алдында міндетті есеп беруді жүктей отырып, өкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тапсыра алады.
Тармақ 2
2. Хатшылық негізгі міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) Кеңес жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) есеп беруді әзірлейді және оны Кеңес төрағасына ұсынады;
Тармақша 3
3) Кеңесті ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) қызмет ерекшелігі сыбайлас жемқорлықпен күресу және мемлекеттік тәртіп нормаларын сақтау болып табылатын мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасайды;
Тармақша 5
5) жергілікті атқару, құқық қорғау органдарында және басқа ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың бұзылуына жол берген Д және Е санаттар топтарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді, саяси мемлекеттік қызметкерлер - қалалар мен аудандар, аудандардағы қалалар және қаладағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкімдерін және мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті өзге тұлғаларды және оларға теңестірілген тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тарту туралы Кеңес төрағасына және мүшелеріне ұсыныс береді;
Тармақша 6
6) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша тексерістер жүргізеді және олар бойынша талдау материалдарын дайындайды;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлықпен күресуді ұйымдастыру және мемлекеттік тәртіпті нығайту мәселелері жөнінде жергілікті атқару, құқық қорғау органдары және басқа да ұйымдардың жұмыс үлгілері мен әдістеріне талдау жасайды;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау және мемлекеттік тәртіпті нығайту мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттар сұрайды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен мемлекеттік тәртіпті бұзушылық фактілеріне байланысты мәселелер бойынша қажет болғанда лауызымды адамдардың ауызша түсініктемесін тыңдайды және оларды жазбаша түсініктемесін алады;
Тармақша 10
10) Өз құзыры шегіндегі барлық мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының, Мәслихат аппаратының, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерімен, қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар және партиялар, діни конфессиялар өкілдерімен, халықаралық ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекет жасайды.
Тармақ 3
3. Кеңес қызметінің тәртібі оның ішінде тәртіптік істерді қарастыру тәртібі Агенттікпен келісілген Кеңестің Регламентімен анықталады.
Тарау 4. 4 тарау. Кеңес және Хатшылық құрылымы
4 тарау. Кеңес және Хатшылық құрылымы
Тармақ 1
1. Кеңес облыс әкімімен құрылады және ол Төрағадан және мәслихаттар депутаттары мен жергілікті жұртышылықтың беделді өкілдері болып табылатын алты мүшеден құралады.
Кеңес төрағасын қызметке Агенттік төрағасымен келісім бойынша облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады және бұл қызмет облыс әкімінің орынбасарының қызметіне теңестіріледі.
Хатшылық қызметкерлерін қызметке Кеңес төрағасының келісімі бойынша облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеңес төрағасы және Хатшылық қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.
Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық бастауларда жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің дербес құрамы бойынша әкімнің карауына ұсыныс береді, Кеңес Хатшылығының аппаратын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес отырысының күн тәртібін анықтайды;
Тармақша 4
4) Кеңес отырысын шақырады және оларда төрағалық жасайды. Кеңес төрағасы қатыспаған жағдайда оның тапсыруы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді.
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің қатарынан Кеңес отырысында, қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді.
Тармақша 6
6) ай сайын Кеңес жұмысының қорытындылары туралы, оның ішінде мемелекеттік қызметкерлермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы Агентттік алдына есеп береді;
Тармақша 7
7) жарты жылда бір рет Кеңес жұмысының қорытындылары туралы әкімге хабарлайды;
Тармақша 8
8) Кеңестің бекітуіне Агенттікпен келісілген жұмыс регламентін ұсынады;
Тармақша 9
9) Тәртіптік істер қозғайды;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызметкерлермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты Агенттіктің тапсырмасын орындайды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Заңдарымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Хатшылық құрылымы 4 адамнан тұратын штаттан тұрады. Бөлім меңгерушісі - Хатшылық меңгерушісі, қызмет бабы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады; бас маман - инспектор, бас маман-сарапшы; жетекші маман - іс жүргізуші.
Тармақ 4
4. Хатшылық меңгерушісі:
Тармақша 1
1) Хатшылық жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Хатшылық құзырына берілген мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара қарам-қатынас жасайды;
Тармақша 3
3) Кеңестің жұмыс жоспарынын жобаларын, Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады, Қенес Қаулыларының жобаларын қарастырады және оны төрағаға ұсынады, жоспарланған шаралардың орындалу және оның жүзеге асырылу барысын бақылауға алады;
Тармақша 4
4) арнайы өкілеттіктері және білімі бар штаттан тыс инспекторларды, сарапшыларды және мемлекеттік органдар қызметкерлерін Хатшылық жұмысына қатысу үшін тартады;
Тармақша 5
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңес қаулысын орындау үшін сыбайлас жемқорлықпен күресуге және мемлекеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған заңдардың сақталуы жөніндегі тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдар басшыларына жолдайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Кеңестін жүргізіп отырған жұмысына талдау жасайды, олар бойынша ақпарат дайындайды, есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей Кеңес жұмысынын қорытындылары туралы ай сайын есеп жасайды және оның Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі Агенттікке ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлықпен күресуге және мемлекеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған заңдар мен нормативтік актілерді жүйелейді, олардың Хатшылықта болуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты қамтамасыз етеді, брифингтер мен баспасөз – конференцияларын ұйымдастырады, Кеңестің және хатшылықтың ағымдағы және есеп беру- қорытынды іс-әрекеті туралы беспасөз-жазбасын әзірлейді және шығарады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресу үлгілері мен әдістері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 10
10) Кеңес алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті тексерулер жүргізеді;
Тармақша 11
11) БАҚ және басқа да дереккөздердегі сыбайлас жемқорлық сипаттағы материалдарды талдайды, зерделейді, ол туралы Кеңес төрағасына баяндайды;
Тармақша 12
12) Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді, олардың өтініш-шағымдарын қарастырады;
Тармақша 13
13) Құпиялық тәртіп және ақпараттық құпиялылықты қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) Кеңестен шығатын қызметтік хат-хабарларға қол қояды;
Тармақша 15
15) Хатшылыққа жүктелген міндеттерді орындауға, бақылауды ұйымдастыруға, Хатшылық қызметкерлерінің ішкі тәртіп пен еңбек тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауына, Кеңес төрағасы мен мүшелеррінің өкімдерінің, қаулылары мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды;
Тармақша 16
16) Мемлекеттік қызметкерлер этикасын сақтайды.
Тармақ 5
5. Бас маман-инспектор:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламасының орындалуын талдаумен қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Кеңестің бақылаушылық өкілеттігінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік органдар мен аймақтардағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңының орындалу барысы туралы Кеңес төрағасын және мүшелерін, хатшылық меңгерушісін жүйелі хабардар етіп тұрады;
Тармақша 3
3) Хатшылық меңгерушісінің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттігі және білімі бар қызметкерлерін тексеріске қатыстырады;
Тармақша 4
4) Өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар басшыларынан және лауазымды тұлғалардан материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру сыбайлас жемқорлықпен күресу үлгілері мен әдістері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) Хатшылықтың бақылауға алған қылмыстық және азаматтық өндіріс істері жөнінде жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 7
7) Кеңес алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті тексерулер жүргізеді;
Тармақша 8
8) Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді олардың өтініш-шағымдарын қарастырады;
Тармақша 9
9) Кеңес төрағасының және Хатшылық меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 10
10) Құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Мемлекеттік қызметкерлер этикасын сақтайды.
Тармақ 6
6. Бас маман- сарапшы:
Тармақша 1
1) заңнамалық, нормативтік және ведомстволық актілерді жүйелендіру және кодификациялауды, әділет Министрлігінің құқықтық мәліметтер базасының және «Юрист» компьютерлік жүйесінің пайдаланылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) №А-1, А-2 үлгісіндегі статистикалық есептердің жинақталуын, жалпылауын, жасалуын және талдау жасалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлықпен күресудің алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттарын талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) бюджет қаржыларын мақсатты пайдалану жөнінде тендерлер мен конкурстар өткізу мәселелерін бақылайды;
Тармақша 5
5) қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын үйлестіреді, азамматтардың және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарымен жұмыс жөнінде Кеңестің, Хатшылықтың жұмысынына талдау жасайды;
Тармақша 6
6) кадрлық және кәсіби оқулардың ұйымдастырылуына, семинарлар әзірлеуге және өткізуге, Хатшылық қызметкерлерінің жиналыс және алқа жұмыстарына қатысуына жауап береді;
Тармақша 7
7) қоғамдық бірлестіктер, саяси қозғалыстар және партиялармен өзара қарым-қатынаста хатшылықты ұсынады;
Тармақша 8
8) мемлеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, сыбайллас жемқорлықпен күресу үлгілері мен әдістері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) Кеңес алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті тексерулер жүргізеді;
Тармақша 10
10) Кеңес төрағасының және Хатшылық меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 11
11) Мемлекеттік қызметкерлер этикасын сақтайды;
Тармақша 12
12) Құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. жетекші маман-іс жүргізуші:
Тармақша 1
1) хатшылықтың іс қағаздарын жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады, белгіленген мерзімде бақылауға алынған құжаттардың ішкі бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) азаматтардың қабылдау бөлмесіндегі телефон және «сенім» телефоны арқылы хабарларын қабылдауды және оларды жинақтауды жүзеге асырады және олар туралы Кеңес төрағасына және Хатшылық меңгерушісіне баяндайды;
Тармақша 3
3) іс қағаздарын жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) поштаның таратылуын, шағымдар мен өтініштердің, кіріс және шығыс хат-хабарлардың тіркелуін жүргізеді. Материалдардың уақытында басылуы мен көбейтілуін қамтамасыз етеді.
Тармақша 5
5) келіп түскен және шығыс құжаттардың мемлекеттік тілге уақытында аударылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Кеңес төрағасының және Хатшылық меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік қызметкерлер этикасын сақтайды;
Тармақша 8
8) Құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. тарау. Тәртіптік істер қозғау және оларды қарастыру тәртібі
5. тарау. Тәртіптік істер қозғау және оларды қарастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Кеңес Тәртіптік Кеңес төрағасы қозғаған істі оның өндіріске қабылданған күнінен бастап үш апталық мерзімде қарастыруға тиіс.
Тармақ 2
2. Тәртіптік іс қозғалып және оны Кеңес отырысында қарастырғанға дейін алдын ала екі апталық мерзімде іске қатасы бар жағдаяттар мен мәліметтерге тексерістер жүргізіліп, тәртіптік жазаға тартылатын тұлғаның жазбаша түсініктемесі талап етіледі.
Тармақ 3
3. Кеңес отырысында тәртіптік іскі қарастыру әдетте, тәртіптік іс қозғалған тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тәртіптік істі қарастыру қорытындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.
Тармақша 1
1)
ауазымды тұлғаға тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы әкімге, жергілікті атқару және құқық қорғау органының, мәслихат аппаратының басшысына ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) Агенттікке хабарлай отырып, жоғары тұрған органға жергілікті атқару және құқық қорғау органының басшысын, сондай-ақ оның орынбасарларын тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс енгізу;
Тармақша 3
3) Құзырлы мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын жіберу;
Тармақша 4
4) Тәртіптік істі тоқтату.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметкердің іс-қимылында қылмыс белгілері болған жағдайда Кеңес осы қызметкерді белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті құжаттарды облыс прокурорына жібереді. Кеңес Агенттікке жазбаша хабарлау арқылы қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметкерлер немесе өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтар үшін оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Кеңес шешімімен келіспеген жағдайда Агенттікке жазбаша түрде хабарласуға құқылы.
Агенттік мемлекеттік қызметкердің өтініш-шағымын қарастыру нәтижесі бойынша Кеңес шешімін бұзады не шешімді өзгертеді.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімімен келіспейтін мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де тұлғалар Агенттіктен басқа, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сотқа шағым беруге құқылы.
Басқа 2. Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасы
Қарағанды облысы әкімінің
2001ж. “___” ____________
№____ шешіміне № 2 қосымша
Қарағанды облысы
Тәртіптік Кеңесінің
Қ Ұ Р А М Ы
Кеңес төрағасы –
Асылбаев Олжабай Наутбекұлы
Кеңес мүшелері
Тармақ 1
1. Аманбаев
Қали Әлібекұлы
Одақтық дәрежедегі дербес
зейнеткер
Тармақ 2
2. Борчашвили
Исидор Шамилович Облыстық Мәслихат депутаты
Тармақ 3
3. Дрижд
Николай Александрович
Қарағанды техникалық университеті
ПҚОӘ кафедрасының профессоры
Тармақ 4
4. Ақышев
Күмісбек Шолпанұлы
Қаржы бақылау комитеті Қарағанды
облысы бойынша басқармасының
Бастығы
Тармақ 5
5. Әбілов
Мұрат Смағұлұлы
Қарағанды облысы бойынша әділет
басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Кожанова
Светлана Даниловна
“Валют-Транзит” ҚӨА атқарушы
директоры