Некоторые вопросы упразднения Комитета по исполнению судебных постановлений Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті атқару құжаттарын орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне тапсырыла отырып, таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.". 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 297-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.