О переименовании села Россовхоз города Актобе в село Орлеу Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе қаласы Россовхоз ауылын Өрлеу ауылы деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына, облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 16 маусымдағы қорытындысына, Ақтөбе қаласы әкімдігі мен мәслихатының ұсыныстарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы Россовхоз ауылы Өрлеу ауылы деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.