Об утверждении Правил организации продажи проездных железнодорожных документов (билетов) пассажирскими агентствами Күшін жойған
Басқа 0
ЖОЛАУШЫЛАР АГЕНТТІКТЕРІНІҢ ТЕМІРЖОЛДЫҚ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТТАРЫН (БИЛЕТТЕРІН) САТУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ
"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жолаушылар тасымалы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі алқасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі N 2 қаулысына сәйкес, теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) жолаушыларға сату жөніндегі қызмет рыногын монополиясыздандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жолаушы агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Теміржол көлігі департаменті (Н.Т. Байдәулетов) Заң департаментімен (Б.А. Әлімбеков) бірлесіп белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі К.К. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелері
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2001 ж. 21 наурыздағы
N 89-І бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелері
Тармақ 1
1. Жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", "Табиғи монополиялар туралы", "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" заңдарына сәйкес халықтың сұраныстарын қанағаттандыру әрі теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату рыногын дамыту мақсатында әзірленген. Осы Ережелер тасымалдаушы мен жолаушылар агенттіктерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді, жолаушылар агенттіктеріне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ аталған агенттіктердің жолаушыларға теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:
Тармақша 1
1) жолаушылар агенттігі - қызметі түрі жолаушыларға теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға;
Тармақша 2
2) жолаушылар агенттігінің бекеті - теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызметтер көрсететін жолаушылар агенттігінің билет кассасы;
Тармақша 3
3) тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiпте берiлген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзгедей заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi тұлға;
Тармақша 4
4) жол жүру құнынан және міндетті қызметтерді көрсеткені үшін комиссиялық алымдардан тұратын түсім - теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатудан түскен, ақшалай қаражаттар.
Тармақ 3
3. Ережелер жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатқанда тасымалдаушы мен жолаушы агенттіктері үшін міндетті болып табылатын қағидалардан тұрады.
Тармақ 4
4. Жолаушылар агенттігінің қызметі теміржол көлігінің қызметін реттейтін заңнамаға, осы Ережелерге және агенттіктің шарттарының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатқанда жолаушылар агенттіктері жолаушыларға мынадай қызметтерді міндетті түрде көрсетуі керек:
Тармақша 1
1) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) баратын жеріне және кері бағытқа, және де алдын-ала сатуы;
Тармақша 2
2) тікелей плацкартпен баруды ресімдеуі;
Тармақша 3
3) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) үшін төлемдерді қайтарып беруді ресімдеуі;
Тармақша 4
4) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) бұрынырақ жөнелтілетін поезға, басқа санаттағы вагонға немесе басқа орынға қайта ресімдеуі керек.
Жолаушылар агенттігінің бекеттері теміржолдық жол жүру құжатын (билетін) бұрын кім ресімдегеніне қарамастан, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген міндетті қызметтерді көрсетуге тиісті.
Тармақ 6
6. Клиенттердің тілегі бойынша жолаушылар агенттіктері теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуға сабақтас мынадай қосымша қызметтердің ақысын көрсете алады:
Тармақша 1
1) тапсырыстарды телефон арқылы ресімдеу;
Тармақша 2
2) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) үйге жеткізіп беру;
Тармақша 3
3) анықтамалық-ақпараттық қызметтер;
Тармақша 4
4) басқа да қызметтер.
Осы қызметтер үшін төлемді жолаушылар агенттігі белгілейді. Төлемнің мөлшері және қосымша қызметтердің тізбесі туралы ақпарат жолаушылар агенттігі бекетінде көзге түсетін жерге орналастыру арқылы тұтынушыға жеткізілуі, ал телефон арқылы қызмет көрсетілгенде байланыс құралдары арқылы хабарлануы тиіс.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушы жолаушылар агенттігіне заңдарға және осы Ережелерге сәйкес тасымалдаушы мен жолаушылар агенттігі (бұдан әрі үлгі шартта - Агент) арасында 1 және 2-қосымшаларға сәйкес үлгілік нысандар бойынша жасалған агенттік шарт қағидаларымен теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды тапсырады.
Тармақ 8
8. Агенттік шарты ең кемі 5 жылға жасалады.
Тасымалдаушының меншігіндегі теміржол вокзалының үй-жайынан жолаушылар агенттігінің бекеттерін орналастыру үшін бөлмелерді (үй-жайдың бір бөлігін) жалға беру шартын тасымалдаушы агенттік шарты жасалатын мерзімге жасайды.
Тармақ 9
9. Жолаушылар агенттігі бекеттерінің жалпы санын тасымалдаушы техникалық мүмкіншіліктерге сәйкес белгілейді.
Теміржол вокзалдары үй-жайларындағы жолаушылар агенттігі бекеттерінің санын тасымалдаушы белгілейді.
Теміржол вокзалдары үй-жайларынан тысқары жерлердегі жолаушылар агенттігі бекеттерінің санын жолаушылар агенттігі белгілейді.
Тармақ 10
10. Жолаушылар агенттігі сатқан теміржолдық жол жүру құжатының (билетінің) бағасы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы үшін белгіленген теміржолдық жол жүру құжатының (билетінің) бағасына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 11
11. Жолаушылар агенттігі өз қаржыларының есебінен теміржолдық жол жүру құжатын (билетін) жеңілдікпен сата алады.
Тармақ 12
12. Жолаушылар агенттігі теміржол вокзалдарының үй-жайларынан тысқары жерлерде орналасқан жолаушылар агенттігінің бекеттері арқылы теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатқанда билет бағасына кірмейтін агенттік қызметтерінің төлемін тұтынушыларға мұндай төлемнің мөлшері туралы ақпаратты жолаушылар агенттігі бекетінің көзге түсетін жеріне орналастыра отырып белгілей алады.
Тармақ 13
13. Жолаушылар агенттігі агенттік шартта белгіленген тәртіппен тасымалдаушының банктегі шотына түсімді аударады.
Тармақ 14
14. Агенттік шарты бойынша тасымалдаушы алдындағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін жолаушылар агенттігі тасымалдаушы пайдасына тасымалдаушымен келісе отырып, жолаушылар агенттігі таңдап алған банкке агенттік шарты жасалған сәттен бастап 10 күн ішінде 17 000 (он жеті мың) айлық есептік көрсеткіштер сомасына ақшалай кепілдік салады немесе осы сомаға тасымалдаушыға осы мерзімде банктің кепілдігін тапсырады.
Кепілзат шартын немесе банк кепілдігін тараптар заңнамаға сәйкес жасайды және ол кепілзат немесе кепілдік сомасын өндіріп алудың соттан тыс нысанын қарастыру керек.
Агенттік шартының күші шарт бұзылған жағдайларда, күшінің мерзімі біткенде, кепілзат шартының немесе банк кепілдігінің күші жоқ деп танылса тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Агенттік шарты бойынша тасымалдаушы ай сайын жолаушылар агенттігіне түсімнің 5,8 пайызын төлейді.
Тармақ 16
16. Тасымалдаушы өз қаржылары есебінен жолаушылар агенттігін билеттік бланкілермен, сондай-ақ оның терминалдық (билеттік-кассалық) жабдығын бағдарламалық-технологиялық сүйемелденілуін және "Экспресс" автоматтандырылған басқару жүйесіне (бұдан әрі - "Экспресс" АБЖ) байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Жолаушылар агенттігі жолаушылар агенттігі бекеттерінің жұмысын мынадай техникалық талаптарға сәйкес "Экспресс" АБЖ-да қарастырылған технология бойынша ұйымдастыруға міндетті:
Тармақша 1
1) терминалдық (билеттік-кассалық) жабдық "Экспресс" АБЖ осындай құрылғылар үшін қарастырылған талаптарға сай болуы керек;
Тармақша 2
2) билет басып шығаратын құрылғы жолаушылар агенттігі бекетінің қаржылық қызметін тіркеу үшін бақылаушы лентамен жұмыс істеуі керек әрі жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қолданылып жүрген бланкілерімен жұмыс істеу мүмкіншілігін қамтамасыз етуі керек;
Тармақша 3
3) "Экспресс" АБЖ жүйесінің билеттік-кассалық аппаратымен жұмыс істеу үшін кассирлер мен операторлардың жеткілікті біліктілігі болуы керек. Кассирлер мен операторлар жұмысқа жіберілер алдында тасымалдаушының комиссиясы алдында олардың білімдері тексерістен өтуі керек.
Тармақ 18
18. Жолаушылар агенттігі бекетінің терминалдық (билеттік-кассалық) жабдығының "Экспресс" АБЖ жүйесіне қосылуын әрі оны бағдарламалық-технологиялық сүйемелденілуін тасымалдаушы жолаушылар агенттігі осы Ережелердің 14-тармағында көрсетілген қамтамасыз етуді енгізген соң және жолаушылар агенттігімен бірлесіп бекеттің пайдалануға берілуі туралы актіге қол қойған соң жүргізеді.
Тармақ 19
19. Теміржол вокзалындағы жолаушылар агенттігі бекеттерінің жұмыс режимін тасымалдаушымен келісе отырып жолаушылар агенттігі белгілейді.
Басқа жерлердегі жолаушылар агенттігі бекеттерінің жұмыс режимін жолаушылар агенттігі тікелей белгілейді.
Тармақ 20
20. Тасымалдаушы жолаушылар агенттігінің кінәсінен өзінің жолаушы алдындағы тасымалдау шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда жолаушы алдындағы жауапкершілікті тасымалдаушы көтереді, ал жолаушылар агенттігі кері талап ету тәртібімен тасымалдаушы алдында жауапкершілікті көтереді.
Басқа 1. Теміржол вокзалының бөлмелерінде орналасқан жолаушылар агенттік бекеттерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуының ҮЛГІ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2001 жылғы 21 наурыздағы
N 89-І бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар агенттіктерінің
теміржолдық жол жүру
құжаттарын (билеттерін)
сатуын ұйымдастыру
ережелеріне 1-қосымша
Теміржол вокзалының бөлмелерінде орналасқан жолаушылар агенттік бекеттерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуының ҮЛГІ ШАРТЫ
_____________ 200__ жылғы "_____"______
(елді мекен)
Бұдан әрі Тасымалдаушы деп аталатын ________________________
және ________________________ негізінде қызмет ететін
________________________ тұлғасында бір жағынан және
бұдан әрі Агент деп аталатын ________________________ және ________________________ негізінде қызмет ететін,
_____________________ тұлғасында екінші жағынан, төмендегілер
туралы осы шартты жасасты.
Тармақ 1. 1. ШАРТ МӘНІ
1. ШАРТ МӘНІ
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы Агентке теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін), бұдан әрі мәтін бойынша - билеттерді, Тасымалдаушы жүзеге асыратын барлық жолаушылар поездары рейстеріне ресімдеуді әрі сатуды және жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес өзге де міндетті қызметтерді көрсетуді тапсырады.
Тармақ 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы мынаған міндетті:
Тармақша 1
1) "Экспресс" АБЖ жүйесіне қосылуды, сондай-ақ осы шарттың 3-тармағы 1) тармақшасында қарастырылған міндеттемелерді Агент орындағаннан кейін, Агенттің терминалдық (билет-кассалық) жабдығын бағдарламалық-технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге. Тасымалдаушы осындай бекеттің пайдалануға енгізілгені туралы актіге қол қойғаннан соң, жолаушылар агенттігінің бекеті пайдалануға қабылданды деп есептеледі әрі "Экспресс" АБЖ жүйесіне қосылады.
Тармақша 2
2) Агенттің талабы бойынша Тасымалдаушы белгілеген тәртіппен оны билет бланкілерімен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес теміржол көлігі саласында күші бар және билеттерді ресімдеу әрі сату кезінде қолданылатын жолаушыларды тасымалдау ережесіндегі, тарифтердегі, жеңілдіктердегі, оларды қолдану ережелеріндегі және басқа да нормативтік құқықтық актілердегі барлық өзгерістер туралы Агентке хабарлауға;
Тармақша 4
4) билеттерді ресімдеу әрі сату жөніндегі қызметтерді орындауға байланысты мәселелер бойынша Агенттің сұрау салуына жауап беруге;
Тармақша 5
5) жолаушылар поездары жүрісінің кестесі және оның өзгеруі, жолаушылар поездарының кідірісі және жүрісінің тоқтатылғандығы туралы Агентке хабарлауға.
Тармақ 3
3. Агент мынаған міндетті:
Тармақша 1
1) 17000 (он жеті мың) айлық есептік көрсеткіштер сомасына ақшалай кепілмен немесе банк кепілдігімен түсімді қайтару бойынша Тасымалдаушы алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) билеттерді белгіленген нысандағы бланкілерде ресімдеуді және сатуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) қатаң есептегі билеттерді сақтау ережелеріне сәйкес Тасымалдаушы қолданатын билеттік бланкілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Тасымалдаушы белгілеген нысан бойынша сатылған билеттердің саны туралы күнделікті ақпаратты Тасымалдаушыға беріп отыруға;
Тармақша 5
5) Тасымалдаушыға түсім сомасын толық көлемде күнделікті беріп отыруға.
Тармақ 3. 3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Агент Тасымалдаушыға терминалдық (билеттік-кассалық) жабдықты бағдарламалық-технологиялық сүйемелдегені, қосқаны, "Экспресс" АБЖ байланыс каналдарын пайдаланғаны үшін төлем жасамайды.
Тармақ 5
5. Тасымалдаушы Агенттен билеттік бланкілермен қамтамасыз еткені үшін ақы алмайды.
Тармақ 6
6. Орындарды сақтауға тапсырыстар берілгенде Агент Тасымалдаушыға сақтау алымдарын, оның ішінде сақталған орындардан келесі кезекте бас тартқан жағдайда да төлейді.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушының таңдауы бойынша Агент күн сайын оған сатылған билеттер мен көрсетілген міндетті қызметтер түсімін инкассациялау немесе аудару жолымен тапсырады. Түсімді инкассациялау Тасымалдаушы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Түсімді аудару Агент банкісінің жұмыс режимін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы Тасымалдаушының шотына инкассациялау және аудару операцияларын орындауға байланысты Агент шығындарының орнын толтырады.
Тармақ 8
8. Есептік айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде тараптар Тасымалдаушы Агенттен алған сомаларды салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 9
9. Билеттерді ресімдегені, сатқаны және міндетті қызметтерді көрсеткені үшін Тасымалдаушы ай сайын Агентке түсімнің 5,8 % төлейді.
Тармақ 10
10. Есептік айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде Тасымалдаушы Агенттің банктегі шотына тараптар қол қойған салыстырып тексеру актісіне сәйкес есептік ай үшін төлемді аударады.
Тармақ 4. 4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 11
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптардың біреуіне келтірілген залалды кінәлі тарап толық көлемде өтейді.
Тармақ 12
12. Билеттерді сатудан және көрсетілген міндетті қызметтерден түскен күнделікті түсімді тапсыру жөніндегі міндеттемелер бұзылған жағдайда Агент Тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген қайта қаржыландыру төлем бәстері мөлшерінде әрбір өткізіп алған күн үшін өсім төлейді.
Тармақ 13
13. Агент түсімді дер кезінде тапсырмаған жағдайда Тасымалдаушы төлем түскен сәтке дейін жолаушылар агенттігінің бекеттерін Агент жазбаша хабардар етілгеннен кейін 1 тәулік өткен соң "Экспресс" АБЖ жүйесінен ажыратып тастауға құқы бар.
Тармақ 14
14. Осы шарттың 10-тармағында көрсетілген сомаларды төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда Тасымалдаушы Агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген қайта қаржыландыру төлем бәстері мөлшерінде әрбір өткізіп алған күн үшін өсім төлейді.
Тармақ 15
15. Осы шартты орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі, ал келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қаралады.
Тармақ 5. 5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР
5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР
Тармақ 16
16._________________________________________________________
___________________________________________________________

Тармақ 6. 6. ҚОСЫМША ШАРТТАР МЕН ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
6. ҚОСЫМША ШАРТТАР МЕН ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
Тармақ 17
17. Осы шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді тараптар үшінші тұлғаларға бере алмайды.
Тармақ 18
18. Қажет болған жағдайда тараптар осы шарттың шарттарын бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу үшін бірлескен комиссия құрады.
Тармақ 19
19. Тасымалдаушы мен Агент жарты жылдықта кемінде бір рет терминалдық (билеттік-кассалық) жабдықтың техникалық жай-күйін тексеру жөнінде бірлескен комиссия құрады.
Тармақ 20
20. Осы шарттың 3-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған міндеттемелерді қамтамасыз етуді Агент енгізген сәттен бастап осы шарт күшіне енеді және 200_ж "___"______ дейін күшінде болады.
Тармақ 21
21. Осы шарт күшінің мерзімі біткенге дейін бір айда тараптардың бірде-біреуі оны бұзу жөнінде өзінің тілегін жазбаша білдірмесе, онда оның күші сол бұрынғы мерзім шамасына ұзартылған болып саналады.
Тармақ 22
22. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісімі бойынша жасалады және жазбаша түрде ресімделеді.
Тармақ 23
23. Билеттердің сатылу және ресімделу тәртібін реттейтін қолданылып жүрген ережелер мен нұсқауларды, оның ішінде қолданылып жүрген заңнаманы өзгерткен жағдайда, Тасымалдаушы бұл жайында кідіріссіз Агентке жазбаша хабарлауға міндетті. Бұл жағдайда Агент шарттан бас тартуға құқылы. Шарт қатынастарын жалғастыруға Агент келіскен жағдайда, тараптар осы шартқа тиісті өзгерістер енгізеді және билеттерді ресімдеу әрі сату технологиясын өзгерту тәртібін белгілейді.
Тармақ 24
24. Тараптардың біреуі екінші тараптың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян, оның ішінде материалдық зиян келтіре отырып, өзінің міндеттемелерін бірнеше рет бұзған жағдайда және жол берілген бұзушылықтарды немесе олардың салдарларын жоймаған жағдайда, осы шартты біржақты бұзуға жол беріледі.
Бұл кезде шарт бұзылатын күнге дейін ең кемі бір ай бұрын міндетті түрде екінші тарапты хабардар ете отырып, шартты біржақты тәртіппен бұзу жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Тараптардың біреуі қайта ұйымдастырылса, таратылса осы шарттың күші жалғаса береді, шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебесінде өзгерістер болып өткен тараптың құқық иеленушісіне өтеді.
Тармақ 26
26. Осы шарттың күші тоқтаған жағдайда немесе мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда Агент Тасымалдаушыға барлық билеттік бланкілерді қайтаруға тиіс және тараптар өзара есептесулерді жүргізуге міндетті, бұл жайында тиісті акт жасалады.
Тармақ 27
27. Осы шарт әрбір тарап үшін біреуден, заң күші бірдей екі дана болып жасалды.
Тармақ 7. 7. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тасымалдаушы: Агент:
Басқа 2. Теміржол вокзалының бөлмелерінен тыс орналасқан жолаушылар агенттік бекеттерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуының ҮЛГІ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2001 жылғы 21 наурыздағы
N 89-І бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар агенттіктерінің
теміржолдық жол жүру
құжаттарын (билеттерін)
сатуын ұйымдастыру
ережелеріне 2-қосымша
Теміржол вокзалының бөлмелерінен тыс орналасқан жолаушылар агенттік бекеттерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуының ҮЛГІ ШАРТЫ
____________ 200__ жылғы "_____"______
(елді мекен)
Бұдан әрі Тасымалдаушы деп аталатын ____________________ және
________________________ негізінде қызмет ететін
________________________________ тұлғасында бір жағынан және
бұдан әрі Агент деп аталатын ________________________ және
________________________ негізінде қызмет ететін,
____________________ тұлғасында екінші жағынан, төмендегілер
туралы осы шартты жасасты.
Тармақ 1. 1. ШАРТ МӘНІ
1. ШАРТ МӘНІ
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы Агентке теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін), бұдан әрі мәтін бойынша - билеттерді, Тасымалдаушы жүзеге асыратын барлық жолаушылар поездары рейстеріне ресімдеуді әрі сатуды және жолаушылар агенттіктерінің теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес өзге де міндетті қызметтерді көрсетуді тапсырады.
Тармақ 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы мынаған міндетті:
Тармақша 1
1) "Экспресс" АБЖ жүйесіне қосылуды, сондай-ақ осы шарттың 3-тармағы 1) тармақшасында қарастырылған міндеттемелерді Агент орындағаннан кейін, Агенттің терминалдық (билет-кассалық) жабдығын бағдарламалық-технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге. Тасымалдаушы осындай бекеттің пайдалануға енгізілгені туралы актіге қол қойғаннан соң, жолаушылар агенттігінің бекеті пайдалануға қабылданды деп есептеледі әрі "Экспресс" АБЖ жүйесіне қосылады;
Тармақша 2
2) Агенттің талабы бойынша Тасымалдаушы белгілеген тәртіппен оны билет бланкілерімен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес теміржол көлігі саласында күші бар және билеттерді ресімдеу әрі сату кезінде қолданылатын жолаушыларды тасымалдау ережесіндегі, тарифтердегі, жеңілдіктердегі, оларды қолдану ережелеріндегі және басқа да нормативтік құқықтық актілердегі барлық өзгерістер туралы Агентке хабарлауға;
Тармақша 4
4) билеттерді ресімдеу әрі сату жөніндегі қызметтерді орындауға байланысты мәселелер бойынша Агенттің сұрау салуына жауап беруге;
Тармақша 5
5) жолаушылар поездары жүрісінің кестесі және оның өзгеруі, жолаушылар поездарының кідірісі және жүрісінің тоқтатылғандығы туралы Агентке хабарлауға.
Тармақ 3
3. Агент мынаған міндетті:
Тармақша 1
1) 17000 (он жеті мың) айлық есептік көрсеткіштер сомасына ақшалай кепілмен немесе банк кепілдігімен түсімді қайтару бойынша Тасымалдаушы алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) билеттерді белгіленген нысандағы бланкілерде ресімдеуді және сатуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) қатаң есептегі билеттерді сақтау ережелеріне сәйкес Тасымалдаушы қолданатын билеттік бланкілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Тасымалдаушы белгілеген нысан бойынша сатылған билеттердің саны туралы күнделікті ақпаратты Тасымалдаушыға беріп отыруға;
Тармақша 5
5) Тасымалдаушыға түсім сомасын толық көлемде күнделікті беріп отыруға;
Тармақша 6
6) жолаушы агенттік бекетінде көрнекі жерде агенттік қызметтері үшін төлем мөлшері туралы ақпаратты тұтынушылар үшін орналастыруға.
Тармақ 3. 3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Агент Тасымалдаушыға терминалдық (билеттік-кассалық) жабдықты бағдарламалық-технологиялық сүйемелдегені, қосқаны, "Экспресс" АБЖ байланыс каналдарын пайдаланғаны үшін төлем жасамайды.
Тармақ 5
5. Тасымалдаушы Агенттен билеттік бланкілермен қамтамасыз еткені үшін ақы алмайды.
Тармақ 6
6. Орындарды сақтауға тапсырыстар берілгенде Агент Тасымалдаушыға сақтау алымдарын, оның ішінде сақталған орындардан келесі кезекте бас тартқан жағдайда да төлейді.
Тармақ 7
7. Агент күн сайын сатылған билеттер мен көрсетілген міндетті қызметтер түсімін Тасымалдаушы көрсеткен шотқа аударып отырады. Түсімді аудару Агент банкісінің жұмыс режимін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Есептік айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде тараптар Тасымалдаушы Агенттен алған сомаларды салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 9
9. Билеттерді ресімдегені, сатқаны және міндетті қызметтерді көрсеткені үшін Тасымалдаушы ай сайын Агентке түсімнің 5,8 % төлейді.
Тармақ 10
10. Есептік айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде Тасымалдаушы Агенттің банктегі шотына тараптар қол қойған салыстырып тексеру актісіне сәйкес есептік ай үшін төлемді аударады.
Тармақ 4. 4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 11
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін тараптардың біреуіне келтірілген залалды кінәлі тарап толық көлемде өтейді.
Тармақ 12
12. Билеттерді сатудан және көрсетілген міндетті қызметтерден түскен күнделікті түсімді тапсыру жөніндегі міндеттемелер бұзылған жағдайда Агент Тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген қайта қаржыландыру төлем бәстері мөлшерінде әрбір өткізіп алған күн үшін өсім төлейді.
Тармақ 13
13. Агент түсімді дер кезінде тапсырмаған жағдайда Тасымалдаушы төлем түскен сәтке дейін жолаушылар агенттігінің бекеттерін Агент жазбаша хабардар етілгеннен кейін 1 тәулік өткен соң "Экспресс" АБЖ жүйесінен ажыратып тастауға құқы бар.
Тармақ 14
14. Осы шарттың 10-тармағында көрсетілген сомаларды төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда Тасымалдаушы Агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген қайта қаржыландыру төлем бәстері мөлшерінде әрбір өткізіп алған күн үшін өсім төлейді.
Тармақ 15
15. Осы шартты орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі, ал келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қаралады.
Тармақ 5. 5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР
5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР
Тармақ 16
16._________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тармақ 6. 6. ҚОСЫМША ШАРТТАР МЕН ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
6. ҚОСЫМША ШАРТТАР МЕН ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
Тармақ 17
17. Осы шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді Тараптар үшінші
тұлғаларға бере алмайды.