О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 нөмірімен тіркелген): көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының 1 «Салықтық түсірімдер» санаттарын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.»;
Тармақша 2
2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 нөмірімен тіркелген): көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінің 1 «Салықтық түсірімдер» санатын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.