Об утверждении Инструкции по содержанию и объемам инженерно-технических мероприятий гражданской обороны Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 36424 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 27 наурызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 24 қазандағы
№ 732 бұйрығымен
бекітілді
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары – бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, ықтимал қираулардың, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарынан халықтың шығынының алдын алу немесе азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жалпы талаптарына: қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру, электр қуатымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; сумен жабдықтау объектілерін зақымдау құралдарынан қорғау, объектілерде жарық бүркемелеуді жүргізуге дайындық жатады.
Тармақ 3
3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың топтары мен ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ ықтимал авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты айқындалады.
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабымен айқындалады.
Тармақ 4
4. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары алдын ала әзірленеді және жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Ауа соққы толқыны шебінде артық қысым туындайтын азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қаланың немесе ұйымның аумағы:
10 кПА-ға (0,1 кгс/см2) тең қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды;
30 кПа-ға (0,3 кгс/см2) тең күшті қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды.
Қираулар болуы ықтимал және күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қираулар болуы ықтимал аймақты құрайды.
Тармақ 6
6. Жобалық құрылыс шекараларынан күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарының шекараларын бөлу:
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылысы шегінде;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаладан тыс орналасқан) – объектінің жобалық құрылысының шекарасынан 3 шақырым болып айқындалады.
Жобалық құрылыс шекарасынан ықтимал аз қираулар аймағының шекараларын бөлу:
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін – қаланың жобалық құрылысы шекарасынан 7 шақырым;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан тыс орналасқан) – объектінің жобалық құрылысының шекарасынан 10 шақырым болып айқындалады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес әзірленіп, бекітілген бас жоспар бойынша айқындалады.
Тармақ 7
7. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың немесе санаттарға жатқызылған ұйымның қираулар болуы ықтимал аймағы осы аймаққа ені 120 шақырым болатын аумақ жолағымен іргелес жатқан күшті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақты құрайды.
Тармақ 8
8. Химиялық қауіпті объектілерге іргелес жатқан аумақ, оның шегінде күшті әсер ететін улы заттары бар сыйымдылықтар қирауы мүмкін болған кезде соңғыларының халықты зақымдауға әкелетін шоғырланулармен таралуы мүмкін, қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін аймақты құрайды.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін аймақты құрайтын химиялық қауіпті объектілердің есебін жүргізеді.
Тармақ 9
9. Шегінде ықтимал су басу салдарынан жаппай адам шығыны, ғимараттар мен құрылыстардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе жойылуы мүмкін аумақ ықтимал апаттық су басу аймағын құрайды.
Ықтимал апаттық су басу аймақтарының көлемі қалалық және ауылдық елді мекендерді, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін алаңды (күре жолдарды) таңдауға негізделетін материалдарды әзірлеу кезінде айқындалады.
Тармақ 10
10. Ықтимал қираулар, химиялық зақымдану, апаттық су басу, радиоактивті және биологиялық зақымдану (ластану) аймақтарынан тыс, жергілікті және эвакуацияланған халықтың тіршілік әрекеттері үшін жарамды аймақтарда орналасқан облыстың әкімшілік шекараларының шегіндегі аумақ қауіпсіз аймақты құрайды.
Тармақ 11
11. Екіден көп аймақты салу кезінде олардың сыртқы контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгіленеді.
Тармақ 12
12. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын жасау кезінде;
елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау, аудандық жоспарлау және аумақтарда құрылыс салу жобаларын, өнеркәсіптік аймақтарды жасау кезінде;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды салу, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жұмыс істеп тұрған (құрылысы аяқталған) кәсіпорындарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау осы Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары әзірленеді және оған жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының тиісті түрлері енгізіледі және қажетті негіздемелерімен жүйелі түрде жеке бөлімге (томға, кітапқа) жинақталады.
Әзірленген іс-шаралардың көлемі мен оларды өткізу мерзімі республиканың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен айқындалады.
Тармақ 14
14. Жаңадан жоспарланған, кеңейтілген, реконструкцияланған қалалық және ауылдық елді мекендер, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары ескерілмеген бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы бар азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған кәсіпорындар үшін аталған іс-шаралар жеке бөліммен әзірленеді.
Тармақ 15
15. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын әзірлеуге арналған тапсырмалар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 16
16. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары» бөлімін әзірлеу:
Тармақша 1
1) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;
Тармақша 2
2) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы құрамында көзделген.
Тармақ 17
17. Бөлімді әзірлеу үшін шығыс деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.
Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары (олардың құзыреті шегінде) белгіленген аудандық жоба жай-күйі туралы шығыс деректерді, сондай-ақ бөлімді ұстау бойынша ұсынымдар мен талаптар береді.
Тармақ 18
18. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары» бөлімі мәтіндік және графикалық бөлімнен тұрады және мына деректерді қамтиды:
Тармақша 1
1) қала құрылысы жобалары үшін:
жалпы түсіндірме жазба (жобаланатын аумақтың, онда орналасқан объектілердің, оның ішінде ауданның ықтимал қауіпті табиғи-климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы келтіріледі);
жобалық шешімдер бөлімі (өндірістік күштерді орналастыру және халықты, қалалар топтарын және азаматтық қорғаныс жөніндегі объектілер санаттарын, олардың сипаттамаларын ескере отырып, ықтимал қауіптер аймақтарын орналастыру);
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шешімдерді (халықты құлақтандыру жүйелері, кәсіпорындардың технологиялық процестерін авариясыз тоқтату, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жөніндегі шешімдерді) бөлу;
соғыс уақытындағы шешімдер бөлімі (азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған жұмыс істеп тұрған ұйымдардың саны, жаңа қауіпті өндірістік объектілерді орналастыру туралы ұсыныстар, қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілерді азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың ықтимал қатты қирау аймақтарынан тыс жерлерге ауыстыру, сондай-ақ ықтимал апатты су басу аймақтарының сыртында, қарапайым баспаналардың саны мен сыйымдылығы, олардың қажеттілігі, халық санының өсуін ескере отырып, қосымша қарапайым баспаналар құрудың ұсыныстары, эвакуациялау шараларын жүргізу үшін автомобиль және темір жолдардың қосымша желісін құру туралы шешім, қону және тиеу пункттерін құру туралы ұсыныстар, жарықты өшіру шаралары).
Тармақша 2
2) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы үшін:
жалпы түсіндірме жазба (азаматтық қорғаныс жөніндегі жобалау объектісінің санаты туралы деректер, жақын орналасқан объектілердің азаматтық қорғаныс бойынша санаты туралы деректер, ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер, бөлімді қабылдау нәтижелері келтіріледі);
жобалау шешімдері бөлімі (тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің түріне, қорғау қасиеттеріне, сипаттамаларына талаптар және жобаланатын объектіде азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында паналайтындарды қабылдауға әзірлігі, азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының болуы, жақын орналасқан объектілер немесе елді мекендер аумақтарының сипаттамалары туралы мәліметтер);
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлеу бөлімі (құрылыс алаңдары аумағында байқалатын алдына ала қорғау шараларын талап ететін басқа мәліметтер, құлақтандыру жүйесі, объектінің технологиялық процестерін авариясыз тоқтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелері бойынша шешімдер).
Тармақша 3
3) қосымша талаптар:
күшті әсер ететін улы, жарылғыш, тез тұтанатын немесе жанатын заттары бар объектілер үшін (басқару пульттерінің орналасу орындары туралы мәліметтер, сыйымдылықтар мен коммуникацияларды ауаның соққы толқынының қиратуынан, қауіпті сұйықтықтардың төгілуінен қорғау, жарылғыш заттарды сенімді күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер);
магистральдық мұнай-газ құбырлары үшін (қысымнан (импульсінен), соққы толқыннан, бөгеттерден, газ құбырларды шығыршықтаудан іске қосылатын ажырату құрылғыларының болуы туралы мәлімет, магистральдық құбырлардың көрші техникалық дәліздеріне арақашықтық);
гидротехникалық құрылыстар үшін (құрылыстың беріктігі туралы ақпарат, құрылыс қираған жағдайда жарып өтетін толқын мен төменгі бьефте ықтимал су басу аймағы шекараларының параметрлерін айқындау, құрылысты бұзып өтудің алдын алу үшін олардың төменгі бьефтерінде су деңгейінің көтерілуі туралы сигналдар беруді қамтамасыз ететін аспаптардың болуы және сипаттамалары туралы мәліметтер);
теңіз және өзен көлігі объектілері үшін (ыдыратып орналастыру жағдайларында қайта жабдықтау пункттері, авария туралы жергілікті құлақтандыру жүйесі туралы мәліметтер, жағалау объектілерін электр қуатымен, сумен, жанар-жағармай материалдарымен, қосалқы бөлшектермен тұрақты жабдықтау, ықтимал апатты су басу аймағындағы объектілерді қорғау, күшті әсер ететін улы заттар төгілген жағдайда су қалқаны немесе газсыздандырғыштарды орнату жүйелері бойынша шешімдер);
әуе көлігі объектілері үшін (ыдыратып орналастыру әуежайларын орналастыру орындары және сипаттамалары туралы мәліметтер, адамдарды санитариялық тазартуды, техника мен мүлікті зарарсыздандыруды қамтамасыз ету, жанар-жағармай материалдары қоймаларын қорғау бойынша шешімдер);
ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік объектілері үшін (ауыл шаруашылығы малдарын және агроөнеркәсіптік өндіріс өнімдерін радиоактивті заттардан, уландыратын заттардан және биологиялық құралдардан қорғау бойынша шешімдер; электрмен жабдықтаудың автономдық көздерінің болуы және сипаттамасы туралы мәліметтер).
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары
2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 19
19. Қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (бұзу) факторларының ықпалынан, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар қызметкерлерін және халықты қорғаудың негізгі тәсілі оларды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында паналату болып табылады.
Осы мақсатта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының - паналайтын орындардың, мобильді қорғаныш құрылыстары мен радиацияға қарсы паналайтын орындардың қажетті қорын жоспарлы түрде жинақтау жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары паналаушыларды қабылдау үшін 12 сағаттан аспайтын мерзімде, ал атом станциялары мен химиялық қауіпті объектілерде паналаушыларды дереу қабылдауға әзірлікте болады.
Атом станциялары мен химиялық қауіпті объектілердің құрамына кіретін қорғаныш құрылыстарын бірінші кезектегі іске қосу объектілеріне қосу қажет. Бұл ретте атом электр станцияларын салу кезінде паналарды пайдалануға беруді олардың бірінші энергия блогын нақты іске қосқанға дейін көздеген жөн.
Тармақ 19-1
19-1. Атом станциясындағы жобадан тыс авария кезіндегі радиоактивті ластану аймақтарының мөлшері «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Атом станциясында жобадан тыс авария болған кезде радиациялық ахуалды бағалау әдістемесі» 4017-2025 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 20
20. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан және соғыс уақытында өзінің жұмысын жалғастырып жатқан, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысым жұмысшылары мен қызметшілерін паналайтын жерлерде қорғау көзделеді.
Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс немесе азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын радиацияларға қарсы жасырын паналарда қорғау көзделеді.
Тармақ 21
21. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қоры азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың аумағында немесе паналаушыларды жинау радиусы шегінде құрылады.
Тармақ 22
22. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының қорын құру мыналар:
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу;
қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөле және цокольдық, жер үсті қабаттарындағы үй-жайларды бейімдеу немесе жеке тұрғандарды тұрғызу;
жер асты кеңістігін, оның ішінде әртүрлі мақсаттағы тереңдетілген құрылыстарды, метрополитендерді, жер асты тау-кен қазбаларын, үңгірлер мен басқа да жер асты қуыстарын пайдалану;
азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстарын алу.
Тармақ 23
23. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын жобалау 2.03-03-2014 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараттары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен 2.04-101-2014 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараттары» Қазақстан Республикасының ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың қорғаныш құрылыстарының бірінде елді мекеннің, ауданның, қаланың басқару пункті жабдықталады.
Тармақ 25
25. Тасымалдауға жарамсыз науқастарды, сондай-ақ қатты қирауы мүмкін аймақтарда орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және қызмет көрсетуші персоналды қорғау азаматтық қорғаныстың паналайтын орындарында немесе мобильді қорғаныш құрылыстарында көзделеді.
Тармақ 26
26. Пайдалы қазбалар өндіретін ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын шахталар мен кендердің жерасты тау-кен қазбаларында орналасқан қорғаныш құрылыстарында қорғау көзделеді.
Тармақ 27
27. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан қолданыстағы объектілерді салуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға қатысушы жұмысшылар мен қызметшілер осы объектілердің ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау үшін көзделген паналайтын жерлерді паналайды.
Ең көп жұмыс істейтін ауысымының саны 50 адамға дейін жететін ұйымдарда ұйымдардың топтарын паналатуды қамтамасыз ететін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салуға жол беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Азаматтық қорғаныстың паналайтын жерлері
2-параграф. Азаматтық қорғаныстың паналайтын жерлері
Тармақ 28
28. Паналайтын жерлер ядролық қарудың және қарапайым зақымдау құралдарының (тікелей түсуін есепке алмай), сондай-ақ осы Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулығына қосымшаға сәйкес апатты су басулардан, өрттен және қауіпті химиялық зақымдау аймақтарында пайда болатын күшті әсер ететін улы заттардың негізгі топтарынан паналаушыларды қорғауды қамтамасыз етуге есептелген.
Тармақ 29
29. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары паналайтын жерлер үшін паналаушыларды ауа соққысы толқынының шебінде ∆Pф=100 кПа (1 кгс/см2) артық қысымның (∆Pф - ауа соққысы толқынының шебіндегі артық қысым) әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді және 1000-ға тең қоршау конструкцияларынан (А) өтетін радиацияны әлсірету дәрежесінің болуын көздейді.
Тармақ 30
30. Паналайтын жерлердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері екі тәулік ішінде паналаушыларды үздіксіз қамтамасыз етуді есепке ала отырып, құрылады.
Паналайтын жерлерді ауамен жабдықтау екі режим бойынша: таза желдету (1-режим) және сүзгішті желдету (2-режим) арқылы жүзеге асырылады. Жанатын өнімдерден ауаның қауіпті газдануы ықтимал орындарда, қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақтарда, атом станциясының күшті қираулар болуы ықтимал және апаттық су астында қалуы ықтимал аймақтарда орналасқан паналайтын жерлерде ішкі ауаны бастапқы қалпына келтірумен толық немесе жартылай оқшаулау режимі (3-режим) көзделеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Радиацияға қарсы жасырын паналар
3-параграф. Радиацияға қарсы жасырын паналар
Тармақ 31
31. Радиацияға қарсы жасырын паналар жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы (ластануы) кезінде паналаушыларды иондалған сәуленің әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге есептеледі және екі тәулікке дейін паналаушылардың есепті санының үздіксіз келуіне жол береді.
Тармақ 32
32. Радиацияға қарсы жасырын паналарды жобалау Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған объектілерде радиацияға қарсы жасырын паналар орналасқан кезде, оларды қоршайтын конструкциялар ауа соққы толқынының 20 кПа (0,2 кгс/см2) артық қысымына есептелуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды жоспарлау және салу. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды орналастыру
3-тарау. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды жоспарлау және салу. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарды орналастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды жоспарлау және салу
1-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды жоспарлау және салу
Тармақ 34
34. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың бас жоспарларының жобасында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарының жобасында, шағын аудан, орам құрылысы жобасында «сары сызықтар» жоспары – қиратушы жер сілкіністері, өзге табиғи және техногендік сипаттағы зілзалалар салдарынан ғимараттар (құрылыстар) үйінділерінің ықтимал таралуына барынша жол беретін аймақтардың шекаралары әзірленеді.
Саябақтар, су айдындары жүйесімен қалаларды және магистральды көшелердің желілерімен бірге құрылыс салынбайтын аумақтарды жоспарлау және салу кезінде қаланың қираған бөлігінен ол зақымдалған кезде қауіпсіз аймаққа халықты еркін шығару көзделеді.
Тармақ 35
35. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың магистральды көшелері көліктің тұрғын үй ауданынан және өнеркәсіптік ауданнан қала сыртындағы жолдарға кем дегенде екі бағыт бойынша шығу мүмкіндігін ескеріп салынуы керек.
Тармақ 36
36. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалаішілік көлік желісін жобалау кезінде тұрғын үй және өнеркәсіптік аудандар арасында қала сыртына апаратын көлік жолдарымен, темір жол және автобус вокзалдарымен, жүк станцияларымен, өзен және теңіз кемежайларымен, әуежайлармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 37
37. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған жаңа қалаларды жоспарлау, салу және бар қалаларды дамыту кезінде, олардың сұрыптау темір жол станцияларын және тораптарын күшті қираулар және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырады.
Тармақ 38
38. Жеңіл және жүк автомобильдеріне, қалалық көлікке арналған гараждарды (парктерді) көбінесе қалалардың шетінде немесе жерасты бөлігінде ыдыратып орналастырылады.
Тармақ 38-1
38-1. Соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында халықты зақымдаудың кәдімгі құралдарынан, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруынан зақымдау факторларынан қорғау үшін ең қарапайым жасырын паналар пайдаланылады.
Тармақ 39
39. Өрт сөндіру депосы ғимаратының гаражды үй-жайлары негізгі өрт сөндіру машиналары (өртте өрт сөндіру заттарын беретін машиналар) резервінің 100 пайызын орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 40
40. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда өрт сөндіру үшін пайдалану мақсатында жасанды су айдындарын орналастыруды көздейді.
Су айдындарын табиғи су айдындары мен оларға кірме жолдарды ескере отырып орналастырады. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумағында өзендер мен су айдындары жағалауларының әрбір 800 метрі жылдың кез келген уақытында кемінде екі автомобильдің бір мезгілде су алуын қамтамасыз ететін өрт сөндіру машиналарының кірме жолдарын көздейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымды орналастыру
2-параграф. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымды орналастыру
Тармақ 41
41. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жаңа ұйымдар азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарында, қалаға қызмет көрсету қажеттіліктеріне қажетті ұйымдарды қоспағанда апаттық су астында қалуы мүмкін аймақтарда орналастырылмайды.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған жаңа ұйымдардың топтарын азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекарасынан:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топтағы қалалардан 60 шақырым;
Тармақша 2
2) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан 40 шақырым арақашықтықта орналасқан экономикалық перспективасы бар шағын және орташа қалаларда, ауылдық елді мекендерде орналастырылады.
Тармақ 42
42. Жаңа порттар мен кеме жөндеу зауыттарын салу азаматтық қорғаныс бойынша қираулар болуы ықтимал топтарға жатқызылған қалалардан және санаттарға жатқызылған ұйымдардан тыс, су астында болатын ядролық жарылыстардың гравитациялық толқындарының ең төменгі әсерін есепке ала отырып, апатты су басуы ықтимал аймақтан тыс жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Азаматтық авиацияның жаңа әуежайларын, есептеу орталықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендері мен фермаларды, құс фабрикаларын жобалау кезінде оларды қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы ықтимал аймақтарынан тыс жерлерге орналастыру көзделеді.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік материалдық резервтер базалары, республикалық және облыстық маңызы бар қоймалар, министрліктер мен ведомстволардың аймақтық материалдық-техникалық жабдықтау базалары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен жабдықтар қоймалары қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырылады.
Тармақ 45
45. Медициналық және әлеуметтік маңызы бар объектілер олар үшін жыл бойы жұмыс істейтін күрделі қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда ыңғайластырылған қауіпсіз аймақта орналасады.
Тармақ 46
46. Күштi әсер ететiн улы, жарылғыш, тез тұтанатын, жанғыш заттарды және материалдарды сақтауға арналған базалық қоймаларды көрсетілген қоймаларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес қала және ауылдық елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерден алыстатып, қала сыртындағы аймақта орналастыруды көздеу қажет.
Тарау 4. 4-тарау. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардағы және инженерлік жүйелерде азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
4-тарау. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардағы және инженерлік жүйелерде азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 47
47. Қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналастырылатын, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың өндірістік ғимараттарын жобалау кезінде жеңіл қоршау конструкцияларын, олардың технологиялық жабдықтарын қолданған жөн, ол пайдалану шарттарымен рұқсат етілген жағдайда ашық алаңдарда орналастырылады.
Тармақ 48
48. Күштi әсер ететiн улы, жарылғыш заттар мен материалдар шығаратын немесе пайдаланатын ұйымдарда сыйымдылықтар мен коммуникацияларды соққы толқынымен қираудан қорғауды көздеу қажет. Осы ұйымдарда авария болған жағдайларда объектіде жұмыс істейтін персоналды, ықтимал қауіпті химиялық зақымдану аймақтарында тұрып жатқан халықты құлақтандыру жүйесі болуы қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Сумен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
2-параграф. Сумен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 49
49. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды немесе құрамында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдары бар қалаларды жаңадан жобаланатын және реконструкцияланатын сумен жабдықтау жүйелері кемінде екі тәуелсіз су көзінен жабдықталады, оның біреуінің жер астында болуы көзделеді.
Сумен жабдықтау жүйесін екі тәуелсіз көзден сумен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда бірі күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасатын бас құрылыстардың екі тобы орнатылған бір көзден сумен жабдықтауға жол беріледі.
Тармақ 50
50. Бас құрылыстардың жиынтықтағы қуаты бейбіт уақыттағы нормалар бойынша есептеледі. Бас құрылыстардың бір тобы істен шыққан жағдайда қалған құрылыстардың қуатымен авариялық режим бойынша су беру қамтамасыз етіледі.
Барлық бас құрылыстар істен шыққанда немесе сумен жабдықтау көзі зақымданған жағдайда халықты ауызсумен кепілді қамтамасыз ету үшін ауызсудың запасын құру мақсатында резервуарлар көзделеді.
Ауызсудың резервуарлары ауаны радиоактивті заттардан және улы заттардан тазалау үшін сүзгіш-сіңіргішпен жабдықталады, күшті қираулар болуы мүмкін аймақтар шегінен тыс орналасады.
Орталықтандырылған электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда қауіпсіз аймақта сумен жабдықтаудың қорғалған объектілерінің жиынтық жобалық өнімділігі халықтың, оның ішінде эвакуацияланғандардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдарының ауызсу қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті түрде көзделеді.
Тармақ 51
51. Халықты және ауыл шаруашылығы малдарын сумен жабдықтау үшін қолданыстағы және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алуға арналған басқа да құрылыстар оларға радиоактивті жауын-шашындардың, улы заттардың және биологиялық зақымдау құралдарының түсуінен қорғалады.
Тармақ 3. 3-параграф. Газбен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
3-параграф. Газбен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 52
52. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жаңаларын жобалау және қолданыстағы газ желілерін реконструкциялау кезінде соққы толқынның қысымынан (серпінінен) іске қосылатын сөндіру құрылғыларының көмегімен қалаларды тұтастай, сондай-ақ қалалардың жекелеген аудандарын (учаскелерін) ажырату мүмкіндігі көзделеді.
Тармақ 53
53. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда газ үлестіру станциялары мен газ үлестіру пункттерінің жерасты бөлігі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың газ үлестіру пункттері оларға сөндіру құрылғысын орната отырып, жерасты айналма газ құбырларымен жабдықталады.
Жерасты байпастары газ бөлу станцияларының немесе газ бөлу пункттерінің жерүсті бөлігі істен шыққан кезде газбен жабдықтау жүйесіне газ беруді қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Электрмен жабдықтаудағы және гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
5-тарау. Электрмен жабдықтаудағы және гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 1. 1-параграф. Электрмен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1-параграф. Электрмен жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 54
54. Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы жағдайларда энергетикалық құрылыстар мен электр желілерін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды және санаттарға жатқызылған ұйымдарды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді есепке алып жобалайды.
Энергия жүйелерінің электр желілері схемасы қажет болған жағдайда энергия жүйесін тәуелсіз теңгерімделіп жұмыс істейтін бөліктерге автоматты бөлу мүмкіндігін көздейді.
Тармақ 55
55. Энергетикалық жүйелерді жобалау кезінде, олардың бірлестіктерін электр станцияларын азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, санаттарға жатқызылған ұйымдардың қираулар болуы ықтимал аймақтарынан тыс және ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс орналастырады.
Тармақ 56
56. Энергия жүйелерінің және олардың бірлестіктерінің азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, санаттарға жатқызылған ұйымдардың қираулар болуы ықтимал аймақтарынан және ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс жерлерде орналасатын қалалық және қала сыртында қосалқы командалық-диспетчерлік пункттері болуы тиіс. Осы пункттер қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарынан жұмысшы персоналды және жабдықты қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 57
57. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын жобалау кезінде олардың бір уақытта істен шығу мүмкіндігін болдырмау мақсатында бір бөлігі қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасатын тәуелсіз қоректендіру көзі топтарынан электрмен жабдықталуын көздейді.
Электрмен жабдықтау жүйелері қираған учаскелерді (аумақтарды) айналып өтіп, электр энергиясын транзитін қамтамасыз ету мүмкіндігін ескеруі қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
2-параграф. Гидротехникалық құрылыстардағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 58
58. Каскадта гидроторапты жобалау және салу кезінде жоғарыда орналасқан гидротораптардың қирауы салдарынан бұзып өту толқыны өткен кездегі күшті қысымға тұрақтылықты, сондай-ақ су қоймаларының алдын ала үдемелі іске қосылуын есепке ала отырып, осы құрылыстардың шебі арқылы көрсетілген толқынды жіберу жағдайын қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.
Қолданыстағы және жобаланатын гидротораптарда тиісті негіздеме болған кезде соғыс уақытында су қоймаларының алдын ала үдемелі іске қосылуын жүргізуді көздейді.
Тармақ 59
59. Гидроторапты жобалау кезінде құрылыстар қираған жағдайда толқынның бұзып өтуі және төменгі бьефте су басуы ықтимал аймақтар шегі параметрлерін айқындайды.
Тармақ 60
60. Гидротораптың күшті қысымды ұстайтын қақпағы бөгет бұзылған жағдайда күшті толқыннан төменгі бьефте аз мөлшердегі ықтимал қирау мен шығындарды есепке ала отырып таңдалады.
Тармақ 61
61. Қолданыстағы, жобаланатын және салынып жатқан су тораптарында су басу қауіптілігі туралы азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі бойынша кейіннен беру үшін республиканың (облыстардың) тиісті басқару пункттеріне қысым алды құрылыстары жарылған жағдайда олардың төменгі бьефтеріндегі су деңгейінің апатты көтерілуі туралы сигнал беруді қамтамасыз ететін аспаптар орнатылады.
Тарау 6. 6-тарау. Электр байланыстағы, радиохабар тарату мен телевизиядағы
6-тарау. Электр байланыстағы, радиохабар тарату мен телевизиядағы
Тармақ 62
62. Байланыстың магистральдық кәбілдік желілері күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс, ал байланыстың магистральдық радиорелелік желілері қираулар болуы ықтимал аймақтан тыс төселеді.
Апатты су басуы ықтимал аймаққа магистральдық кәбілдік желілердің мәжбүрлі түсуі жағдайларында талшықты-оптикалық және суасты кәбілдерін төсеу көзделеді.
Тармақ 63
63. Магистральдық бастапқы желілердің желілік тораптары мен қалаларалық желілердің автоматты коммутация тораптары қираулар болуы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы ықтимал, сондай-ақ қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтардан тыс және қауіпті химиялық зақымдануы ықтимал аймақтар шегінен тыс орналасады. Жекелеген жағдайларда бөлудің желілік тораптары үшін ғана ерекшелікке жол беріледі.
Желілік тораптар азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды айналып өтіп, транзиттік байланыс желілерін ұйымдастыруды, байланыстың телефондық-телеграфтық байланыс арналарын және деректерді беру желілерінің арналарын, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар байланысының тораптары мен желілік станцияларын қамтамасыз етеді.
Тармақ 64
64. Байланыстың бастапқы желісінің желілік тораптарының тарату сымдары, станциялық құрылыстары және оларға қызмет көрсететін персонал қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдаушы факторларынан қорғалады.
Байланыстың қорғалған тораптарының техникалық ғимараттары соққы толқынның шебіндегі артық қысым есебін есепке ала отырып әзірленеді.
Тармақ 65
65. Бір географиялық бағыттағы байланыстың магистралдық кәбілдік және радиорелелік желілер қираулар немесе апатты су басулар болуы ықтимал сол бір аймаққа келіп түспейтін тартылған трасса бойынша жобаланады.
Тармақ 66
66. Байланыстың магистральдық кәбілдік желілер трассасы бойынша байланыстың радиорелелік желілерін салуға олардың арасында ұйымдасатын арналар шоғын бөлу жағдайында жол беріледі, бұл ретте байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің желілік тораптары мен торапты радиорелелік станцияларды орнату резервтеудің жылжымалы құралдарын пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып көзделеді.
Тармақ 67
67. Желіні қайта құруда ең маңызды ақпарат берудің сенімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету үшін пайдалану процесінде нақты туындайтын жағдайды есепке ала отырып, ведомстволық желілердің басқару жүйелері жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерінің жедел-техникалық басқару жүйелерімен өзара іс-қимылы көзделеді.
Тармақ 68
68. Ведомстволық бастапқы желілерді жобалаған кезде байланыстың бірыңғай автоматтандырылған желісінің ведомстволық тораптары мен жақын орналасқан желілік тораптар арасындағы біріктіру желілерін ұйымдастыру жолымен жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерімен оларды үйлестіру көзделеді.
Тармақ 69
69. Желілік тораптарда жедел-техникалық басқару қызметінің жабдығы мен алаңдар резервін және қажет болған жағдайда Қарулы Күштер, басқа да әскерлер және әскери құрамалар объектілеріне байланыстың қосымша арналарын ұйымдастыру үшін электр қоректендіргіш қондырғы орнату мүмкіндігін көздейді.
Тармақ 70
70. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары құралдарын қоса алғанда, байланыстың жылжымалы құралдарын олардың аумағындағы тораптарға қосу мүмкіндігі үшін желілік кәбілдермен біріктірілген жылжымалы коммутациялық шкаф көзделеді.
Тармақ 71
71. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жаңа автоматты телефон станцияларын жобалау немесе жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде:
автоматты телефон станциясының әрбір ауданынан көрші аудандарға абоненттік сыйымдылықтың бір бөлігін беруді есептей отырып, шкафаралық байланыс кәбілдерін төсеу;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда азаматтық қорғаудың құлақтандыру құралдарын қашықтықтан басқару мүмкіндіктері болмаған кезде станцияларда жергілікті басқару мүмкіндіктерімен азаматтық қорғаудың құлақтандыру құралдарымен айналымдық шақыру мен қашықтан басқарудың арнайы аппаратурасын барлық түрдегі автоматты телефон станцияларында орнатуды көздеу қажет.
Тармақ 72
72. Қалаларда басқарудың қосалқы пункттерін жобалау кезінде оған байланыстың қорғалған тораптарын орнату көзделеді. Ұйымдардың басқару пункттерінен осы байланыс торабына дейін жерүсті коммутациялық қондырғыларын айналып өтіп, жерасты кәбілдік желілері төселеді.
Тармақ 73
73. Қалалық және ауылдық жерлерде радиохабар тарату желілері халықты құлақтандырудың дауыс зорайтқыш құралдарының есебі бойынша қажетті санымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Радиохабар таратудағы және телевизиядағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
2-параграф. Радиохабар таратудағы және телевизиядағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 74
74. Республикалық телерадиохабар тарату жұмыстарының тұрақтылығын арттыру үшін мыналарды:
Телерадиохабар таратудың ұлттық желісіне Алматы қаласынан және республиканың облыстық орталықтарынан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалдары мен «Қазтелерадио» АҚ өңірлік қабылдау-тарату спутниктік станцияларының аппараттық-студиялық блоктарын пайдалануды;
республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан және республиканың облыстық орталықтарынан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» агенттігі» АҚ жылжымалы телевизиялық станциялары мен мобильді репортажды телевизиялық станцияларды пайдалануды;
республикалық телерадиобағдарламалар сигналдарын берудің спутниктік арналарын резервтеуді қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ телерадиоарналарының облыстық радиотелевизиялық станцияларынан бастапқы бөлудің талшықтық-оптикалық желісіне дейін қосу желілерін ұйымдастыруды;
тарату бағдарламаларын спутниктік байланыс арналары байланыстың талшықты-оптикалық магистральды және жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша ғана беруді (бөлуді);
қираулар және апатты су басулар болуы ықтимал аймақтардан тыс орналасқан қосалқы пункттер объектілерінің құрамында жылжымалы телерадио тарату құралдарын қосу нүктесін құруды көздейді.
Тармақ 75
75. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті, сондай-ақ қалалық радиохабар тарату жұмысының тұрақтылығын:
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстардың, қалалардың басқару пункттерінің қорғалған жұмыс ғимараттарында радиохабар тарату кешендері мен коммутациялық-бөлу аппараттарын орналастыру;
хабар тарату бағдарламаларын тек қана кәбілді магистральды және жалпы пайдаланудағы телекоммуникация байланыс торабының аймақішілік желілері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылатын қалалардың кәбілді радиотарату желілер бойынша беру (бөлу);
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде радиотелеорталықтары мен байланыс кәсіпорындарының радиохабар тарататын сөйлеу студияларын пайдалану арқылы арттыруды қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 76
76. Телевизиялық хабар таратудың тұрақтылығын арттыру мақсатында Байланыстың талшықтық-оптикалық желілерінің қосылу нүктелері мен қираулар және апатты су басулар болуы ықтимал аймақтардан тыс спутниктік байланыстың қабылдау-тарату станцияларының жанында орналасқан телеорталықтардың қала сыртындағы өндірістік базаларын құрады.
Тарау 7. 7-тарау. Көліктегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
7-тарау. Көліктегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 1. 1-параграф. Теміржол көлігіндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1-параграф. Теміржол көлігіндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 77
77. Жаңа теміржол желілерін салуда және жұмыс істеп тұрған теміржол желілерін реконструкциялауда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда (немесе азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар болып табылатын) орналасқан тораптар мен станцияларды дамытуда жарамды учаскелер желілерінің өткізу қабілеттілігі жұмыс ауысымдарын тасу бойынша тасымалдау және халықты эвакуациялауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып анықталады. Қозғалыстың есептеу көлемі жобалауға арналған тапсырма арқылы белгіленеді.
Тармақ 78
78. Күшті қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және санаттарға жатқызылған ұйымдарда қайтадан жобаланатын жол өткелдерді мүмкіндігінше ыдыратып орналастыру көзделеді.
Тармақ 79
79. Қайтадан жобаланатын және реконструкцияланатын зарарсыздандыру-жуу және жуу-булау станциялары, вагондарды тасымалдауға дайындайтын пункттер, локомотив және вагон деполарының жуу қондырғылары, сондай-ақ айналма жолдары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар автокөлікті залалсыздандыруға бейімделеді.
Қауіпті химиялық зақымдалуы ықтимал аймақтар шегінде орналасқан магистральдық теміржол желілерінде, осы аймақтардың кіру және шығу жолдарында автокөлікті арнайы өңдеудің және халықты санитариялық тазалаудың жылжымалы пункттерін өрістету үшін қажетті алаңдар мен арнайы қондырғылардың болуы көзделеді.
Тармақ 80
80. Теміржол желілерін электрлендіру кезінде тепловоз шаруашылығын орналастыруды сақтауды, тепловоздар запастарына арналған тұрақ базаларын, сондай-ақ қажет болғанда тепловоздық тартымға ауысуды қамтамасыз ету мақсатында жанар-жағармай материалдарына арналған сыйымдылықтарды құруды көздейді.
Тармақ 81
81. Жаңадан салынып жатқан тартымды шағын станциялар күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар мен апатты су жайылулар болуы ықтимал аймақтар шегінен тыс орналасады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларымен жабдықталатын тартымды шағын станцияларда поездар қозғалысын және инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталығының қосалқы басқару пункттерімен байланысты қамтамасыз етіп, оларды жергілікті басқаруға ауыстыру мүмкіндігін көздейді.
Тармақ 82
82. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалаларда орналасқан (немесе азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар болып табылатын) теміржол тораптары мен станцияларының, сондай-ақ осы тораптар мен станцияларға жалғасатын теміржол желілерінің белгі беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыстыру қондырғыларының жаңаларын жобалау және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар шегінде осы қондырғылардың жерасты (суасты) қоректендірілуінің кәбілді жоғары вольтті желілерін салу көзделеді.
Тармақ 83
83. «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның поездар қозғалысын және инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталықтары ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан қосалқы басқару пункттерімен қамтамасыз етіледі.
«Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатқа жатқызылған филиалдары қызметкерлерінің жедел құрамы үшін, сондай-ақ, тұрақты орналастыру орындарында қалатын теміржол станцияларының кезекші персоналы үшін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары көзделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Метрополитендердегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
2-параграф. Метрополитендердегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 84
84. Жерасты желілерінің немесе метрополитен учаскелерінің жаңаларын жобалауда және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауда оларды бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты қорғауға арналған паналайтын жерлер ретінде ыңғайластыру көзделеді.
Тармақ 85
85. Метрополитенге паналайтын халықты станциялар платформаларында, тұйықтарда, желілер арасындағы жалғастырушы тармақшаларға және электр деполарының тармақтарына орналастыру көзделеді.
Өзен асты арналары мен су қоймаларында орналасқан метрополитен тоннелінің учаскелерінде, сондай-ақ жекелеген жағдайларда суға қаныққан орнықсыз жерлерге халықты паналату үшін орналастыруды көздемейді.
Тармақ 86
86. Метрополитендерде паналайтын халықтың есептік санын паналайтын бір адам орнының нормасы есебінен анықтайды.
Тармақ 87
87. Метрополитен станцияларындағы кіру жолдарының саны мен өткізу қабілеттілігі бейбіт уақытта күтілетін жолаушылар ағыны есебінен анықталады.
Екі аралықтағы қосымша кіру жолдары паналаушылар санының және олардың осы екі аралықты толтыру уақытының есебінен шығарылған тапсырмаларға сәйкес ескерілуі тиіс.
Метрополитеннің барлық кіру жолдары жасырынушылар ағынын реттейтін жергілікті және қашықтан басқару қондырғыларымен жабдықталады.
Тармақ 88
88. Екі-үш бөлікке осы мақсатқа метрополитендердің жер үстімен жалғасатын жерасты құрылыстарын бейімдей отырып, бір қорғалған эвакуациялық шығудың алдын ала ескерілгені жөн.
Тармақ 89
89. Паналайтын халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтаудың, ауамен жабдықтаудың, кәріз және су төгудің қорғалған жүйелері, сондай-ақ басқару, сигнализация, құлақтандыру байланысы және өртке қарсы жүйелер көзделеді. Азық-түлік, медициналық заттарды сақтау үшін, сондай-ақ паналайтын адамдарға медициналық қызмет көрсету үшін станцияларда және вестибюльдерде бейімделген жекелеген қызметтік үй-жайлардың болуы көзделеді.
Бейбіт уақытта пайдаланылатын метрополитендер құрылыстары мен қондырғылары паналайтын халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Автомобиль жолдарындағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
3-параграф. Автомобиль жолдарындағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 90
90. Халықаралық және Қазақстан Республикасы жалпы желісінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдары азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларды жобалық салу шекараларына дейінгі ара қашықтықты есепке ала отырып төселеді.
Көрсетілген жолдар азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар арқылы өтетін болса, айналма автомобиль жолдарын салу көзделеді.
90-1. Қирауы мүмкін аймақтардан және апатты су жайылуы мүмкін аймақтардан тыс жекелеген учаскелерде айналма автомобиль жолдарын салу кезінде оны әуеайлақтар үшін пайдалану мүмкіндігі көзделеді.
Тармақ 91
91. Автомобиль жолдарының желісі дамыған кезде қалалық магистральдардың қала сыртындағы магистральдық жолдармен түйісуі, сондай-ақ теміржол станцияларына және порттарға – эвакуацияланған халықтың қону (ұшу) пункттеріне автомобильдік айналма жолдарды салу көзделеді.
Тармақ 92
92. Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалаларда кеме жүзетін өзендер арқылы өтетін автожол және теміржол көпірлері бір мезгілде қирауын болдырмайтын қашықтықтарда орналастырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Магистральдық құбырларындағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
4-параграф. Магистральдық құбырларындағы азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 93
93. Жерүсті құбырларын төсеу кезінде магистральды құбырлардың трассаларын (газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын) қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс, ал оларды тереңдетіп орналастыру кезде күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардан тыс өткізілуін жоспарлау көзделеді.
Аз қираулар болуы ықтимал аймақтарда магистральдық құбырларды тек кедергілер арқылы ғана ашық (тереңдетілмеген) салуға болады.
Ғимараттар мен құрылыстардан қотарғыш сорғылық және компрессорлық станциялар құбырларының барынша аз алыстатылуын магистральдық құбырларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес алу керек.
Тармақ 5. 5-параграф. Теңіз және өзен көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
5-параграф. Теңіз және өзен көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 94
94. Теңіз және өзен көліктерінің жағалық объектілеріндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар:
күшті қираулар болуы ықтимал аймақтардағы қосалқы жүк алмасу пункттерінде, кеме электр станцияларынан жағалауға электр энергиясын беру есебінен, сумен, жанар-жағармаймен, теңіз және өзен көлігінің қосалқы бөлшектерімен және басқа да материалдармен тұрақты түрде жабдықтау;
теңіз көлігі объектілерін суасты ядролық жарылыстарының гравитациялық толқындарының әсерінен, ал өзен көлігі объектілерін су тораптарының қысымдық шебінің қирауы кезіндегі су қоймаларының үдемелі жұмыс істеу мүмкіндігін есепке ала отырып, алып толқын әсерінен қорғау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру көзделеді.
Тармақ 95
95. Қосалқы жүк алмастыру пункттері, қосалқы кеме жөндеу базалары, жабдықталмаған су жағаларындағы жүк операцияларын жүргізу үшін таңдалған жерлер теміржол немесе автожол желілерімен байланысады, азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдарын қабылдауға және беруге арналған, қайта тиеу және басқа жұмыстарға басшылық етуді жүзеге асыру, сондай-ақ кеменің қозғалысын басқару құралдармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 96
96. Разрядты жүктерді тиеу-түсіру айлақтары, вагондардың (цистерналардың) жиналуына (бос тұруына) арналған теміржол жолдары күшті әсер ететін улы заттар төгілген жағдайда су бүркеніштерін қою жүйесімен және су құйғышпен (газсыздандырғыш), сондай-ақ зақымдау аймақтарында жұмыс істейтін персонал мен тұратын халықты құлақтандырудың жергілікті жүйесімен жабдықталады.
Тармақ 97
97. Аялдау және бункерлік мұнай базаларын жобалау кезінде теміржол цистерналарынан сұйық отынды кемелерге айлақсыз құю, сондай-ақ танкерлерді қолдану көзделеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Әуе көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
6-параграф. Әуе көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
Тармақ 98
98. Соғыс уақытында азаматтық авиацияның тұрақты жұмыс істеуін арттыру мақсатында азаматтық авиация ұйымдары үшін шоғырландырылған әуеайлақтары көзделеді.
Тармақ 99
99. Шоғырландырылған әуеайлақтары ретінде барлық әуежайларды, сондай-ақ бейбіт уақытта әуеайлақтары ретінде пайдалану мүмкіндігі үшін арнайы дайындалатын, бірінші кезекте қираулар болуы ықтимал
аймақтар мен апаттық су басулар болуы ықтимал аймақтардағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін пайдалану және алдын ала толық жабдықтау көзделеді.
Тармақ 100
100. Жаңа әуежайларды жобалау кезінде, сондай-ақ қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан әуежайлардың қолданыстағы жанар-жағармай материалдарына арналған қоймаларын реконструкциялау кезінде жанар-жағармай материалдарына арналған жерасты сыйымдылықтарын салу көзделеді.
Тиісті негіздеме болған жағдайда жанар-жағармай материалдарын жер үстінде қоршалған сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат беріледі.
Тармақ 101
101. Қираулар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан әуежайлар орталықтандырылған электрмен жабдықтаудан басқа резервтік электр қоректендіргішпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 102
102. Соғыс уақытында әуе қозғалысын, өндірісті, азаматтық қорғанысты және азаматтық авиация әуежайы аумағындағы әуеайлақтары ауданындағы әуе қозғалыстарын басқару үшін басқаруды қорғау пункттері құрылады.
Тарау 8. 8-тарау. Ауыл шаруашылығы малдарын, ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімдерін қорғау
8-тарау. Ауыл шаруашылығы малдарын, ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімдерін қорғау
Тармақ 1. 1-параграф. Ауыл шаруашылығы малдарын қорғау
1-параграф. Ауыл шаруашылығы малдарын қорғау
Тармақ 103
103. Топтарға және ұйымдарға – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған қалалардың ықтимал қирау аймақтарынан тыс орналасқан аудандарда соғыс уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын радиоактивті, улы заттармен және патогенді биологиялық агенттермен ластанудан (ластанудан) қорғауды көздейді.
Тармақ 104
104. Жануарларды сумен қамтамасыз ету үшін фермалар мен кешендерде қорғалған су жинау ұңғымалар жабдықталады. Резервтік сумен жабдықтау ретінде қолданыстағы және жаңартылатын шахталық және құбырлы құдықтарды, сондай-ақ қорғалған резервуарларды пайдалану көзделеді.
Тармақ 105
105. Фермалар мен кешендердегі зақымданған (ластанған) жануарларға ветеринариялық тазарту жүргізу үшін арнайы алаңдардың жабдықталуы көзделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларын қорғау
2-параграф. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларын қорғау
Тармақ 106
106. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ базалар, тоңазытқыштар мен азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалардың жаңасын жобалау және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде осы өнімдерді радиоактивті заттардың аэрозольдері мен улы заттардан, биологиялық құралдардан зақымдалудан қорғау көзделеді.
Тармақ 107
107. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ оларды сақтауға арналған қоймалардың қоршалған құрылыс конструкциялары осы конструкцияларды герметикалау есебінен қамтамасыз етілетін радиоактивті және улы заттар, биологиялық құралдар аэрозольдерінен қажетті өткізбеушілікпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 9. 9-тарау. Қалалық, ауылдық елді мекендерді және шаруашылық жүргізуші
9-тарау. Қалалық, ауылдық елді мекендерді және шаруашылық жүргізуші
Тармақ 108
108. Жарықтық бүркемелеу тәуліктің қараңғы кезінде айқындауды қиындататын қалалық, ауылдық елді мекендер мен ұйымдарды әуеден визуальды немесе көрінетін аймаққа (0,40 – 0,76 мкм) есептелген оптикалық құралдар арқылы бақылау жолымен анықтауды қиындататын жағдайлар туғызу үшін жүргізіледі.
Тармақ 109
109. Қалалық, ауылдық елді мекендер және жарықпен бүркемелеу аймағына кіретін объектілерді жарықпен бүркемелеу екі режимде көзделеді: ішінара және толық қараңғылау.
Жарықпен бүркемелеу аймақтары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Азаматтық қорғаныс жоспарларында айқындалады.
Осы режимдерде жарық бүркемелеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін дайындық іс-шаралары алдын ала, бейбіт уақытта жүргізіледі.
Тармақ 110
110. Жартылай қараңғылау режимінде толық қараңғылау режиміне өтуге дайындықтың аяқталуы көзделеді. Жартылай қараңғылау шаруашылық жүргізуші объектілердің өндірістік қызметіне кедергі болмауы керек, жартылай қараңғылау режимі толық қараңғылау режимінің жұмыс уақытынан басқа, ол енгізілгеннен кейінгі уақытта тұрақты түрде жұмыс істейді.
Тармақ 111
111. Толық қараңғылау режимі «Әуе дабылы» сигналы бойынша енгізіледі және «Әуе дабылын тоқтат» сигналының жариялануымен тоқтатылады.
Тармақ 112
112. Қала көлігін, сондай-ақ оның қозғалысын реттеу құралдарын жартылай қараңғылау режимінде жарықтық бүркемелеуге болмайды.
Толық қараңғылау режимінде қалалық жерүсті көлігінің тоқтауы, оның жарықтандыру оттары, сондай-ақ қозғалысты реттеу құралдары ажыратылуы тиіс.
Тармақ 113
113. Теміржол, әуе, теңіз, автомобиль және өзен көліктерін жарықтық бүркемелеу қалалық, ауылдық елді мекендерді және объектілерді жарықтық бүркемелеуді жобалау нормаларының талаптарына, сондай-ақ көліктің тиісті түрлерінің жұмыс ерекшеліктерін есепке ала отырып, әзірленетін жарықтық бүркемелеу бойынша ведомстволық нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 10. 10-тарау. Адамдарды санитариялық тазалауға, киім және автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделген коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер
10-тарау. Адамдарды санитариялық тазалауға, киім және автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделген коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер
Тармақ 114
114. Жаңадан салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған қоғамдық моншалар, кір жуатын және химиялық тазалау кәсіпорындары, сондай-ақ автокөлік жуу бекеттері соғыс уақытында, сондай-ақ өндірістік аварияларда, апаттарда немесе дүлей зілзалаларда тиісінше адамдарды санитариялық тазалауға, киімді және автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделеді.
Тармақ 115
115. Мұндай объектілерге қажет болған жағдайда санитариялық және арнайы өңдеу жұмыстарын орындауға бейімдеу жобалары әзірленеді, ол екі кезеңнен тұрады:
жаңа объектілерді салу және жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау барысында алдын ала орындалуға жататын дайындық іс-шаралары, бұл кезеңде объектілерді 24 сағат ішінде, бірақ олардың бейбіт уақыт режиміндегі жұмысын қиындатпайтын адамдарды санитариялық және арнайы өңдеу режиміне көшуді қамтамасыз ететін аса қиын құрылыс-монтаждау жұмыстарын енгізген жөн;
соғыс уақытында жүзеге асырылатын адамдарды санитариялық және арнайы өңдеу режиміне объектілерді ауыстыру бойынша іс-шаралар. Осы кезеңге 1-кезеңде орындалуы мақсатқа сай келмеген іс-шаралар енгізіледі.
Тармақ 116
116. Адамдарды санитариялық тазалау режимінде монша немесе душтың өткізу шамасы, киімді арнайы тазалау режиміндегі кір жуу орны немесе химиялық тазарту кәсіпорнының өндірістік қуаты, сондай-ақ автокөлікті арнайы тазалау бойынша учаскенің өткізу қабілеті Адамдарды санитариялық тазалау, киімді және автокөлікті арнайы тазалауға арналған коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің жобалау нормасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Басқа 1.1. Күшті әсер ететін улы заттар мен қауіпті химиялық зақымдану аймағының аварияларында (қирауларында, өрттерінде) пайда болатын заттардың негізгі топтары
Азаматтық қорғаныстың
инженерлік-техникалық
іс-шараларының мазмұны
мен көлемі жөніндегі
нұсқаулығына қосымша
Күшті әсер ететін улы заттар мен қауіпті химиялық зақымдану аймағының аварияларында (қирауларында, өрттерінде) пайда болатын заттардың негізгі топтары
Топ
Сипаттама
Үлгілік өкілдері
1.
Қысымды (сығымдалған және сұйық газдар) сыйымдылықтарда сақталатын сұйық ұшып кететін күшті улы заттар.
Хлор, аммиак, күкіртті газ, күкіртті сутегі, фосген, бромметил, көміртегі тотығы.
2.
Қысымсыз сыйымдылықтарда сақталатын сұйық ұшып кететін күшті әсер ететін улы заттар.
Хош иісті нитро-, амин қосылысы, синиль қышқылы, акрил қышқылының нитрилі, тетраэтилқорғасын, хлорлы қоспа, дифосген, дихлорэтан, хлорпикрин.
3.
Түтінді қышқылдар.
Күкірт - тығыздығы 1,87 және одан артық, азот - тығыздығы 1,4 және одан артық, тұзды - тығыздығы 1,15 және одан артық, хлорсульфонды және балқымалы қышқылдар, күкірт, күкіртті және пирокүкірт қышқылдарының хлорангидридтері.
4.
Ұнтақты және күшті ұшпайтын күшті әсер ететін улы заттар және 40 С дейін сақталатын заттар.
Сулема, мырыш тәрізді (мырышты) ангидрид, сары фосфор, алкалоидтер, алдрин, дилдрин, кальций және натрий арсенаты, кальций арсениті.
5.
Ұнтақты және күшті ұшып кететін күшті әсер ететін улы заттар және 40 С дейін сақталатын заттар.
Синиль қышқылының тұздары, цианисті және оксицианисті сынап, цианисті мыс және басқа препараттар, этилмеркурфосфат, этилмеркурхлорид, меркуран.